400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жұмыртқаны қысқа сақтаудың сыры"

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық мұғалімдерге қажет дүние, ғылыми жұмыс
Материалдың қысқаша нұсқасы







МАЗМҰНЫ

І. Кіріспе ...............................................................................................2

ІІ. Әдебиетке шолу...............................................................................3

2.1. Тауықтар туралы мағлұмат .......................................................3

2.2. Тауықтың түрлері (бройлер) .....................................................4

2.3. Плимутрок, Корнуэльские............................................................5

2.4. Московскии, Нью-гремпшир ,......................................................6

2.5. Леггорн, Род- айланд......................................................................7

2.6. Тауық еті және одан жасалатын тағамдар..............................8

ІІІ. Зерттеу қорытындысы..................................................................9

3.1. Жұмыртқа туралы мағлұмат ......................................................9

3.2. Жұмыртқадан жасалатын тағамдар .........................................10

3.3. Жұмыртқаның зияны..................................................................11

3.4. Жұмыртқаның пайдасы ..............................................................12

а)Құстың жұмыртқа өнімі.........................................................13,14

3.5. Жұмыртқалардағы калориялар мөлшері.................................15

3.6.Жұмыртқалар құрамының қоректік қасиеттері......................16

3.7. Жұмыртқалардың салауатты емдәмге әсері............................17


3.8. Көз ауруларынан қорғайтын жұмыртқа...................................18

3.9.Жұмыртқаны ұзақ сақтау жолдары.........................................19,20

3.10. Мені таңқалдырған жаңалықтар ..............................................21

ІV. Қорытынды.......................................................................................22

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................22




І. КІРІСПЕ


Зерттеу жұмысының өзектілігі: Жұмыртқаның тек қазақ елінде ғана емес , дүние жүзінде ролі ерекше.Жұмыртқа – дәмді де нәрлі тағам. Жұмыртқа «жеңіл тағам» ретінде әйгілі. Тек тағам ретінде ғана емес, сонымен қатар тауық жұмырқасының адам денсаулығына пайдасы өте зор. Осы мәліметтерді жинастыра жүріп, маған жұмыртқаны сақтау жолдары өте қызық көрінді. Сондықтан да мен жұмыртқаның басқа да жолдармен сақталуын зерттеуді өзіме өзекті мәселе етіп алдым.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Тауықтардың таралу аймақтары мен түрлерімен танысу. Тауықтан пайда болатын жұмыртқаның ролін анықтау. Қарап отыратын болсақ , жұмыртқаның қасиеті мен сақталу жолдары әлі де толық ашыла қоймаған сияқты. Біздің мақсатымыз: жұмыртқаны қысқа сақтаудың тиімді жолдарын жасап зерттеп, адамдарға көмектесу. Тұқымның пайдасы мен зиянын анықтап түбегейлі көз жеткізу. Ең бастысы оң әсерін ашып көрсету.

Зерттеу жұмысының жаңашылдығы: Біз бұл ғылыми жұмысты жасау барысында жұмыртқаның ұзақ сақталу жолдарын зерттей отырып, жаңашыл тәсілін ойластырдық. Оны іс жүзінде көріп , тиімді жағының басым екенін анықтадық.

Зерттеу жұмысының мерзімдік шеңбері: 2011 жылдың маусым айынан бастап зерттеу жүргізіліп келеді.

ІІ. Әдебиетке шолу

Тауықтар (англ. Hens)


2.1. Тауықтар туралы мағлұмат

Shape1 Тауықтар (англ. Hens) – тауықтәрізділер отрядына жататын құс, ауыл шаруашылық құстарының неғұрлым кең тараған түрі. Еті мен жұмыртқасын, қауырсыны мен мамығын алу үшін өсіріледі. Саңғырығы тыңайтқыш ретінде қолданылады. Олардың барлық тұқымдарының арғы тегі – бұдан 5 мың жыл бұрын Үндістанда қолға үйретілген жабайы банкив тауығы. Төбесінде теріден тұратын айдары, құлақ сырғалықтары, қоразының аяғында сырғалығы мен сүйір тепкісі болады. Қауырсындарының түсі әр түрлі. Көпшілік тұқымдарының артқы жіліншігі мен тұмсығы сары кейде қызғылт, қара болады. Тауықтардың денелері тығыз, табандары үнемі жер бетінде жүретіндіктен мықты, төрт саусақты, тырнақтары қатты жерлерді де қазуға бейімделген. Қаңқасы дала құстарымен салыстырғанда ауырлау. Қанаттары қысқа, ұша алмайтындықтан оларды өте сирек пайдаланады. Жұмыртқа салатын, балапандарын басып шығаратын қолайлы жерді өздері таңдап алады. Өнімділік бағытына қарай ет, ет-жұмыртқа, жұмыртқа бағытындағы тауықтар деп бөлінеді, сонымен қатар өндірістік мәні жоқ көркемдік және жауынгер тауықтар да өсіріледі. Жұмыртқалағыш тұқымы онша ірі емес, мекиені 1,7 – 2,2, қоразы 2,5 – 3 кг; етті-жұмыртқалағыш тұқымы сәйкесінше 2,3 – 2,8 және 3,4 – 3,8; етті тұқымы 3 – 3,5 және 3,8 – 4,5 кг салмақ тартады. Етті тұқымының балапандары (бройлер) тез өседі, олардың жұмыртқаны жарып шыққандағы салмағы 38 – 41 г. болса, 7 – 8 аптада 1,5 – 1,8 кг салмақ қосады. Тауықтар жыныстық жағынан ерте жетіледі (5 – 6 айда). Жұмыртқалағыш тұқымы басқа тұқымдарына қарағанда тез өседі. Жұмыртқалағыш тауықтар жылына орта есеппен 220 – 250 дана, ал етті тұқымдылары 110 – 220 дана жұмыртқа береді. Жыл сайын жұмыртқалау мерзімінің соңына қарай тауықтар түлей бастайды, ол өнімділік бағытына және күтіп-баптау жағдайына байланысты 2 – 3 аптадан 2 айға дейін созылуы мүмкін. Түлеу кезінде жұмыртқа салмайды. Жұмыртқалау мерзімінің басында жұмыртқаның салмағы 40 – 50 г, ал соңына қарай 57 – 65 г-ға дейін көтеріледі. 10 жылға дейін жұмыртқалай алады, екінші жылы ең көп жұмыртқа береді, содан кейін жылдан жылға жұмыртқа саны кемиді. Тауықтар өсіретін шаруашылықтарда өнімі мол тұқымдық тауықтарды 2 – 3 жыл ұстайды. Тұқымдық тауық үйірінің 55 – 60%-ы жас, 30 – 35%-ы – 2 жастағы, 10%-ы 3 жастағы тауықтар болады. 8 – 12 тауықтарға 1 қораз ұсталады. Тағамдық жұмыртқа алуда қораз ұстамаса да болады. Тауықтарды қолда өсіргенде қораны кең, жарық, су өтпейтін, жылы жерге салады. Қора ішінде Тауықтарды азықтандыратын науалар, суаратын астаулар, жұмыртқалайтын ұялар болады, оларды жуып, дезинфекциялап отырады. Қыста қалың төсеніш үстінде ұстайды. Тауықтар қорасының алдына үлкендеу ашық алаң қоршалады. Сонымен қатар тауықтарды құс фабрика калаларында, арнайы шаруашылықтарда өсіреді (қ. Құс өсіру). Тауықтарды азықтандыру ерекшеліктері тұқымына, өнімділік бағытына байланысты. Жемі – арнайы дайындалған құрама жем. Әсемдік, жауынгер Тауықтарды әуесқой құс өсірушілер әсем қауырсыны немесе дене құрылысы үшін, түрлі мақсаттар үшін (төбелестіру, т.б.) өсіреді. Әсемдік тауықтар өте кішкентай, ергежейлі, қауырсыны бұйра, жібектей жылтыр болады.



2.2.Тауықтың түрлері:



Бройлер (англ. Broiler , от broil – жарит на огне), етті тауық. Бройлердің еті диеталық ол 22,5 пайыз белок бар





Shape2



2.3. Плимутрок етті (англ. Plumouth Rock)––жұмыртқалы тауық. Олардың қоразы 3,8-4,0 ал мекиені 2,7-3,0 кг. Бір жылдық орта есеппен 160-180 немесе 200 жұмыртқа береді. Жұмыртқаның салмағы 56-60 г болады. Тауық көп елде таралған соның ішінде СНГ.



Shape3



Корнуэльские ( англ.Cornuels ) тауық салмағы 4,2-4,8 ал мекиені 3,0-3,5 кг. Жылдық жұмыртқасы 110-130 дана болса салмағы жұмыртқаның 58-60г болады.

Shape4



2.4. Московскии(англ. Moscow hens) тауықтың салмағы 3,0-3,5 болса ,ал мекиені 2,1-2,3 кг. Жылдық жұмыртқа саны 210-228 болса, жұмыртқа салмағы 55-57 г



Shape5

Нью-гремпшир (англ.New gempshir) тауық пародасы етті жұмыртқалы. Қоразы 3,5-3,8 болса, ал мекиені 2,5-2,8 кг. Жылдық жұмыртқа саны 190-200 болса, жұмыртқаның салмағы 58-59 г .



Shape6











2.5.Леггорн (англ. Leghorn) жұмыртқалы тауық. Салмағы 2,3-2,5 мекиені 1,6-1,8 кг . Жылдық жұмыртқа саны 240дана. Жұмыртқа салмағы 57-60г. Тауықтың бұл түрі көп таралған

Shape7








Род-айланд (англ. Rod ailand`s) қоразының салмағы 3,0-3,5 болса мекиені 2,3-2,5 кг. Жылдық жұмыртқасы 220 дана. Жұмыртқа салмағы 56-58 г.



Shape8





2.6. Тауық еті

Тауық етінің құрамында 7,5-13%-ға дейін май, 20—24%-ға дейін белок болады. Одан алуан түрлі сұйық және қою тағамдар пісіріп, салқындай және ыстықтай жеуге болады. Тауық етін әр түрлі салат жасауға да пайдаланады.

Тауықтың жасын терісінің түсіне және сирақтарының түріне қарай ажыратады. Жас тауықтың терісі, әдетте, ақшыл, жұмсақ келеді, майда тамыршалары (әсіресе қанатының астында) анық көрінеді, сирақтары майда қабыршақпен қапталған. Кәрі құстың терісі қалың, сарғыш түсті, сирақтарын қатты мүйізгек басқан. Қораздың жасын көлеміне қарай анықтайды: жас қоразда (6 айға дейін) жембасардың орнына шағын бүртік болады, ал ересегінде ірі, сүйекті келеді. Сорпа әзірлеуге тым кәрісінен гөрі екі-үш жасар тауықтың еті қолайлы, өйткені балапан мен кәрі тауықтың сорпасы сұйық, әрі дәмсіз келеді. Егер ет тым майлы болса, оны сыдырып алып, паштетке, құс етін қуыруға т. б. пайдаланған жөн. Көбінесе құрсақ астындағы майын алады.

Қуыруға онша семіз емес тауық пен қораз етін пайдалануға болады. Құстың етін майдалап турап, котлет, тефтели, биточки секілді тағамдарға жаратқан тиімдірек. Салқын тағамға (майонез қосылған тауық еті т. б.), салат жасауға кез келген тауық еті (арығы да, семізі де) жарайды. Тауық етін алғашқы баптау туралы Үй цустары (еті) мақаласынан оқуға болады.



Shape9



ІІІ. Зерттеу қорытындысы

Shape10

    1. Жұмыртқа(англ. egg)

Жұмыртқа – дәмді де нәрлі тағам. Қабығы аршылған жұмыртқаның орташа химиялық құрамы : 73,6 пайыз судан , 12,8 пайыз белоктан , майлардан , углевоттардан , минералды заттардан (кальци, фосфор т.б.) тұрады. Сонымен бірге жұмыртқаның құрамында тіршілік үшін маңызы зор амин қышқылдарының бүкіл жиынтығы бар. Жұмыртқаның неғұрлым құнды бөлігі- сары уызы. Ол майлар мен белоктарға , углевоттар мен минералды заттарға ғана емес, сонымен бірге витаминдерге (А, В, Д, Е т.б.) де бай. Сары уыздың түсі сарғыш түстен қызғылт -сары түске дейін құстың жеген жемісіне , сондай-ақ тауықтың жұмыртқа салу маусымына байланысты өзгеріп отырады. Жұмыртқа диеталық тағамға жатады. Оның сары уызы қатты етіп қабығымен пісірілсе жақсы қорытылып жеңіл сіңеді. Ал, шикі болса белок нашар қорытылады да организмге сіңуі қиындайды. Пісірілген жұмыртқа белогының сіңімділігі едәуір артады . Сол себептен сырқат әрі әлсіз адамдарға шикі жұмыртқа беруге болмайды. Жұмыртқа дұрыс сақталмаса қабығындағы саңылаулардан ауамен бірге микробтар еніп , оны тез бұзады. Дұрыс сақталмаса белогы сұйылады да, сары уызы қалқып , қатты қабыршығының ішкі жағына жабысып қалады. Сөйтіп жұмыртқа өңезденіп шіриді. Бұзылған жұмыртқаның сары уызының бетінде сақина тәрізді дөнгеленген қан тамырлары пайда болады. Мұндай жұмыртқаны пайдалануға болмайды.

Жұмырқаны жарамды не жарамсыз екенін білу үшін оны жоғары жағынан алақанмен жауып тұрып , жанып тұрған шамға тақау керек. Сонда ескі жұмыртқа күңгірт тартып тұрады. Ал бұзылған жұмыртқадан мүлде жарық өтпейді.

Жұмыртқаны қайнатып пісіргенде жарылып кетпеуі үшін салқын суға салып, баяу жанған отқа қою керек. Қабығы жарылған жұмыртқаны да пісіруге болады. Бір-ақ ол ағып кетпес үшін суға тұз салып немесе жарылған жеріне лимон шырынын жағады. Жұмыртқаны суға қатты қайнатып пісіргенде белог қатайып, сары уыз сұйылады, отын баяулатып, бабымен пісіргенде керісінше болады. Жұмыртқаны ұзақ қайнатқанда оның витаминдік құндылығы төмендейді. Қабығы тез жақсы аршылу үшін піскен бойында салқын суға салу керек. Жұмыртқаны фосфор немесе шыны ыдысқа салып көпіршітеді. Белокты тез және оңай көпіршіту үшін салқындатылады немесе бірнеше тамшы лимон шы рының (лимон қышқылы) қосады. Сары уызды жылы күйінде көпіршітеді. Жұмыртқа салқын болса белок пен сары уыз оңай бөлінеді. Ол үшін жұмыртқаның қабығын екі жақ ұшынан инемен теседі. Сары уыз жұмыртқаның өз қабығында жақсы сақталады. Ал оны шыңы немесе басқа ыдыстарға салып сақтау керек болса, оған аздап өсімдік майын қосады.


3.2. Жұмыртқа тағамдары

Жұмыртқа тағамдары - дайындалу технологиясы жеңіл әрі қарапайым тағамдар тобына жататын тағам. Жұмыртқа тағамдарына — пісірілген, қуырылған, дәмдік қоспалар салынып бұлғанған жұмыртқалар, омлеттер, бисквиттер жатады. Сондай-ақ олар түрлі тағамдар әзірлеуге , қамырдан дайындалатын тағамдарға салуға , тағамдарды әсемдеуге пайдаланады.


«Сүйінші» салаты

350 грамм тауық еті, 3 қияр, 4 жұмыртқа, 100 грамм ірімшік, 200 грамм жүгері, 250 грамм майонез

Тауық етін, жұмыртқаны алдын ала пісіреді. Етті, қияр мен жұмыртқаны турайды, ал ірімшікті үккіштен өткізеді. Осы азықтарға жүгерінің суынан сорғытып қосады да , майонезбен арластырады. Салатты аскөкпен безендіреді.


Фаршталған жұмыртқа

Қатты етіп пісірілген жұмыртқаны ұзынынан немесе көлденеңінен тіледі. Сары уызын бөлек алады. Содан кейін фарш дайындалады. Ол-«үшін майшабақтарды сүйегінен тазартыл, ет тартқыштан өткізеді. Алынған қоспаға үгітілген сары уыз және аздап сары май қосады. Сары уызы алынған белоктың арасын қоспамен толтырады. Майшабақтардың орнына ұсақтал туралған треска бауырын, көк жуаны, «Океан» пастасын пайдалануға болады. Неаполитанша пісірілген жұмыртқа. Күрішті іріктеп алып жуады. Содан соң тұзды ыстық суға салып, 20 минут қайнатады. Жұмыртқаны қатты етіп пісіріп, қабығын аршиды да ұзыншалап кеседі. Асылған күрішті елекке салып, үгілген ірімшікпен араластырады. Содан кейін май жағылған шағын қаңылтыр табаға салып, оған бір кесек сары май және қатты етіп пі сірі лген жарты жұмыртқа қосады. Жұмыртқаны тұздай, бұрыштайды, майдалан туралған петрушкамен әсемдейді. Қатты қызған духовкаға қойып, 15 минут пісіреді. Дастарқанға табасымен қояды. 6 жұмыртқаға: 6 ас қасық күріш, 11/2 стақан су, 80 г ірімшік, 2 ас қасық сары май керек.Сүзбе, ірімшікпен қосып пісірілген жұмыртқа. Қайнап жатқан тұзды суға 2—3 ас қасық сірке суын құйып, жұмыртқаны жарып салады да, баяу жанған отқа қойып, белогі қат айып піскенше қайнатады. Табаға немесе шағын қаңылтыр табаға сүзбе мен ақ ірімшікті. үгіп салады. Үстіне жұмыртқа қойып бетіне сары май құяды да, 15—20 минут духовкаға қойып пісіреді. Дастарқанға салатпен қосып қояды.


Көкөніс және ветчина қосып пісірілген жұмыртқа

Ветчинаны ұсақтал турайды. Майдалан тұралған кескіш. Пияз қосып, қуырады. Ұнтақталған тәтті қызыл бұрыш, төртке бөлінген помидор, бір шөкім құмшекер қосады. Шамамен 15 минуттай соң үстіне сорпа құнды. Оған асбұршақ, ортасынан қақ бөлінген бұршаққынды бадана, қабығы аршылып, үшбұрыштап туралған картоп, ұсақтап туралған ащы бұрыш қосады.Көкөністі жарты сағат қайнатады. Содан кейін тұздан, бұрыштайды да шағын жұқа табаға салады. Бетіне араларын қашығырақ етіп жұмыртқа жарып қуады. Араларына жартылай ысталған колбаса салады да духовкаға қойып 10 минут пісіреді. 150 г ветчинаға: 1 пияз, 1/2 шай қасық ұнтақталған тәтті қызыл бұрыш, 3 түйір помидор, 1 стақан сорпа, 1 /2 стакан асбұршақ, 1 стакан бұршаққынды бадана, 2 түйір картоп, ащы бұрыштық 3 қыпы, 5 жұмыртқа, 150 г шел май керек.

3.3. Жұмыртқаның зияны

Бірақ жұмыртқаны күнделікті жеудің зияны да бар. Артық салмағы бар адамдардың организміндегі зат алмасу процесінің түзелуін тежейді















3.4. Жұмыртқаның пайдасы


Shape11

Жұмыртқаның адам ағзасына берер пайдасы мол екенін бұрыннан-ақ белгілі. Оны пайдалану Ежелгі Үнді жерінде бастау алған деген дерек бар. Ертеде қыз-келіншектер әжімнің көзін жою үшін немесе шаштары қатты болу үшін жұмыртқаны пайдаланған. Ал ер азаматтар жорыққа не шайқасқа шықпас бұрын, жұмыртқамен ауқаттанған. Сондай-ақ, өз жарақаттарын жұмыртқа басу арқылы жазған екен.

Жұмыртқаны қайнатып я қуырып жеу арқылы асқазанды ғана емес, бар ағзаны пайдалы элементтер мен дәрумендермен толтыруға болады. Құрамындағы аққуыз, йод, фосфор, селен т.с.с. элементтер созылмалы аурулардың алдын алады. Сондай-ақ, оның құрамында А, В, Д, Е дәрумендерінен бастап, бас-аяғы 13 дәрумен кездеседі.

Жұмыртқада калорий аз. Бір жұмыртқаның құрамында орта есеппен 76 калорий ғана бар. Ал майлылығы небәрі 10%. Жұмыртқа ағзадағы холестерин мөлшерін төмендетіп, жүрек, жүйке және онкологиялық аурулардың пайда болуына жол бермейді.

Көптеген диеталардың мәзірінде жұмыртқа кездесіп жатады. Себебі, оның арқасында артық салмақтан арылуға және салмақты бір қалыпты ұстауға болады. Тырнақ, шаш өсімі мен көздің көруін жақсартамын, тістерім маржандай таза, сүйектерім мықты болсын десеңіз, ас мәзіріңізге жұмыртқаны қосыңыз. Жұмыртқа ағзаны түрлі инфекциялардан қорғап, иммунитетті күшейтеді.

Жұмыртқа бет күтіміне де пайдалы. Бір жұмыртқа мен бір ас қасық балдыараластырып, бетіңізге жағып, 15-20 минут жатып демалыңыз. Кейін жылы сумен шайып жіберіңіз. Бетіңіздің тазарып, нәрленіп, терінің тартылғанын аңғаруға болады. Жұмыртқаның сарысын шашыңызға жағып, 1-1,5 сағаттан кейін жылы сумен жуып жіберіңіз. Бұл ем шашыңыздың жылтыр болып, алдағы күндері ұштанбауына жол ашады.

Көзіңізге сүйел шыққан кезде, қайнаған жұмыртқаны ыстық күйінде басыңыз. Сондай-ақ, қатты тамақ ауырған кезде қайнаған жұмыртқаны жылы күйінде мойныңызға қойып, қайта-қайта домалатыңыз.

Пісірген бәлішім тәтті болсын десеңіз, қамырға жұмыртқа қосуды ұмытпаңыз. Сондай-ақ, бәліш алтындай жарқырап тұру үшін оны пешке салмас бұрын үстін жұмыртқаның сарысымен бір майлап шығыңыз.

Жұмыртқа таңдаған кезде оның сыртқы қабығына мән беріңіз. Егер де қабықшасы кедір-бұдыр, түсі өзгешелеу болса оны алмаған жөн. Мұндай жұмыртқаның мерзімі өтіп кеткен.


а) Құстың жұмыртқа өнімі

Жұмыртқаның қоректік қасиеті мол, өте сіңімді диеталық өнім болып есептелінеді. Адам тағам ретінде негізінен тауықтың жұмыртқасын пайдаланады. Оның құрамында 13% белок, 12%  май және тағы басқа углеводтар, минералдық заттар, витаминдер (А, Д, В, Е)  бар.

Құстың жұмыртқа өнімін беру уақыты олардың аналық бездерінің дамып, жетілу дәрежесіне байланысты болады. Сонымен құстың алғашқы жұмыртқа салуы оның жыныстық жетілгенін көрсетеді. Алғашқы жұмыртқаны тауықтар 120-180, үйрек пен қаз 250-300, күркетауық 200-250 күндігінде сала бастайды. Бір жылда беретін жұмыртқалар саны және орташа салмағы ­ жұмыртқа өнімінің негізгі көрсеткіштері болып есептелінеді. Әдетте, тауықтар өмірінің екінші жылында ең көп жұмыртқа береді. Ал жылына орта есеппен тауық  220-230 жұмыртқа бере алады, әр жұмыртқаның салмағы 55-65 г; үйрек 100-120 (әрқайсысының салмағы 90-100 г) жұмыртқа, қаз 25-30 (әрқайсысының салмағы 110-200 г) жұмыртқа, күркетауық  70-80 (әрқайсысының салмағы 85-110 г) жұмыртқа береді. Тауықтың және күркетауықтың ұрғашысын ­ мекин, еркегін ­ қораз; үйректікін ­ мекин, кежек; қаздікін ­ ана және ата-қаз деп атайды.

Құс ас қорыту және зат алмасу ерекшеліктеріне сәйкес азықтандырылады. Жем құстың ас қорыту жолынан тез өтіп, зат алмасуы жедел жүреді, сондықтан құс құнарлы, энергия мен қоректік, минералдық және биологиялық пәрменді заттарға бай рационмен азықтандырылады. Құс өнімділігіне, әсіресе азық энергиясы күшті ықпалын тигізеді.Жалпы өнімділігінің 40-50%-ті азықтың энергиясына тәуелді, сонымен қатар азықтың желінуі де энергия деңгейімен шектеледі. Сондықтан азықтың энергетикалық деңгейі жалпы қоректілігін сипаттаумен қатар, бүкіл азықтандыру барысын нормалық жүйеге келтіретін құрал ретінде де қаралуы керек.

Құс өнімділігіне энергиядан кейін күшті ықпал ететін екінші көрсеткіш ­ азықтың протені (жалпы өнімділігінің 20-25%-ті соған тәуелді). Оның энергиясымен ара қатынасы 1 кг азытағы 1%-ті протеин үлесіне тиетін алмасу энергиясымен есептелінеді, бұны энергиялық протеиндік қатынас (ЭПҚ)  деп атайды. Бұл ара қатынас бұзылып, протеин жетіспесе, ақ зат түзілу барысы қамтамасыз етілмейді де, құстың өсімталдығы менөнімділігі төмендейді; ал керісінше, егер протеин шектен тыс көп болса, ол тиімсіз энергетикалық мақсатқа жұмсалады. Протеиннің аминқышқылдық құрамы құс азығының витаминдік (әсіресе В-тобы витаминдері бойынша) қоректілігіне де ықпал етеді.

Толықтырылған құрама жем жұмыртқа өндіру бағытында өсірілетін жұмыртқалағыш мекиенге тәулігіне 120 г, өндіруі үшін өсірілетін мекиенге  ­ 155 г, қоразға ­ 160 г, күркетауық мекиеніне  ­ 260 г, қоразына ­ 500 г, үйрекке ­ 240 г, қазға ­ 330 г мөлшерімен азықтандырылады.

Құсқа арналған толық рационды құрастырылған жемнің 60-75%-ті астық және бұршақ тұқымдастар дәнінен, 0-7%-ті бидай кебегінен, 5-25%-ті шроттан, 4-6%-ті жануартектес азықтардан, 3-5%-ті азықтық ашытқыдан, 3-10%-ті шөп ұнынан, 1-5%-ті минералды қоспалардан, 0-3%-ті азықтық майдан құрастырылады. Құрастырылған жемге амин қышқылдарымен қатар микроэлементтер (Әр тоннасына 50 г марганец, 50 г мырыш, 10 г темір, 2,5 г мыс, 1 г кобальт, 0,7 г йод қосылады.

Ал егер минералды заттар жеткіліксіз болса, құстың өсу процесі баяулайды, жұмыртқасының қабы өте жұқа болады немесе мүлде қабығы болмайды.

Жұмыртқаның товарлық сапасын айыру үшін оның салғанын, салмағанын, сақтау әдісін білу қажет. ГОСТ 1635-55 бойынша жұмыртқаны үш түрге бөледі: диеталық, мұздатқыштық, жаңа табылған жұмыртқа.

Диеталық жұмыртқаның салмағы 40-54 г, қоймада 5 тәуліктен артық сақталмайды, сапасы жақсы, қабығы таза, мықты, ауалық орыны 4 мм-ден аспайды, қозғалмаған сары уызды және жарық өткізетін ақ уыз болуы қажет.

Мұздатқышта бір айдан астам 1-2о температурада, салыстырмалы ылғалдығы 85-88%-те сақталған жұмыртқа жатады.

Жаңа табылған жұмыртқа ауалық орыны 7 мм-ге дейін, сары уызы ортасында, ақ уызы жарық өткізеді, жұмыртқа салмағы 47 г болады. Бұндай көрсеткіштерге сәйкес келмеген жұмыртқаларды стандартсыз деп атайды.

Жұмыртқаны микроорганизмнен сақтау қажет, ол үшін қораны, ұяны,төсеніштерін таза ұстаудың гигиеналық маңызы зор. Жұмыртқа салқындағаннан кейін ауа камерасына сырттан ауа кіреді және сонымен бірге микроорганизмдер кіреді. Жұмыртқаларды 3 аптаға дейін, ал тоңазытқышқа салынса, 3-4 айға дейін сақтауға болады. Жұмыртқаларды тоңазытып сақтауға мүмкіндік жоқ кезде ларды түрлі ерітінділерде сақтауға болады.Ол үшін тұзды су дайындауға болады: 10 л суға 50 г ас тұзын ерітеді, оған 100 жұмыртқа 3-4 ай сақтауға болады. Жұмыртқа қабығын  жануар майымен, вазелинмен майлап, 6-8 ай сақтауға болады, ол үшін жұмыртқаны 120о –қа дейін ысытқан майға 5 секундке малып алады.

Құсты етке сойғанда, қанын ағызып, қауырсынын жұлады. Қауырсын түбірін жұмсарту үшін тауық пен күркетауық ұшасын ыстық 51-55о С суға 1-2 минутқа, үйректер ұшасын 3-4 минутқа, қаз ұшасын 5 минутқа батырып алады. Қаз бен үйректер қауырсынын 2-3 сағат салқындатып барып жұлған жеңіл.









3.5. Жұмыртқалардағы калориялар мөлшері



Shape12
Жұмыртқалар, ең біріншіден, ағзамен оңай сіңірілетін
 бұршаққынды өсімдіктер секілді толыққанды ағуыздың көзі болып табылады. Сонымен бірге олардың нәрлілігі төмен. Саруызда ағуыз көбірек және жеңіл сіңімді.

Жұмыртқалар нәрлілігінің кестесі

Өнімдер

Сан

Энергетикалық құндылығы (ккал)

Ағуыздар (г)

Майлар (г)

Көмірсулар (г)

"Глазунья" жұмыртқасы

100 г

168

9,9

14,2

0,6

Бөдене жұмыртқалары

100 г

180

11,9

13,1

0,6

Жұмсарып пісірілген жұмыртқа

100 г

159

12,8

11,6

0,8

Жұмыртқа ұнтағы

100 г

542

44,0

42,4

1,8

Жұмыртқаның ағы

100 г

49

10,9

0,2

0,7

Жұмыртқаның сарысы

100 г

314

15,5

28,2

0,3

Қатып пісірілген жұмыртқа

100 г

160

12,9

11,6

0,8

Қуырылған жұмыртқа

100 г

119

9,8

8,7

0,5

Құрғақ жұмыртқаның ағы

100 г

375

82,4

1,8

7,2

Құрғақ жұмыртқаның сарысы

100 г

613

51,1

52,2

4,7

Тұтас тауық жұмыртқасы

100 г

139

12,5

9,7

0,6




3.6. Жұмыртқалар құрамының қоректік қасиеттері

Сонымен қатар, жұмыртқалар А, E, D және K, сонымен бірге B2 және B12, пантотен қышқылының және минералды құрамдас бөліктердің: фосфордың, калийдің, кальцийдің, темірдің, магнийдің бай көзі болып табылады. Олардың құрамында майдың пайдалы құрамдас бөліктері бар. Бір жұмыртқа құрамындағы 5 г майда тек 0,1 г «зиянды» қаныққан май қышқылы бар, оның есесіне онда мол мөлшерде ағза үшін қажет қанықпаған май қышқылдары бар.

Бөдене жұмыртқалары тауық жұмыртқаларынан үш есе кіші. Олардың қабығының түсі сарғыштау және қаралау секпілі бар. Қатып піскен (шамамен 3 минут) жұмыртқалар асарлықтар дайындау үшін қолданылады. Олардың құрамында тауық жұмыртқаларындағы мөлшерге теңбе-тең нәрлілік, ағуыз және холестерин бар, бірақ май көбірек. A, D дәруменінің, фолий қышқылының, мырыштың, темірдің өте жақсы көзі болып табылады, калиймен, B12 және B6 дәрумендерімен қоректендіреді.


Жұмыртқа (англ. egg)

    Shape13 Жұмыртқа – витаминдермен минералдарға өте бай азықтардың бірі. Құрамында Е, К, РР, В1, В6, В12 сияқты әртүрлі витаминдер мен фосфор, ферум және кальций сияқты бірқатар минералдары бар. Протеинге өте бай. Ағзаның минералдарға және витаминге деген қажеттілігін қамтамасыз етеді, фосфор арқылы күш-қуат береді. Балалардың өсуін және жетілуін жеңілдетеді. Қан көбейтеді, миды сергітеді. Бір жұмыртқа, бүкіл азықтардың беретін витаминдері мен минералдарын береді. Европалық емшілер, әлсіреген корольдеріне қайта қуаттануы үшін көп-көп жұмыртқа беретін. 60 граммдық бір жұмыртқа 60 кг бір адамның 24 сағаттық азық қажеттілігін қамтамасыз етуге жеткілікті. Балғын жұмыртқа қаншалықты пайдалы болса, тұрып қалғаны да соншалықты зиянды болады. Жұмыртқаның балғын немесе балғын еместігін былай біле аламыз: 
       1) Жұмыртқаның ұшында ауа бөлімі деген бір ойық бар. Жұмыртқаны күнге қаратқан кезде ойық үлкен болса тұрып қалған, кішкентай болса балғын болғаны.
 
      2) Жұмыртқаны іші тұзды суға толы бір ыдысқа салған кезде егер ыдыстың түбіне түсетін болса өте балғын болғаны. Судың орталарына келсе онша ескі емес. Егер судың бетінде тұрса, ол жұмыртқа тұрып қалған.   


3.7. Жұмыртқалардың салауатты емдәмге әсері


Жұмыртқалардың құрамында жадының жақсаруына әсер ететін және жүйке жүйесінің ауруларының алдын алатын полиқанықпаған май қышқылдары бар. Саруызда қауіпті ультракүлгін сәулеленуден (UVA и UVB) көздерді қорғайтын, сары дақтың азғындануының алдын алатын және көздің көру қабілетін жақсартатын лютеин бар. Өкінішке орай, саруыз сонымен бірге нағыз холестерин бомбасы болып табылады. Бірақ, екінші жағынан ол қан тамырларының қабырғаларына шөгінділердің шөгуінің алдын алатын лецитинмен ағзаны қоректендіреді. Әртүрлі тағамдардың құрамындағыларды қоса алғанда, аптасына бес жұмыртқадан астам жемеген жөн. Кейбір емдәмшілер балаларға, жастарға, жүкті әйелдерге және ауыр жұмыс істейтін адамдарға жеті түйірін жеуге рұқсат береді (үлкен мөлшері аллергияға әкеліп соғуы мүмкін). Жасы үлкен адамдар мен бауыр ауруларынан жапа шегетін адамдар жұмыртқаларды пайдалануды анық шектеу қажет. Қандағы холестериннің деңгейі жоғары адамдар аптасына екі түйірден артық жемеуі қажет. Ағуыздың өзін едәуір көп жеуге болады.

Жұмыртқаларды мұздатқышта шамамен 1 айдай қорықпай, ең жақсысы есіктегі арнайы сөреде сақтауыңызға болады.


Жұмыртқа –амин қышқылының ең бағалы көзі болып табылады. Сондықтан да таңертеңгі асқа желінген 2 жұмыртқа екі стакан сүтпен немесе мөлшері жағынан жұмыртқа тіпті жаңа сауылған сүт пен жас еттен де артып түседі екен.

Ең пайдалы деп , ақуызы ғана піскен, сары уызы сұйық қалпында қалған жұмыртқаны айтуға болады.

Дені сау ересек адам қамырға , салаттарға қосылатын жұмыртқаны қоса

Ал жүрек және қан тамырлары аурулары бар және диатезге бейім келетін адамдар бұл мөлшерді екі есеге дейін азайтқаны жөн. қабығының да ағзаны улы заттардан тазартып, кальцийді арттыратын қасиеті бар. Ол үшін жұмыртқа қабығын жақсылап жуып, кептіреді. Сосын келіге салып ұнтақтап, күніге 2-6 гр-нан таңертеңгі ас алдында жеп тұру қажет. Сонымен қатар жұмыртқа бас ауырғанда таптырмас көмек. Ол үшін 3 жұмыртқаның ақуызын 1 шай қасық запырангүл ұнтағымен араластырып 3-4 қабат дәкеге жағып басты айналдыра таңып тастайды. Дәкені бастың ауырғаны толығымен басылғанша шешуге болмайды.



Күзде бетті қалай күткен дұрыс ?

1 маска алманың жартысын үккіштен өткізіп , оған 1 ас қасық бал, 1 жұмыртқаның сарысын , аскорбин қышқылының 1 данасын, 1 шай қасық өсімдік майын араластырып , бетте 15 минут ұстап , салқын сумен жуып тастаймыз.



3..8. Көз ауруларынан қорғайтын жұмыртқа өндіріледі


Саха елінде тауықтарға арналған айрықша жем жасап шығарылды. Онымен қоректенген құстар құрамында каротиноиді көп жұмыртқа тумақ. Мұндай құс өнімінің көз ауруларының алдын алуға септігі тиетін көрінеді.
Якутия ауыл шаруашы­лығы министрлігі маман­дарының мәлі­метінше, қа­зіргі уақытта жергілікті тұрғындар арасында ката­ракта, суқараңғы және бас­қа да көз ауру­лары көбейіп отыр. Дәрігерлер мұ­ның себебін қазіргі азық-түлік пен бау-бақша өнімдері құрамында табиғи органикалық пигменттердің болмауымен байланыстырады. Сол себепті Ресейдің аталған айма­ғында каротиноиді көп жұмыртқа өндіруге көңіл бөлінуде. Енді тауық­тарға берілетін жемнің құра­мында барқыт гүлі экстрактынан алынған қоспалар болады.
 


Құрғақ шашқа арналған маска


  • Бір жұмыртқа , 2 ас қасық зәйтүн майы , 1 ас қасық сіркесуды араластырып , шаштың түбіне жағасыз. Тарақпен тарап , түбін қолмен уқалайсыз. 15 минуттан кейін жуып тастайсыз.

  • Егер шашыңыз жиі майланатын болса , бір жұмыртқаның сарысына 50 грамм иогуртты араластырып жағасыз. 5 минуттан кейін жуып тастаңыз. Мұны шашты жуар алдында пайдаланыңыз.









3.9. Жұмыртқаны ұзақ сақтаудың сыры


Shape14 Әрбір әйел жұмыртқаның қыста қажетті, таптырмайтын тағам екенін жақсы біледі. Сондықтан да оны жер қарада дайындап алған жақсы.

Жұмыртқаны таза жәшікке салып, 1градус температурада сақтайды. Осылай еткенде 4-6 айдың көлемінде бұзылмайды.

Бірақ үй жағдайында мұндай температураны қадағалап отыру қиын. Соған орай, оданда оңай тәсілін қолдануға болады.

Бірінші тәсіл: Жәшік түбіне немесе ыдысқа бір қабат ағаш үгіндісін салып жұмыртқаны қояды. Кебек салсада болады, жұмыртқаларды бір-біріне тимейтіндей етіп , қаз-қатар орналастырады. Оның үстіне тағы кебек (ағаш үгіндісін) салып жұмыртқаны қояды. Ең үстінгі қабатындағы үгінді (кебек) жұқа болған дұрыс. Жұмыртқа 2-3 ай бойы бұзылмай сақталады.

Shape15 Shape16

Shape17 Екінші тәсілі: Жұмыртқа қорытылған әктің ерітіндісінде сақталады. Әк суы жұмыртқадан 20 сантиметрдей асып тұруы тиіс. Жұмыртқаның үшкір жағы төмен қаратылып салынады. Әкте жұмыртқа жеті ай бойына бұзылмайды. 300-400 грамм әк бір шелек суда ерітіледі



Shape18



















Shape19

















Shape20 МShape21 ені таңқалдырған

3.10. жаңалықтар



____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



І V . Қорытынды



Жалпы тауықтар туралы мағлұматтар олардың жұмыртқаларымен саңғырығы тыңайтқыш ретінде қолданылатындығы зерттеліп, олардың қанаттары қысқа болуынан ұша алмау себептері, жұмыртқа саларда балапандарын басып шығарарда қолайлы жерді өзіне таңдап алатындығын, тауық еті жұмыртқасы диеталық тағамға жататындығы зерттелді. Соған байланысты қарапайым адамдарға күнделікті тіршілігінде жұмыртқаны ұзақ сақтаудың сыры зерттеліп анықталды. Қарапайым әдіспен – ақ жұмыртқа сапасын анықтаудың жолдары қарастырылды.





























Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:

2. «Қазақ энциклопедиясы » Бас редакциясы 1998 ж

  1. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия . Ә. Нысанбаев ІІ том Алматы.

4. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы 

5. Ұстаз жаршысы газеті 2007 ж N 13

6. www.wikipedia.ru

7. www.caljrizator.ru

8. Жүз жасаңыз 2012 ж N15 28 бет

9. Жүз жасаңыз 2012ж N17 30 бет

10. Жүз жасаңыз 2012 ж N14 15 бет































«Қазығұрт» жалпы орта мектебінің

11 сынып оқушысы Махат Ақтолқынның «Жұмыртқаны ұзақ сақтау жолдары» тақырыбында жазылған ғылыми жобасына



Аннотация

Зерттеу жұмысында жалпы тауықтардың түрлері олардың көбейту жолдары мен тіршілік ететін мекендері, сонымен бірге тауық еттерінің құрамы одан қандай тағамдар пісіретіндігі жұмыртқаның тіршілік үшін маңыздылығы мен зияны, жұмыртқадан қандай тағамдар жасалатындығы, түрлі тәсілдер бойынша оның ұзақ сақталу жолдары зерттелінді.



Аннотация

Исследовательская работа общие виды куриц и их умножение дороги я обита лица, что входит в состав мясо куриц. Какая польза и вред от мясо курицы и яиц. Какие блюда готовят их мясом и яиц курица. Как их можно долго сохранять и какая польза даже от скорлупы яиц.





Annotation

The scientific work about common hens. Their meat, eggs, using in food. Their species and multiplications. Their ingredients and using in food. And what kind of oppofunity and harmful for health . What kind of to prepare with hen’s meat, and hen’s eggs.

How do we to keep and more can keep. What kind of oppofunity of egg’s shell.









ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫ





ҒЫЛЫМИ ЖОБА

Тақырыбы : Жұмыртқаны ұзақ сақтау жолдары



Секция : Биология





Орындаған : «Қазығұрт» жалпы орта мектебінің 11- сынып оқушысы

Махат Ақтолқын







Жетекшісі: Жайлаубаева Айжамал



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫ

«Қазығұрт» жалпы орта мектебі







ҒЫЛЫМИ ЖОБА:

Жұмыртқаны ұзақ сақтау жолдары



Shape22





Орындаған: Махат Ақтолқын

Shape23

18


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 қазан
499
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі