«Жұмысшы мамандығы-болашақтың мамандығы»
(дөңгелек үстел)
Дөңгелек үстелдің мақсаты: студенттермен мамандық түрлеріне шолу жасай отырып, әр мамандықтың қыр-сырларын талқылап, өз таңдаған мамандығының таңдау себебін ортаға салу.
Қолданылатын көрнекіліктер: слайд-шоу, бейнероликтер, мамандықтар тізімі
Дөңгелек үстелдің барысы:
Модератор:
-Армысыздар,құрметті қонақтар,әріптестер және білім алушылар! Бүгінгі Талдықорған индустриялық колледжінің 90 жылдық мерейтойына орай «2025 жыл- Жұмысшы мамандықтар жылына » арналған қалалық «Жұмысшы мамандығы - болашақтың мамандығы» дөңгелек үстеліне қош келдіңіздер!
-Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай:
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы
болыңыз.
Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады?
-Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Қазақ "Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі - жар таңдағанда, екіншісі - мамандық таңдағанда" деп бекер айтпаса керек.
-Енді осы мамандық сөзіне анықтама беріп көрелік?!
"Мамандық" сөзі латын сөзінен шыққан, "жұрт алдында сөйлеу, жариялау" дегенге саяды. Есте жоқ ескі заманда мамандықтың қазіргідей түр-түрі болмады. Әр адам барлық жұмыспен өзі ғана айналысатын. Дегенмен, әйелдер мен ерлерге деп бөлінетін жұмыстар болған. Ерлер аң аулап, үй тұрғызып, қару-жарақ жасаса, әйелдер жеуге жарамды өсімдіктерді жинап, тамақ пісірген, киім-кешек тігіп, бала тәрбиелеген.
Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, нарықтық қарым-қатынас пайда болды. Қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыстар, сәйкесінше, түрлі мамандықтар келді.
- Осы мамандықтар туралы өз ой пікірлерімен бөлісетін «Жұмысшы мамандығы - болашақтың мамандығы» дөңгелек үстеліне арнайы шақырылған қонақтарымызбен таныстырып өтейік:
1.Жұмыспен қамту бөлімінің бөлім басшысы- Нұртаев Дәурен Нұртайұлы
2.Жұмыспен қамту бөлімінің маманы- Тойбулат Дильназ
2. Кәсіпкерлер Палатасының жетекші сарапшысы- Исмаил Асем Сейткалиевна
3. Кәсіпкерлер Палатасының баспасөз хатшысы- Хаджимуратова Саида Хасановна
4.Біздің колледжіміздің түлектері,Талдықорған Қайнар аккумулятор зауытының жетекші мамандары- Гашков Василий, Шевченко Ярослав, Шендель Николай.
- Биыл Талдықорған индустриялық колледжінің құрылғанына 90 жыл толады. Қазіргі таңда, 90 жылдық тарихы бар киелі білім ордасын 2023- жылдан бастап Джумадилов Асет Казыевич басқарып отыр.Сөз кезегі колледж директоры Джумадилов Асет Казыевичке беріледі.
Баяндама оқу -спикер
3. Пікірталас бөлімі:
-
Қатысушылар өз ойларымен бөліседі
-
2.Қандай жұмысшы мамандықтар болашақта сұранысқа ие?
-
Какие рабочие профессии будут востребованы в будущем?
-
3.Мемлекет тарапынан қандай қолдау және мүмкіндіктер жасалып жатыр?
-
Какая поддержка и возможности создаются государством?
-
4.Жұмысшы мамандықтарының беделін қалай арттырамыз?
-
Как повысить престиж рабочих профессий?
-
деген сұрақтар төңірегінде ой-пікір алмасу.
![]()
Бейнеролик: https://youtu.be/6Ymr4ezB6sQ?si=RMOFF8lYoz91niSX
1-Осы бейнебаяннан кейін мынандай ой туындайды,мысалы: біздің колледжде Автомобиль жөндеу слесарі, Электргазбендәнекерлеуші, Токарь ісі мамандықтарын дайындаймыз.Сіздер де әртүрлі жұмысшы мамандықтарын дайындап жатырсыздар.Қазір техника күн санап дамып жатыр.Қалай ойлайсыздар,болашақта осы жұмысшы мамандықтарының жойылып кету қаупі бар ма?
-После этого видео возникает такая мысль, например: в нашем колледже мы готовим профессии слесаря по ремонту автомобилей, электромонтажника, токаря.Вы тоже готовите разные рабочие профессии.Сейчас техника развивается день ото дня.Как вы думаете, есть ли риск исчезновения этих рабочих профессий в будущем?
Еңбек ресурстарын дамыту орталығының мәліметінше, 2025 жылы жоғары сұраныста болатын жұмысшы мамандықтардың ТОП-10 тізімі:
-
Жүк көлігінің жүргізушісі (21,8 мың адам немесе жалпы сұраныстың 5,4 пайызы).
-
Сантехниктер және құбыр салушылар (17,3 мың адам немесе жалпы сұраныстың 4,3 пайызы).
-
Дәнекерлеуші (15,6 мың адам немесе жалпы сұраныстың 3,9 пайызы).
-
Құрылысшылар бригадасының басшысы, бригадир (11,9 мың адам немесе жалпы сұраныстың 2,9 пайызы).
-
Автобус жүргізушісі (10,8 мың адам немесе жалпы сұраныстың 2,7 пайызы).
-
Сылақшы (9,9 мың адам немесе жалпы сұраныстың 2,5 пайызы).
-
Техник-электрик (9,7 мың адам немесе жалпы сұраныстың 2,4 пайызы).
-
Тракторшы (9,6 мың адам немесе жалпы сұраныстың 2,4 пайызы).
-
Құрылысшы-монтаждаушы (7,9 мың адам немесе жалпы сұраныстың 1,9 пайызы).
-
Темір ұстасы, слесарі (7,4 мың адам немесе жалпы сұраныстың 1,8 пайызы).
Сұрақ: Осы аталған статистикалық мәліметтер мен шынайы өмір мысал арасындағы салыстырмалы нәтижелерді қалай бағалар едіңіздер? Ой бөліссек.
Вопрос:Как бы вы оценили относительные результаты между этими упомянутыми статистическими данными и реальным примером? Делимся мыслями.
Қортынды:
- Өз ісінің нағыз маманы атану екінің бірінің еншісіне бұйырмаған. Ол үшін ең алдымен мамандығыңызға деген махаббат керек. Мамандыққа деген махаббат пен карьерист болу екеуі біздіңше екі бөлек нәрсе. Махаббатпен істелген жұмыс қана нәтиже бермек. Екінші сөзбен айтқанда, мамандығыңыз сіздің сүйікті ісіңізге айналуы қажет. Бұл жағдайда адам жұмысқа ерекше құлшыныспен кірісіп, жұмысынан ләззат алады.
Әлемде өзі қаламайтын мамандық иесі болып жүрген қаншама адам бар, өз жұмысын жанымен сүйіп істейтін адамдардың да саны аз емес. Мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалауыңызға тілектеспіз.
- Бүгінгі Талдықорған индустриялық колледжінің 90 жылдық мерейтойына орай «2025 жыл- Жұмысшы мамандықтар жылына » арналған қалалық «Жұмысшы мамандығы - болашақтың мамандығы» дөңгелек үстеліне белсене қатысқандарыңыз үшін алғысымызды білдіре отырып, сертификатпен марапаттаймыз!Қош сау болыңыздар!!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз