400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жұмысты қорғау және талдау 1 сынып көркем еңбек

Материал туралы қысқаша түсінік
1 сынып ұстаздарына көркем еңбек пәнінен қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

5- сабақ Қысқа мерзімді жоспар

Пән:Көркем еңбек

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мен және қоғам

Күні:

Сынып: 1

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Жұмысты қорғау және талдау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.3.2.1 Орындалатын шығармалардың жəне материалдардың тақырыбын талқылау

Сабақ мақсаттары


Барлық оқушылар: Қарапайым тәсілдермен қолда бар құралдарды пайдаланып, бедерлі суретін салады, өз жұмысын қорғайды.

Көптеген оқушылар: Өзің және сыныптастарының жұмысын талдап, ол туралы өз ойын айта алады.

Кейбір оқушылар: Бедерлі суреттердің ерекшелігі туралы қорытынды жасайды.

Бағалау критерийлері


Қарапайым тәсілдермен қолда бар құралдарды пайдаланып автопортретін салады.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар орындай алады:

Қарапайым тәсілдермен қолда бар құралдарды пайдаланып, бедерлі суретін салады, өз жұмысын қорғайды.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Бедерлі сурет, қорғау, талдау.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

-Бедерлі сурет-бейненің жазықтықта шығыңқы орналасуы.

-Жақындарың бала кезіңдегі бейнеңнің қандай болғанын көру үшін не істей аласың?

-Өзіңнің жұмысың жайлы айтып бер.

-Достарыңның салған портерті ұнады ма?

Құндылықтарды дарыту


Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау құндылықтары мен өз пікірін айта алу дағдылары дамиды.

Пәнаралық байланыстар


Жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары


Слайд


Бастапқы білім

Адамның суреті мен бет пішінінің ерекшелігі, портрет туралы түсініктері бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин









Ынтымақтастық атмосферасы

«Шаттық шеңбері» әдісі арқылы қалыптасады.

Балалар шеңбер құрып дауыстап өлең жолдарын қайталайды:

Сиқырлы айнадан

Өзімді көремін,

Бақыттан жайнаған

Көзімді көремін.

«Ой қозғау» әдісі арқылы оқу мақсаттары ашылады.







Сабақтың ортасы

10 мин























8 мин
















2 мин






10 мин















(Д)Тапсырма-1 «Менің бейнем» әдісі.

Оқулықтың 22-бетіндегі мәтінді оқып таныстыру.

Өзінің суретін ермексазбен жасау.

Дескриптор:

-Өзінің бедерлі суретін жасайды.

Саралаудың «Қарқын» тәсілі жүреді.

Қарқыны жылдам оқушыларға қосымша тапсырма беріледі.

-Бедерлі суретке керек түстерді қандай жолмен алдың?

Қарқыны баяу оқушыларға қосымша уақыт беремін.

ҚБ:«Бас бармақ» әдісін қолданамын.

Жоғары - Өзінің бедерлі суретін жасай алса.

Көлденең - Өзінің бедерлі суретін жасауда көмек қажет болса.

Төмен - Өзінің бедерлі суретін жасауда қиналса.


(Д)Тапсырма-2. «Еркін әңгіме» әдісі.

Өзің жасаған бедерлі суретіңе мұқият қара. Жұмысыңды таныстыру үшін сұрақтарға жауап бер.

- Жұмысың арқылы өзің туралы не айтқың келді?

-Өзіңнің бет әлпетің және портретің жайлы айтып бер.

-Достарыңның салған бедерлі суреттері ұнады ма?

-Бұл жұмыс достарыңды жақынырақ түсінуге көмектесті ме?

Дескриптор:

-Өзінің жұмысын сипаттайды, сұраққа жауап береді.

Саралаудың «Қарқын» әдісі қолданылады.

Қарқыны жылдам оқушыларға қосымша тапсырма беріледі.

-Сыныптастарыңның суреттері арасында өзіңдікіне ұқсас жұмыстары бар ма?

Қарқыны баяу оқушыларға қосымша уақыт беремін.

ҚБ:«От шашу» әдісі қолданылады.

3 шашу- Өзінің жұмысын сипаттап, сұраққа жауап бере алса.

2 шашу - Өзінің жұмысын сипаттауда, сұраққа жауап беруде көмек қажет болса.

1 шашу - Өзінің жұмысын сипаттауда, сұраққа жауап беруде қиналса.

Сергіту сәтінде сәйкес қимылдар жасайды.

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Бір демалып алайық.


(Ұ) Тапсырма-3 «Сұрақтар ілмегі» әдісі.

Сұрақтарға жауап беріңдер.

-Адамның бет-әлпеті туралы не білдіңдер?

-Адамдар бір-біріне ұқсай ма, әлде ұқсамай ма?

-Адамдар несімен ерекшеленеді?

-Қандай пішіндерді білесіңдер?

-Пішін мен түстің адам бет әлпетімен байланысы қандай?

-Портрет дегеніміз не?

-Автопортрет дегеніміз не?

-Бедерлі суретті жасау жолын әңгімеле.

Дескриптор:

- Сұрақтарға дұрыс жауап береді.

Саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» әдісі

Кейбір оқушыға

-Қандай танымал қазақ суретшілерін білесің?

Көмек қажет ететін оқушыға

жетелеуші сұрақтармен қолдау көрсету.

Қ.Б: «Жұлдызша» әдісі

Жасыл- Сұрақтарға жауап беруде белсенділік танытса;

Сары- Сұрақтарға дұрыс жауап беруде көмек қажет етсе;

Қызыл - Сұрақтарға дұрыс жауап беруде қиналса.


Оқулық












Бас бармақ
















































Жасыл, сары, қызыл жұлдызшалар

Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс «Маған үш зат айт» әдісі бойынша өтеді.

  • Біз бүгін ------оқып үйрендік.

  • Біздің топ --------жақсы жасай алды.

  • Мен -------өте жақсы жасай алдым.


Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Т1. Саралаудың «Қарқын» тәсілі жүреді.

Қарқыны жылдам оқушыларға қосымша тапсырма беріледі.

-Бедерлі суретке керек түстерді қандай жолмен алдың?

Қарқыны баяу оқушыларға қосымша уақыт беремін.

Т2. Саралаудың «Қарқын» әдісі қолданылады.

Қарқыны жылдам оқушыларға қосымша тапсырма беріледі.

-Сыныптастарыңның суреттері арасында өзіңдікіне ұқсас жұмыстары бар ма?

Қарқыны баяу оқушыларға қосымша уақыт беремін.

Т3. Саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» әдісі

Кейбір оқушыға

-Қандай танымал қазақ суретшілерін білесің?

Көмек қажет ететін оқушыға

жетелеуші сұрақтармен қолдау көрсету.


Т1. ҚБ:«Бас бармақ» әдісін қолданамын.

Жоғары - Өзінің бедерлі суретін жасай алса.

Көлденең - Өзінің бедерлі суретін жасауда көмек қажет болса.

Төмен - Өзінің бедерлі суретін жасауда қиналса.

Т2. ҚБ:«От шашу» әдісі қолданылады.

3 шашу- Өзінің жұмысын сипаттап, сұраққа жауап бере алса.

2 шашу - Өзінің жұмысын сипаттауда, сұраққа жауап беруде көмек қажет болса.

1 шашу - Өзінің жұмысын сипаттауда, сұраққа жауап беруде қиналса.

Т3. Қ.Б: «Жұлдызша» әдісі

Жасыл- Сұрақтарға жауап беруде белсенділік танытса;

Сары- Сұрақтарға дұрыс жауап беруде көмек қажет етсе;

Қызыл - Сұрақтарға дұрыс жауап беруде қиналса.

Кері байланыс «Маған үш зат айт» әдісі бойынша өтеді.

  • Біз бүгін ------оқып үйрендік.

  • Біздің топ --------жақсы жасай алды.

  • Мен -------өте жақсы жасай алдым.

Топтық және жұптық жұмыстар жасау кезінде қауіпсіздік техникасы ережесі сақталады.


Сергіту сәтінде дене қимылдары арқылы бойларын сергітеді. Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Бір демалып алайық.


Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?








Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз












Жалпы баға


Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпалетеалады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 қазан
1962
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі