Пікір
2- сынып оқушысы Құрбантай
Шолпанның «Жұмыртқаның адам ағзасына
пайдасы мен зияны» атты ғылыми – шығармашылық зерттеу жұмысына
пікір білдіре отырып, жұмыс үлкен ізденіс үстінде, жүйелі жасалған
деп толық айтуға болады. Зерртеу жұмысы барысында Шолпан үлкен
ізденіс үстінде болды, жұмыртқаның пайда болуы, оның құрылысы, оның
өмірдің сан-саласында қолданылуы, бір сөзбен айтқанда пайдасы
туралы мәліметтер жинақтады, баспасөз материалдарымен танысты,
тәжірибеде қолдана
білді. Бұл деректер тақырыпты кеңірек
ашып, жүйелеуге септігін тигізгені анық. Оқушы өз қызығушылығы мен
шығармашылығын ұштастырып, қолдағы бар мүмкіндікті пайдалана
білді. Зерттеу жұмысының берері көп екеніне де көзім
жетті. Сондықтан болашақта Құрбантай Шолпанның үлкен үміт
күтемін.
Жұмыртқаның адамағзасына
пайдасы мен зияны
Жоспар
Аннотация
І.
Кіріспе
ІІ. Негізгі
бөлім.
2.1. Жұмыртқаның
шығу тарихы, құрылысы
2.2. Жұмыртқаның
пайдасы
2.3. Жұмыртқаның
жұмбақ сырлары
2.4. Жұмыртқа туралы
қызықты деректер
ІІІ.
Қорытынды
ІV.
Ұсыныстар
V. Пайдаланылған
әдебиеттер
Аннотация
-
Зерттеудің
мақсаты: Тағам есебінде пайдаланылатын
құстардың сопақ қабығы бар жыныстық клеткасы әрі нәрлі тағамдардың
бірі – жұмыртқаның құрылысы, шығу тарихы және оның өмірдегі
тигізетін пайдасы туралы түсінік беру, жұмыртқаның пайдасын
насихаттау
-
Зерттеудің
болжамы: Тамақ есебінде қолданылып қана
жүрген жұмыртқаның химиялық құрамын және оның емдік қасиеттерін
жете білетін болсақ, жұмыртқаны жан - жақты тұрмыста да қолдана
аламыз
-
Зерттеудің
кезеңдері:
-
І. Жоба
жұмысының таұырыбы таңдалып, зерттеу жұмысына қажетті материалдар
жинақталды.
-
ІІ.
Жинақталған материалдарға сараптама жасалды, ғылыми мәліметтер
салыстырылды
-
ІІІ.
Зерттеу жұмысының жобасы жазылды, слайдтар жасалды, жұмыртқаның
емдік қасиеттері, тұрмыс пен косметология саласындағы пайдасы бар
екені анықталды. Тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығын ұғыну үшін
ауған соғысының куәгерлерімен кездесу, сұхбаттасу, суретке түсіру,
мұрағаттан деректер жинақтау, баспасөз беттерінен және ғаламтор
арқылы мәліметтер жинау , ғылыми жобаны
дайындау.
-
Зерттеудің әдістемесі: Зерттеу барысында жинақтау, салыстыру,
сараптау, оны тәжірибеде қолдану сияқты әдістер
пайдаланылды
Кіріспе
Жұмыртқа тұралы
түсінік
Жұмыртқаның қатты қабығы
ішіндегі ылғалдың ұшпауына қажет және жұмыртқаны сыртқы орта
әсерінен қорғайды. Қатты қабық өте майда қуыстардан тұрады, олар
әсіресе жұмыртқаның доғал жағында көп болады. Осы куыстар арқылы
жұмыртқа ішінен ылғал сыртқа шығады, микроағзалар кіреді және ауа
алмасу процесі өтеді. Қатты қабық астында жұмсақ үлдір қабаты бар.
Көп сақталған жұмыртқадан сыртқа ылғал буланады да, ақуыз бен
жұмсақ мөлдір қабат арасында қуыс пайда болады. Жұмыртқа ақуызы
сыртқы, ішкі сұйық қабаттардан және ортадағы тығыз қабаттан
тұрады.Тығыз ақуыз мөлшері жұмыртқаның балғындығын
көрсетеді.Жұмыртқа ортасында сарыуыз болады.
Жұмыртқаның құнды бөлігінің бірі - сарыуызы. Сарыуыздың жоғары
жағында ұрық орналасқан. Сарыуыз майлар мен ақуыздарға, көмірсулар
мен минералды заттарға ғана емес, сонымен бірге дәрумендерге (А, В,
Д, Е т.б.) де бай. Адам ағзасына сарыуызы жеңіл сіңеді. Шикі
жұмыртқа ақуызы ұзақ қорытылады, тек пісірілген кезде оның сіңуі
артады. Жұмыртқалар көптеген тағамның құрамына кіреді.
Тауық жұмыртқасы - тауық өнімі. Оның құрамында толыққанды ақуыздар,
майлар, минералды заттар, А, Д, Қ В дәрумендері бар, массасы – 45 -
75 г. Жұмыртқаның сыртқы қабығы – 12 %, ақуызы-56 %, ал сарыуызы –
32 %.
Тауық жұмыртқалары емдәмдік және асханалық болып
бөлінеді.
Жұмыртқаның шығу тарихы,
құрылысы
Жұмыртқаның қатты қабығы
ішіндегі ылғалдың ұшпауына қажет және жұмыртқаны сыртқы орта
әсерінен қорғайды. Қатты қабық өте майда қуыстардан тұрады, олар
әсіресе жұмыртқаның доғал жағында көп болады. Осы куыстар арқылы
жұмыртқа ішінен ылғал сыртқа шығады, микроағзалар кіреді және ауа
алмасу процесі өтеді. Қатты қабық астында жұмсақ үлдір қабаты бар.
Көп сақталған жұмыртқадан сыртқа ылғал буланады да, ақуыз бен
жұмсақ мөлдір қабат арасында қуыс пайда болады. Жұмыртқа ақуызы
сыртқы, ішкі сұйық қабаттардан және ортадағы тығыз қабаттан
тұрады.Тығыз ақуыз мөлшері жұмыртқаның балғындығын
көрсетеді.Жұмыртқа ортасында сарыуыз болады.
Жұмыртқаның құнды бөлігінің бірі - сарыуызы. Сарыуыздың жоғары
жағында ұрық орналасқан. Сарыуыз майлар мен ақуыздарға, көмірсулар
мен минералды заттарға ғана емес, сонымен бірге дәрумендерге (А, В,
Д, Е т.б.) де бай. Адам ағзасына сарыуызы жеңіл сіңеді. Шикі
жұмыртқа ақуызы ұзақ қорытылады, тек пісірілген кезде оның сіңуі
артады. Жұмыртқалар көптеген тағамның құрамына кіреді.
Тауық жұмыртқасы - тауық өнімі. Оның құрамында толыққанды ақуыздар,
майлар, минералды заттар, А, Д, Қ В дәрумендері бар, массасы – 45 -
75 г. Жұмыртқаның сыртқы қабығы – 12 %, ақуызы-56 %, ал сарыуызы –
32 %.
Тауық жұмыртқалары емдәмдік және асханалық болып
бөлінеді.
Жұмыртқаның
пайдасы
Жұмыртқаның адам ағзасына
берер пайдасы мол екенін бұрыннан-ақ белгілі. Оны пайдалану Ежелгі
Үнді жерінде бастау алған деген дерек бар. Ертеде қыз-келіншектер
әжімнің көзін жою үшін немесе шаштары қатты болу үшін жұмыртқаны
пайдаланған. Ал ер азаматтар жорыққа не шайқасқа шықпас бұрын,
жұмыртқамен ауқаттанған. Сондай-ақ, өз жарақаттарын жұмыртқа басу
арқылы жазған екен.
Жұмыртқаны қайнатып я қуырып
жеу арқылы асқазанды ғана емес, бар ағзаны пайдалы элементтер мен
дәрумендермен толтыруға болады. Құрамындағы аққуыз, йод, фосфор,
селен т.с.с. элементтер созылмалы аурулардың алдын алады.
Сондай-ақ, оның құрамында А, В, Д, Е дәрумендерінен бастап,
бас-аяғы 13 дәрумен кездеседі.
Жұмыртқада калорий аз. Бір
жұмыртқаның құрамында орта есеппен 76 калорий ғана бар. Ал
майлылығы небәрі 10%.Жұмыртқа ағзадағы холестерин мөлшерін
төмендетіп, жүрек, жүйке және онкологиялық аурулардың пайда болуына
жол бермейді.
Көптеген диеталардың мәзірінде
жұмыртқа кездесіп жатады. Себебі, оның арқасында артық салмақтан
арылуға және салмақты бір қалыпты ұстауға болады. Тырнақ, шаш
өсімі мен көздің көруін жақсартамын, тістерім маржандай таза,
сүйектерім мықты болсын десеңіз, ас мәзіріңізге жұмыртқаны
қосыңыз. Жұмыртқа ағзаны түрлі инфекциялардан қорғап,
иммунитетті күшейтеді.
Жұмыртқа бет күтіміне де
пайдалы. Бір жұмыртқа мен бір ас қасық балды араластырып,
бетіңізге жағып, 15-20 минут жатып демалыңыз. Кейін жылы сумен
шайып жіберіңіз. Бетіңіздің тазарып, нәрленіп, терінің тартылғанын
аңғаруға болады.
Жұмыртқаның сарысын шашыңызға жағып, 1-1,5 сағаттан кейін жылы
сумен жуып жіберіңіз. Бұл ем шашыңыздың жылтыр болып, алдағы
күндері ұштанбауына жол ашады.
Көзіңізге сүйел шыққан кезде,
қайнаған жұмыртқаны ыстық күйінде басыңыз. Сондай-ақ, қатты тамақ
ауырған кезде қайнаған жұмыртқаны жылы күйінде мойныңызға қойып,
қайта-қайта домалатыңыз.
Пісірген бәлішім тәтті болсын
десеңіз, қамырға жұмыртқа қосуды ұмытпаңыз. Сондай-ақ, бәліш
алтындай жарқырап тұру үшін оны пешке салмас бұрын үстін
жұмыртқаның сарысымен бір майлап
шығыңыз.
Жұмыртқа таңдаған кезде оның
сыртқы қабығына мән беріңіз. Егер де қабықшасы кедір-бұдыр, түсі
өзгешелеу болса оны алмаған жөн. Мұндай жұмыртқаның мерзімі өтіп
кеткен.
Жұмыртқаның жұмбақ
сырлары
Жұмыртқаны пайдалану ежелгі
Үнді жерінде бастау алған деген дерек бар. Ертеде қыз-келіншектер
әжімнің көзін жою үшін немесе шаштары қатты болу үшін жұмыртқаны
пайдаланған. Ал ер-азаматтар жорықта не шайқасқа шықпас бұрын,
жұмыртқамен тамақтанған. Сондай-ақ, өз жарақаттарын жұмыртқа басу
арқылы жазған екен.
Қазір әр елдің мамандары
жұмыртқаның адам ағзасына берер пайдасы мен зияны жайында қарама
қарсы пікірде болып жатыр. Жұмыртқаның жұмбақ сыры әлі күнге
ашылған жоқ. Деседе, бүгін біз оқырмандарға жұмыртқаның пайдалы әрі
зиянды жақтарын бірдей жеткізуді жөн көріп
отырмыз.
Жұмыртқаны пайдалану ежелгі
Үнді жерінде бастау алған деген дерек бар. Ертеде қыз-келіншектер
әжімнің көзін жою үшін немесе шаштары қатты болу үшін жұмыртқаны
пайдаланған. Ал ер-азаматтар жорықта не шайқасқа шықпас бұрын,
жұмыртқамен тамақтанған. Сондай-ақ, өз жарақаттарын жұмыртқа басу
арқылы жазған екен.
Жұмыртқаны қайнатып та, қуырып
та жеу арқылы асқазанды ғана емес, бар ағзаны пайбалы элементтер
мен дәрумендермен қамтамасыз етуге болады. Құрамындағы ақуыз, йод,
фосфор, селен т.с.с. элементтер осзылмалы аурулардың алдын алады.
Сондай-ақ, оның құрамында А, В, Д, Е дәрумендерінен бастап,
бас-аяғы 13 дәрумен кездеседі. Бір кездері жұмыртқаның сарысы
зиянды холестерин көзі деп мойындалған. Шынында да, орташа көлемді
әр жұмыртқа құрамында 350-400 мг холестерин бар, ал холестеринді
тұтынудың рұқсат етілген күн сайынғы нормасы ер адамдар үшін 390 мг
және әйелдер үшін 290 мг тең. Сондықтан адамдарға күніне әрі
кеткенде 2 тауық жұмыртқасын жеуге және жұмыртқаның сарысын жемеуге
кеңес берілген. Ал кейбір деректерде, дені сау адамға астан келетін
холестерин қауіп туғызбауы тиіс. Сондықтан холестеринінің артуымен
ауырмайтын адамдарға аптасына 5-6 жұмыртқа жеуге болады. Сонымен
қатар, жұмыртқаны пайдасы олардың зияны туралы дәлелдерден асып
түседі және күмәнсіз болып
табылады.
7 жастанасқанбалаларғакүніне
жарты шәйқасықұнтақберугеболады. Ал, 14
жастанжоғарыжәнеересектеркүніне 1-2
шәйқасықмөлшеріндеқабылдаукерек.
Рахит, балалардың тістерінің
дұрыс өспеуі, омыртқалардың қисаюы мен осал тістер, кәрі адамдардың
сүйектерінің тез шытынағыштығы мен сынғыштығы — сүйектердегі
кальцийдіңжетіспеушілігінің салдары. Ағзадағы кальцийалмасудың
бұзылуы қаннның аздығына, тез салқынтигіштікке, аллергияға,
еріндегі герпестерге душар етеді.Әйелдерде ақ етеккір бөлінгіш
болып, түсік тастағыштық, толғақ кезіндегі әлсіздікке, жатыр
бұлшықеттерінің әлсіз болуына да кальцийдің аздығы себеп. Ал енді
ағзамыздағы бұл жетіспеушілікті түзеу қйындау мәселе. Хлорлы
кальций, гипс, бор сияқты нәрселердің адам ағзасына қортылып сіңіуі
өте қыйын.
Тауық жұмыртқаларының(бөдененікі айтпасада) қабығы 90% кальций
карбонатынан тұрады(көмірқышқылдық кальций) да оңай қортылады. Оның
құрамында ағзаға қажетті барлық микроэлементтер: мыс, фтор, темір,
марганец, молибден, фофор, күкірт, цинк, кремний және басқалары —
барлығы 27 элемент табылады! Ең маңыздысы кремний мен молибденнің
барлығы — біздің күнделікті тамағымызда бұл элементтер жоқтың
қасы.
Қорытынды
Сонымен зерттеу жұмысымды
қорытындылайтын болсам, жұмыртқа тек нәрлі әрі жеңіл тағам ғана
емес, барлық ем – домның көзі деп айтқым келеді. Олай деуге бірнеше
негіз бар. Ең алғаш Үндістан елінде емдік қасиеті айқындалған бұл
жұмыртқа :
Пайдалы элементтер мен
дәрумендердің көзі
Асқазанға ең сіңімді, қуатты
тағамдардың бірі.
Жұмыртқа қабығы оңай
қортылатын, ағзамызға пайдалы — таптырмас кальций
көзі.
Артық салмақтан арылғысы
келген адамдарға таптырмас ем. Жұмыртқада калорий аз. Бір
жұмыртқаның құрамында орта есеппен 76 калорий ғана
бар.
Косметикалық таптырмас құрал,
яғни шаш күтіміне, бет күтіміне өте
пайдалы
Сүйек сынған кезде оны
қатайтушы құрал ретінде де
пайдаланады
Жұмыртқа ағзадағы холестерин
мөлшерін төмендетіп, жүрек, жүйке және онкологиялық аурулардың
пайда болуына жол бермейді.
Жұмыртқа ағзаны түрлі
инфекциялардан қорғап, иммунитетті
күшейтеді.
Дені сау адам – табиғаттың ең
қымбат жемісі. Ал денсаулығымыз мықты болуы үшін батпандап кіріп,
мысқылдап шығатын ауруды дәрісіз – ақ үй жағдайында емдеп жазуға
болады. Адамның бет-әлпеті - оның айнасы. Ал бетіңіз ажарлы болсын
десеңіз, қалтаңыз көтермейтін қымбат дүниелерді сатып алмай-ақ,
жұмыртқаның көмегіне жүгінсеңіз
болғаны.
Ұсыныс
Зерттеу жұмысымды қорытындылай
отырып, мынадай ұсыныс айтқым келеді:
1. Жұмыртқаның пайдасын көру
үшін ең алдымен үй жағдайында тауықтарды өсіріп, олардың өнімін
күнделікті тағам рационына қолданса;
2. Жұмыртқаны тұрмыста кең
көлемде қолдану әдістері жайында мағлұматтар, кітапшалар шығарылып,
көпшілікке ұсынылса;
3. Қарапайым адамдар
күнделікті тіршілікте жұмыртқаны тек тағам ретінде емес, емдік
мақсатта да жиі қолданса;
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. «Денсаулық» журналы, №6,
2013ж
2. «Шаңырақ»
энциклопедиясы, Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы :1990
ж , 65-бет
3. Қазақстан”: Ұлттық
энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ
энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
4. «Пайдалы кеңестер» журналы,
2012 ж
5. Интернет
материалдары