400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

жүннен киіз бұйымдарын жасау

Материал туралы қысқаша түсінік
жүн туралы түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы: 10

«Жүннен киіз өнімдерінің жаңа үлгілерін жасау технологиясы» шеберлік класы

Сабақтың тақырыбы: Жүннен киіз өнімдерінің жаңа үлгілерін жасау.
Сабақтың мақсаты: оқушылардың ізденімпаздығын, тиянақтылығын қалыптастыру.
Білімділік: оқушылардың қазақ халқының өнері жайлы
білімдерін бекіте отырып, ата - бабаларымыздың асыл қазыналарының бірі - киіз басу өнеріне деген көзқарасын қалыптастыру.
Дамытушылық: жеке тұлғаны қалыптастыруда дүниетанымын кеңейтіп, киіз басудағы біліктіліктерін нығайту, киіз басудын жаңа әдісін, шығармашылығың дамыту, қыздарға тән түрін беру.
Тәрбиелілік: халықтың өнерін, салт - дәстүрін бағалай біліге, ізденімпаздыққа, төзімділікке баулу, ептілікке, сұлулыққа, жолдастық өзара көмектесуге тәрбиеелеу.
Сабақтың түрі: шеберлік класы.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, теориялық білімді практикамен ұштастыру, слайд арқылы көрсету.
Сабақтың көрнекілігі: бұйым үлгілері, суреттер, схемалар, слайд, қауіпсіздік ережесі.
Құрал - саймандар: жүн, арнайы инелері, бұршікті пленка, сабын, су, губка, сулық, сетка, жіп, қайшы, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: сурет, сызу, тарих. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушыларды түгендеу.
2. Сабаққа даярлығын байқау.
3. Оқушылардың көңіл күйлерін сабаққа аудару.
ІІ. Оқушылардың ой өрісін дамыту әрекетінде қойылатын сұрақтар. 1. Еңбектің өмірдегі маңызын қалай түсінесіндер? 2. Өнердің қандай түрлерін білесіндер? 3. Өнердің түрлеріне байланысты даму кезеңдерін қалай түсінесіндер? ІІІ. Жаңа сабақ бөлімі. Ата - баба еліне саяхат.
«Балаңды өнерлі болсын десең - ұстаға кос».
«Өнер таусылмас азық, жоғалмас байлық» дейді халық даналығы.
Халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынаны – киіз басу жайлы қариялардан білеміз.
«Қарты бар үйдің – қазынасы бар» дейді.
Қазақ халқының қолданбалы өнері сонау ескі заман тарихымен бірге өсіп, біте қайнап келе жатқан өте бай қазына. Бұл тек қазақ халқының ғана емес, сондай - ақ туысқан Орта Азия орыс халқының қолданбалы өнерімен де ұштасып жатады.
Ерте заманнан бері халқымыздың кисе киім, ішсе тамақ етіп жатқан төрт түлігінің бірі қой малы. Қойдың етін тамақ, жүнін киім етіп (тоқып, тігіп) киген және үй тұрмысына пайдаланған. Халықтың өмірімен, тұрмыс - тіршілігімен байланысты болған шикізаттың бірі – жүн.

Шикізатты өндеу зауыты беске бөлінеді:
- қойды қырқу,
- жүнді сұрыптау,
- жүнді иіру
- бұйымды тоқу, босу,
- дайын бұйымдар.
ІҮ. Сарамандық жұмыс: Оқушылар өз өнерлерін шеберлік класы көрсету барысында шыңдайды.
Мұнда қыздар практика жүзінде жүннен әр түрлі бұйымдар жасайды: дымқыл киіз басу, құрғақ басу арқылы, моншақ, брош, қоржын, гобелен, суреттерін салып көрсетеді.
Жұмысты бастамас бұрын техникалық қауіпсіздік ережесін естеріне салу.
Жұмыс барысында қадағалап отырып, көмек беру.
Оқушылардын жасаған бұйымдарын тамашалау. Қорытынды: Балалар, бүгінгі сабағымыз жақсы өтті.
«Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық» дейді ғой халқымыз. Ендеше, бабалардан қалған осындай өнерді қастерлеп, өзіміз үйреніп, әрі дамыту – біздің міндетіміз, сендер үлкен шеберлікке жету үшін, үлкен дарын, терең білім, іскерлік пен төзімділік, шыдамдылық керек. Ұлттық қолөнерімізді қадірлеп қастерлей біліндер.
Ү. Оқушылардың білімін бағалау. 
ҮІ. Үйге тапсырма беру.
ҮІІ. Жұмыс орнын жинастыру.





AutoShape 13





























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
528
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі