400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жұмысшы мамандығының жаңа дәуірі

Материал туралы қысқаша түсінік
Президент жарлығымен 2025 – «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жарияланды. Сол себепті бүгінгі таңда елімізде кәсіптік-техникалық білім беретін орындарда кәсіптік білім беру¬ді бәсекеге қабілетті маман даярлауда білім беру ұйымдарын уақыт талабына сай жабдықтауға, педагогтардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік жасауда. Қазақстан¬дықтардың жартысынан астамының (52%) кәсіптік немесе техникалық білімі бар азаматтар. Енді жылдан-жылға жұмысшы кадр¬ларға деген қажеттілік арта түспек, сол себептен жұмысшы мамандықтарының техникалық сауаттылығын арту алдыңғы мақсат болып тұр.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Жұмысшы мамандығының жаңа дәуірі

Президент жарлығымен 2025 – «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жарияланды. Сол себепті бүгінгі таңда елімізде кәсіптік-техникалық білім беретін орындарда кәсіптік білім беру­ді бәсекеге қабілетті маман даярлауда білім беру ұйымдарын уақыт талабына сай жабдықтауға, педагогтардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік жасауда. Қазақстан­дықтардың жартысынан астамының (52%) кәсіптік немесе техникалық білімі бар азаматтар. Енді жылдан-жылға жұмысшы кадр­ларға деген қажеттілік арта түспек, сол себептен жұмысшы мамандықтарының техникалық сауаттылығын арту алдыңғы мақсат болып тұр.

Біздің колледжде дайындалып жатқан білім алушылар осы заман талабына сай мамандықтар деп ойлаймын.

Сұранысқа сай жастарды жұмысшы мамандықтарына тарту маңызды болып отыр. Жастарды жұмысшы мамандықтарға тарту үшін алдымен аталмыш мамандық иелерінің мәртебесін арттыру керек. Бұл ретте қоғам арасында қара жұмыстың бел ортасында жүріп, ел экономикасының дамуына сүбелі үлес қосып жатқан ерен мамандық иелерінің жұмысын насихаттауға ұйытқы болуымыз қажет.

Әлем елдері қазіргі таңда техникалық және кәсіптік білімнің қажеттілігін алғашқы орынға қоя бастады. Еліміздің тұрақты экономикалық өсуі еңбек нарығының құрылымына елеулі өзгерістер әкеліп білімді де білікті, белсенді азаматтық ұстанымы бар азаматтар, бәсекеге қабілетті кәсіби мамандарға деген сұраныс күн санап арта түсуде. Сол себепті ұлттық деңгейдегі білім берудің мақсаты-еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне қатысуға дайын құзіретті, интеллектуалды және рухани жағынан дамыған тұлғаның қалыптасуына ықпал ету анық.

Еліміздегі техникалық даму әрбір адамның жоғарғы деңгейде графикалық сауаттылығымен, мәдениеттілігімен тығыз байланысты. Өндірісті механикаландыру, автоматтандыру және олармен жұмыс істеу үшін адамдардың техникалық сауаттылығын керек етеді.

Ғылым мен техниканың дамуына сәйкес колледж студенттерінің графикалық дайындығын жақсартуды керектігі, бұл - өмір талабы. Осыған байланысты оқу пәндерінің системасында сызу пәнінің алатын орны анықталып, ол өз орнын табуып келеді. Заман талабына сәйкес сызу пәнін оқыту бағдарламасына кейбір өзгерістер енгізіліп, негізінен техникалық сызбаларға көбірек көңіл бөлінуде, өйткені француз ғалымы Гаспар Монждың «Сызба -техника тілі» деуі тегін емес. Сызбаны жақсы меңгерген әр адам ол техниканы да жақсы меңгереді.

Сол себепті осы таңда қоғамда еңбек ұғымына деген көзқарас өзгеріп келеді. Оған себеп жұмысшы мамандығына деген сұраныстың көптігі. Ақпараттық-технологиялар заманында сөздің емес, іске айқын басымдылық берілуде. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев та жұмысшы мамандықтарының сұранысқа ие екендігін айтып, биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауы тегіннен тегін емес. Құрылыс, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп сияқты кез келген салада аянбай еңбек етіп жүрген жұмысшыларға көңіл бөлініп, мәртебесі артпақ. Ал, өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырары сөзсіз. Халқымызда «Жұмыстың көзін тапқан байлықтың өзін табады» деген сөз бар. Сондықтан, кәсібіне адал әрі жауапкершілікпен қараған азамат қашанда лайықты бағасын алып, қоғамнан ойып тұрып орын алары анық. Осылайша президентіміздің жолдауын қолдап біз жастар арасында жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылықты арттырып, кадр дайындау ісінде табысқа жете аламыз деп ойлаймын. Жұмысшы мамандығының мәртебесін көтеру – қоғамда еңбек адамының қадірін арттыру, оның кәсіби біліктілігін шыңдау, жұмысшы қарым-қабілетін жан-жақты бағалау арқылы жүзеге аса берсін.

Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруға тиіс. Сонда ғана еліміз дамудың сара жолына түседі.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
06.01.2026
4
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі