жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Жұмысшы мамандығы әлеміне саяхат» Эссе
Алдабергенова Акмарал Жеткеровна
Ақтау қаласы «№9 жалпы білім беру орта мектебі» КММ
Ұялы телефон: 87789158106
Эссе
«Жұмысшы мамандығы әлеміне саяхат»
«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет. Бұл – жай күнелту, тамақ асырау жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлік пен шыдамдылық, сүйіспеншілікті қажет ететін нәрсе»
Жүсіпбек Аймауытов
Мамандық. Мамандық таңдау – адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. «Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: бірі – жар таңдау болса, екіншісі – мамандық таңдауда» деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай, мамандықты таңдау – бұл өз болашағыңды, өз өміріңді, өз тағдырыңды таңдаумен бірдей.
Мен орта және жоғары сынып оқушыларна мамандық таңдау бағытымен іс-шаралар жүргізгенімде тоғызыншы, оныншы сынып оқушылары өз мамандығын әлі күнге дейін таңдамағанын, тіпті он бірінші сынып оқушыларының кей біреулері таңдаған мамандығын ауыстырып жататынын байқадым. Ал мамандықтарын таңдаған оқушылардың көбі, біреудің, яғни ата-анасы өздерінің жеке кәсібін әрі қарай перзентіне мұра ретінде қалдыру үшін немесе туған-туыстарының беделіне арқа сүйеп, беделді жұмысқа орналасу үшін мамандықтарын өзгенің ықпалымен таңдап жатса, кейбір оқушылар сол, таңдаған мамандықтың жал ақысының көптігінен таңдап отырғанын айтады. Осындай сәтте, өзгенің ықпалымен мамандығын таңдап отырған оқушылар, сол мамандықты қаншалықты сүйіп, бар ынтасымен жасар екен, ал мамандығы жайында, яғни болашағы жайында әлі ойланбаған жасөспірім ертеңгі күні кім болар екен?, Қайда барар екен? осындай сұрақтар адамның санасында еріксіз туындайды. Ия, қазіргі нарықты, бәсеке заманында ақшасыз су да, тамақ та, киім де, күнделікті өмірімізге қажетті қажеттіліктерімізді де ала алмаймыз. Жақсы өмір сүру үшін, қажеттіліктің бәріне қол жеткізе алу үшін де жасөспірімдер ақшалы, беделді мамандықтарды таңдап жатады. Бірақ сол таңдаған мамандықтары болашақта сұранысқа ие болады ма, жоқ па, қолынан келеді ме, келмейді ме, сол мамандықтың нағыз иесі бола алады ма, бола алмайды ма оны да білмейді.
Осы эссе тақырыбын оқығанымда, «Жұмысшы мамандықтарға қай мамандықтар жатады?, Қай жұмысшы мамандық жайында жазсам екен, қайсысын дәріптесем екен?, - деп өз өзіме сұрақ қойып» ұзақ ойланып тұрдым да, техниканың озық заманына сай, адам көмекшісі, интернет желісінен «Сұранысқа ие мамандықтар» тізімімен таныстым.
Қазіргі заманда мамандықтардың түрі көп, тіпті мен білмейтін, мен танымайтын мамандықтар атауы да бар екен, бірақ заман талабына сай сұранысқа ие мамандықтарға дәрігер, мұғалім, заңгер десек, ХХІ ғасырда жаңа мамандықтарға менеджер, программист, дизайнер сияқты мамандықтарды да айтар едім. Қазір сауда-саттық пен туризмнің де жүріп тұрған заманы болғандықтан, көптеген мамандықтар осылардың төңірегінде деуге болады. Агенттер мен менеджер, туристік агенті, жарнамалық агент, кеңсе менеджері мамандықтары сұранысқа ие десек, артық айтпаймын. Бірақ бар мамандық осы ғана ма?
Неге біз кейде осы жұмысшы мамандығына жатсына қараймыз? Жұмысшы болу жаман ба? Тіпті осы жұмысшы мамандығы деп жатсына қарайтын мамандықтардың өзі де қазіргі таңда үлкен сұранысқа ие. Мысалы: ізденген мәліметтерім бойынша айта кетер болсам, қазіргі таңда халқымыздың адам саны көбейуіне орай, елімізде үй, мектеп, балабақша тағыда басқа ғимараттардың бой көтеруіне байланысты құрылыс саласындағы кез келген жұмысшы мамандарды қажет етеді, және де адамдар сол ғимараттарға тәуелді болуына байланысты құрылыс саласындағы кез келген мамандар үнемі сұранысқа ие болады.
Шаштараз өнері - адамдар шаштарын ретке келтіру үшін айына жоқ дегенде міндетті түрде бір рет шаштараздың көмегіне жүгінеді, ал нәзік жандар әсемдікке құмар болғандықтан сұлулық салонының қызметіне жие жүгінуіне байланысты бұл мамандарғада сұраныс артып келуде.
Ас адам арқауы демекші, еліміздің дамуымен қатар, асханамызда даму үстінде, әр елдің ұлттық тағамдарын сол елге бармай-ақ, өз еліміздегі асхана, дәмхана, наубайхана, тойхана, кафе-барларынан барып дәм тата алуымызға байланысты аспаз мамандарынада сұраныс артуда.
Шөберек адам көркі, дегендей – киім үлгілері де күн санап көбейуде, әрі қол өнеріде қоса дамуда, яғни адам қолымен тігілген ұлттық киімдеріміз де, әшекей бұйымдарымыз да әлемге танылып, үлкен сұранысқа ие болуда.
Мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы – өзіңіз білетіндей қазіргі таңда дүкендер мен базарлардан таза табиғи өнімдер азайуда. Еттеріміз де, жұмыртқа, тауықтарымыз да, жеміс пен көкөністерімізде химиялық тыңайтқыштарға толы, осыған орай мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы қолға алынуда және де болашақта үлкен сұранысқа ие болады, ветеринария, экология, құрылыс саласы, соның ішінде тас қалаушы, сылақшы, бояушы, бетоншы, дәнекерлеуші, мал дәрігері, агроном, электромеханик, дизайн, аспаз, шаштараз өнері және т.б. мамандықтар, бұл мен ізденген үш, төрт желіде ғана, ал қалған желілерде бұдан да көп жұмысшы мамандықтар сұранысқа ие екеніне сенімдімін.
Жұмысшы – ол мәртебелі және таза еңбектің мамандығы. Өкінішке қарай, кейбір мектеп түлектерінің соны кеш түсініп жататыны қынжылтады. Жыл сайын еліміздегі жоғары оқу орындарын қаншама жас маман бітіріп шығады. Бірақ, солардың барлығы бірдей өз мамандығы бойынша жұмыс тауып, «дүниеге кірпіш болып қаланып» жатыр ма? Бес жыл бойы көз майын тауысып алған дипломын сандықтың түбіне тығып тастап, басқа, қолынан келетін мамандық бойынша жұмыс жасап жүрген университет түлектері қаншама? Сол себепті мен, жасөспірімге жұмысшы немесе беделді, болмаса сұранысқа ие мамандықтарды дәріптеу емес, оқушының жастайынан өзін-өзі кәсіби анықтауға, яғни:
- қолынан келетін мүмкіншіліктерін,
- мақсаттары, қызығушылықтары мен бейімділіктерін
- еңбек нарығының талаптарын анықтауға үйрету керек деген ойдамын.
Мамандық таңдау бойынша қандайда бір іс-шаралар өткізер болсақ, сөзімізді Абай Құнанбаев атамыздың:
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеде
Кетігін тап та, бар қалан!
шумақ жолдарындағы, соңғы екі сөйлемінен бастап жатамыз, алайда сол бір өлең жолдарында айтылған КЕТІКті кіші тұрмақ, үлкендерге де сол өлең жолдарында айтылып жатқан ӨНЕРсіз табу қиынға соғып жатады. Кейбір жасөспірім өзінің бойындағы өнерге емес, мамандықтардың әсемділігіне қызығып, басқа мамандықты таңдап жатады. Өнер дегеніміз не? Өнер ол – біздің туа біткен дарындылығымыз, бойымыздағы қабілетіміз, бейімділігіміз, дағдымыз, еңбегіміз, іскерлігіміз, қайратымыз, жігеріміз, мінезіміз, ынтамыз. Осы қасиеттеріміз бен психикалық үрдісімізді білгенде ғана, біз өз мамандығымызды, өмірдегі кетігімізді таба аламыз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген