400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Жүн және жібек маталар туралы түсінік

Материал туралы қысқаша түсінік
: оқушыларға мата түрлерінің құрылымдық ерекшеліктерін, негізгі қасиеттерін, мата атауларының мағынасын, тоқылу, өңдеу әдістерін түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың мақсаты: Жүн және жібек маталар туралы түсінік



а) білімділігі : оқушыларға мата түрлерінің құрылымдық

ерекшеліктерін, негізгі қасиеттерін, мата

атауларының мағынасын, тоқылу, өңдеу

әдістерін түсіндіру.

ә) дамытушылығы : оқушылардың танымдық деңгейлерін

кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту, мата

түрлерін ажырата білуге дағдыландыру,

іскерлік дағдыларын дамыту.

б) тәрбиелілігі : оқушыларды білімділікке, ізденімпаздыққа,

ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : аралас сабақ



Көрнекіліктері : « Мата түрлері » - бетшесі, «Мата құрылым-

дарын салыстыру » - кестесі, « Матаның

қасиеттері», «Мата атаулары» - бетшелері,

интерактивті тақта

Әдебиеттер : «Технология 6 » - оқулығы



І. Ұйымдастыру.

ІІ. Сабақтың құрылысы :

Жүн және жібек маталарының сыртқы құрылымы

Алғашқы өңдеу жұмыстары

Қасиеттері

Қызығушылығын ояту.

Мата неден тоқылады ?

Талшықтар қандай түрлерге бөлінеді ?

Талшық түрлерінен қандай маталар тоқылады ?

Мата бойындағы талшықтар қалай орналасады ?

Талшықтардан жіп дайындау жұмысы қалай аталады ?

Тігіс дегеніміз не ?

Матаның жиегі деп нені айтамыз?

Еліміздегі мақта өсірілетін аймақ.

Гүлдері бар құлпырған,

Кең жазықтан аумайды.

Оған әркім ұмтылған,

Киер киім оңтайлы.

Бұл не ? (мата)

Мағынаны түсіну

Талшықтар



табиғи жасанды



өсімдік тектес жануар тектес

м ақта және зығыр маталар жүн және жібек маталар





түйе,қой,ешкі жүнінен алынады жібек құртынан алынады



Жүн маталарын дайындау үшін алдымен өңдеу жұмыстарын орындайды.



Жүнді алғашқы өңдеу





талшықтарды сапасы бойынша іріктеу





тазалау



т үту





арнайы сабынмен жуу





кептіру



иіру



м ата тоқу









Жүн және жібек маталар

Табиғи жібек-өте жіңішке, нәзік жіп. Оны тұт жібек құртының қуыр- шағынан алады. Бұл тәсіл тоқыма өнеркәсібінде кеңінен қолданылады. Қуыршақтағы жібек жібінің ұзындығы 700-800 метрге дейін жетеді. Жіп өте жіңішке болғандықтан,біремес, бірнеше қуыршақтың жібін біріктіреді. Ондай жіпті жібек шикізаты деп атайды.

Жібекті алғашқы өңдеу жұмыстары былайша орындалады: жібекті тасымалдау және сақтау алдында өңдеу – жібекті бумен өңдеу және ыстық ауамен кептіру, жібек шикізатын алу – қуыршақты бумен өңдеу және бірнеше қуыршақтан жібек жібін жинау. Бұл операциялар жібек орау фабрикасында орындалады. Талшықтардан жіп иіреді, одан мата тоқылады.

Мата түрлері неліктен қыртыстанады, қысқарады,созылады т.б.өзгерістерге ұшырайды ?

Талшықтардың құрамы.

Матаның сапасы көбінесе талшықтардың құрамына байланысты.

Талшықтың ұзындығы

Талшықтың жуан-жіңішкелігі





Матаның сапасы





мықтылығы

жұмсақтығыы

иірілуі







Ұзын және жіңішке талшықтардан жіңішке,мықты, біркелкі жіп алынады. Мұндай жіптен тоқылған мата жұқа,берік,тегіс,жұмсақ болып келеді.

Ирек талшықтар жақсы жылу сақтағыштығымен ерекшеленеді. Мұндай талшықтан тоқылған маталарды қысқы киім тігу үшін қолданады.

Жүн және жібек талшықтарын салыстыру



Талшықтардың құрамы мен сыртқы көрінісі

Талшық атаулары

жүн

жібек

Түсі

ақ,қара,сары және басқа табиғи түстер

ақ

Жылтырлығы

қатты

онша қатты емес

Ұзындығы

10-250 мм

700-800 мм

Жуандығы

жуан талшықты

өте жіңішке талшықты

Иректігі

өте ирек

түзу

Жұмсақтығы

орташа

жоғары

Тегістігі

үлпілдек

тегіс

Беріктігі

мақтадан төмен

жоғары

серпімділігі

жоғары

орташа

Матаның құрамы, қасиетері талшықтарының құрылысына, жіптердің айқасуына түсіне,тоқылу ерекшеліктеріне байланысты. Матаның негізгі қасиеттері физика-механикалық, технологиялық,гигиеналық қасиеттері арқылы сипатталады.







қыртыстануы сетінегіштігі

мықтылығы төзімділігі қысқаруы ыдырауы

физ.-мех.қасиеті технологиялық



жіптердің жіптің

жіптің тоқылуы талшықтың айқасуы пішінінің серпімділігі

иірілуі сапасы өзгеруі



жылу ылғал

сақтағыштығы өткізгіштігі

гигиеналық



матаның тегістігі ауа

тығыздығы өткізгіштігі



Ылғал өткізгіштік – матаның қоршаған ортадағы ылғалды өткізу қасиеті .

Жылу сақтағыштық – тұрақты жылуды сақтау қасиеті.

Матаның қысқаруы – ылғалды-жылумен өңдеу кезінде мата өлшемінің

өзгеруі.

Матаның сетінеуі мен жіптің ыдырауы – жіптің серпімділігі мен тегістігі-

нің, айқасуының өзгеріске ұшырауы.

























Ой – толғаныс

Мата атауларын білеміз бе?

Масаты деп қандай матаны айтамыз ? Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Масаты – жұмсақ түкті мата

Шидем дегеніміз не ? Шидем шекпен кигенім, түлкі тымақ.

Шидем – түйе жүніне тоқылған мата

Шай дегеніміз не ? Шолпысы сылдырлап,шайы көйлегі сусылдап

Шайы – үлбіреген жұқа жібек мата

Бүлде деп нені айтамыз ? Үлде мен бүлдеге оранып

Бүлде – бағалы қымбат мата

Торқа – бағалы жібек мата

Күлдәрі – жұқа жібек мата

Манат – жүннен тоқылған барқыт тәрізді сырт киімдік мата

Оқа – жібек және зер жіптерден тоқылған көмкерме



Әсем,жанға жайлы қасиеттеріне сәйкес халқымыз көбінесе қыздарының есімдерін мата атауларымен атаған. Мысалы: Күлдәрі,Ұштап,Мақпал, Қырмызы,Жібек,Дүрия т.б.

Семантикалық карта толтыру.





Мата атаулары



мақта



зығыр



жібек



жүн

Ақзон





Барқыт





Баршын





Дүрия





Күлдәрі





Шағи





Шидем





Бомази





сиса









4. Кім тапқыр ? ( танымдық тапсырмалар)



киім

көркі

жапырақ

адам

сәні

шүберек

ағаш

мәдениет

айнасы



бойға

көрік

тазалық

киім

байлық

астан

қонымды

саулық

негізі

Ой түйіндеу : Мата атаулары қалай қойылған ?

- қасиеттеріне, сапасына, талшықтардың атауына, тоқылу ерекшеліктеріне

т.б. байланысты.

Кім көп біледі?



Ел жаңалықтары



Шежіре сыр шертеді





Үйге тапсырма : Мата түрлерінің құрылымдық қасиеттерін анықтау

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1389
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі