жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Жүрегім өз елім деп соғады!" тәрбие сағаты мектепке дейінгі бөлім тәрбиешілеріне
Тақырыбы: «Жүрегім өз елім деп соғады!» «Әнұран» орындалады.(содан кейін балалар орындарына отырады)
1 Жүргізуші
Мен-қазақпын мың өліп,мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімен түн тірілген.
Мен қазақпын,биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім,
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім!
Армысыздар құрметті қонақтар,әріптестер және бүлдіршіндер.Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке.Бүгін тәуелсіздіктің 27-жылдық мерей тойымен шын жүректен құттықтай отырып, мектепалды даярлық сыныптарының «Жүрегім – өз елім деп соғады!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
2
Жүргізушінің сөзі:
Қайран,қазақ елі....қазақ халқы бұл
дүниеде не көрмеді?«Сонау Ақтабан
шұбырынды,Алакөл сұлама» заманынан
бастап,қойша қырылған «репрессия»
жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың
осынау кең жаһан далада өмір сүруі, не
жойылып кету қаупі тұрған еді. Халқымыздың
тарихындағы аса бір қиын кезең жоңғар
хонтайшыларының басқыншылық әрекеті
еді.Қазақтардың руларға, жүздерге ыдырап
бөлінуі кезеңін пайдаланып және
жеріміздің байлығына қызыққан азулы
жау бейбіт өмір сүріп отырған халықты
қырғынға ұшыратты.
1
Жүргізуші:
Ендеше балалардың қатысуымен
«Қазақ елі» атты көрінісінен үзінді
тамашалаңыздар.
2 Жүргізуші: Талшыбықтай бұралған, Қазағымның қыздары- ай! Сүйсіндірген биімен, Өнерлі ғой, қыздар - ай! Келесі тамашалайтындарыңыз, биші қыздарымыздың орындауында «Шашу» биі. 1 Жүргізушінің сөзі: Қанша азапқа түсіп, қуғын-сүргінге ұшыраса да ақылды, тамаша, қолбасшы Абылай хан қазақ халқының басын біріктіріп жауға қарсы шықты. Халқымыздың қаһарман батырларын мақтан етуіміз керек.
2 Жүргізуші: Балалар, Қазақстан Республикасының картасына қараңдаршы, картада біздің қалаларымыз, өзен, көлдер –барлығы бейнеленген. Осы кең байтақ қазақ жерінің бүгінгі Тәуелсіздігі кешегі Желтоқсан оқиғасымен тығыз байланысты. Желтоқсан көтерілісінде «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын!», «Біз қазақ ежелден еркіндік аңсаған», «Тәуелсіздік керек» деп ұрандап, қазақ халқының жері, болашағы үшін қыршын кеткен қазақтың ұл қыздары Қайрат Рысқұлбек, Ербол Сыпатайұлы, Ләззат Асанқызы, Сәбира Мұхамеджанқызының аттарын атап айтпай кетуге болмас. Олардың аңсаған армандары мен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігін алды. Бұл Қазақстан халқы үшін маңызды оқиға. Бір өкініштісі сол боздақтардың бүгінгі бақытты сәтімізді көре алмауы. Осы боздақтарымызға арнаған балаларымыздың тақпақтарын тыңдаңыздар. 1-бала: Қайраттай қайсар ұлдардың Жанымен келген еркіндік. Сәбира мен Ләззаттың Арымен келген еркіндік. Қасырет пен қайғының Бәрімен келген еркіндік.
2-бала: Он алтыншы желтоқсан, Ел мерейі тасыған. Қазақ деген қалың жұрт Бәрін кешті басынан. Он алтыншы желтоқсан Тәуелсіздік алған күн. Ерекше боп мәңгілік Ел жадында қалған күн. 3-бала: Ерлігіңе қуанам да сүйінем, Қайрат аға, рухыңа мен иілем. Бәйшешектің солғанына аһ ұрып, Әділ жанның қазасына күйінем 4- бала: Тәуелсіздік - рухы күшті ғажап күн, Артта қалды бодан болған азап күн. «Елім, жерім қазағым» деп тебіренем, Өйткені мен тәуелсізбін, азатпын. 5 бала Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма, Туған тілім шұбарланба жарқыра, Тарихымызда таланттылар көбейсін, Бас иемін ата баба рухына. Жүргізуші: Ақтөре Әр қазақтың есінде сақталады, Желтоқсандық өрендер ақталады. Ел намысын қорғаған сарбаздарым, Ерліктерің мәңгілік сақталады. Желтоқсан құрбандарын бір минут еске алайық.
Бір минут үнсіздік. Жүргізуші: Табиғаты алуан түрлі, жері бай, біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы сөйтіп, сан ғасырлардан соң қазақ халқының аңсаған арманы тәуелсіздікке қол жеткіздік. Тәуелсіздікті алғаннан кейін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұңғыш ел басы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. Елбасымыз еліміздің егемендігімен тәуелсіздігінің белгісі ретінде, мемлекеттік рәміздер қабылдады. Рәміздер халқымыздың рухани, ұлттық салт-санасын болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.
Жүргізуші: - 1992 жылы 4- маусымда мемлекетімізді әлемге паш ететін рәміздеріміз Ту, Елтаңба, Әнұран бекітілді. 6 бала Рәміздерім –елдігімнің белгісі, Білу керек бала-дағы ең кіші. Рәміздерім –әнұран, ту, елтаңба, Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
(рәміздер туралы айтады)
7 бала Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бірі ол Қазақстан туы. Тудың авторы белгілі суретші Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков. Біздің туымыз көгілдір түсті, төртбұрышты. Көгілдір түс аспан түстес тыныштықты білдіреді. Қақ ортасында сәулесін шашқан алтын күн бар. Ол байлықтың белгісі. Күннің астында қыран құс бар. Ол Қазақстан қырандай биікке самғасын дегенді білдіреді. Тудағы ою-өрнек қазақтың ұлттық ою-өрнегі. Біз туымызды құрмет тұтамыз.
8 бала Отан туы желбіреп, Көз тартады құбыла. Біз қараймыз елжіреп, Туған жердің туына. 9 бала Мемлекеттік елтаңбаның авторлары- танымал суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шотаман Уәлиханов. Елтаңбада шаңырақ бейнесі бар. Одан жан жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уық көптеген халықтар бірлігін көрсетеді. Елтаңбаның екі жағында қанатты арғымақ, жоғары жағында бес бұрышты жұлдызша бақытты өмірге жол сілтейді. Төменгі жағындағы «Қазақстан» жазуы Республикамыздың атын көрсетеді. Масақ-Отанымыздың байлығы.
10 бала Тәуелсіздік жолында, Талай-талай тер тамған. Билігім өз қолымда, Еркіндігім Елтаңбам. 11 бала Әнұран салтанатты кештерде, жиындарда, спортшылар жеңіс тұғырына көтерілгенде орындалады. Әнұранды барлық бала білеміз. Әнұран шырқағанда тыныш тұрып, оң қолымызды жүрегіміздің тұсына апарып, жүрекпен тыңдаймыз. Әнұран сөзінің авторлары: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әні: Шәмші Қалдаяқовтікі
12 бала Әнұраным-жан ұраным, Айтар әнім, сөйлер сөзім. Туған жерім сағынарым, Мәңгі бақи шырқалады, Республика Әнұраны. 13 бала Туған жерге нұр шашып жарық берген, Қуаныш пен мол бақыт алып келген. 16 желтоқсан шуақ болып, Тәуелсіздік еліме алып келген.
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Мемлекеттік рәміздер туралы өте жақсы айттыңдар! Мемлекеттік рәміздерді қастерлеп құрметтеу бәріміздің парызымыз болып саналады. Ту тігілді халқымның бүгін бағына, Жас өрендер желбіретіп, нық ұста, Ғасырларға жалғастырып елдікті, Дақ түсірме ата-баба рухына. Балалардың орындауындағы ән: «Көк тудың желбірегені»
Жүргізушінің сөзі: Біздің Отанымыз Егеменді тәуелсіз Қазақстан Республикасы. Тарих бізге тәуелсіздікті тарту етті. Енді біздің парызымыз ұлттық рәміздерді қастерлеу, тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына қосу, мәдениеттің биік шыңына көтерілу.Балалардың еліміздің тәуелсіздігіне арнаған өз тақпақтарына кезек берейік. 14 бала Қуан бүгін, қуан халқым, шынында, Ақтарылсын ағыл тегіл жырым да, Бір құдайдан бірлік қана тілеймін, Бүгінгі мынау тәуелсіздік таңында 15 бала Құтты болсын Тәуелсіздік мейрамы, Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады, Аңсаған сан ғасырлық арман болып, Қол жеткізген шындық жырын жырлады. 16 бала Көк майсалы жерім менің Егеменді елім менің Бас имеймін ешкімге Тәуелсізбін мен бүгін. 17 бала Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің, Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің, Бүгінде бар әлемге даңқың жетті. Тәуелсіз Қазақстан елім менің! 18 бала Тәуелсіздік ұлы күнім, Тұрсын жайнап төбемде, Сен, жасай бер мәңгі бақи, Қуанышқа бөленде. 19 бала Қуаныштан қалай кеуде кермеспін? Бұл күнімді бір ғасырға бермесін, Ақ түйенің қарны бүгін жарылды, Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін! 20 бала Қазақ елім! Туды жастық дәуірің, Алғандайсың жұлдызыңның жарығын, Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым, Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Жүргізушінің сөзі: Жанна Бойда қызу қаны ойнаған жігерлі, Қаһарманы заманымның бұл енді, Отан даңқы мүддесі үшін қажетті, Сарбаздары ол елдігімнің тірегі... дегендей биші ұлдарымыздың орындауында «Сарбаздар» биін тамашалаңыздар.
Жүргізушінің сөзі: Отан – әр адамның жүрегіне жақын, жылы, қасиетті сөз. Отан дегеніміз -адамның туып өскен жері, туған - туысқандарымен бірге тұратын ата-мекені. Сондықтан әрбір адам үшін дүниедегі қасиетті, киелі ұғым-Отан. 21 бала Елімнің атын айтсам - Қазақстан, Жерімнің атын айтсам - Қазақстан. Қазақстан - отаным мақтанышым, Мен сені жырлаймын мақтан үшін. Қазақстан туған елім ұлы өлкем, Абыройыңды асқақтатам мен ертең. 22 бала Отан тарих, отан тіл, Жасаған елің, ер халқың, Отан өлкең, отан жыр, Көтерген көкке ел даңқын. 23 бала Сұлу далам менің сүйген еркемсің, Жаны жайсаң жаратылған көркемсің. Қандай жақсы қазақ болып туғаным, О, Туған жер, тамашасың, көркемсің, 24 бала Отан дейміз от жаққан жерімізді, Отан дейміз өсірген елімізді. Отан дейміз туған жер атамекен, Биік тау, орман, тоғай көлімізді. 25 бала Отанның қасиетті тілін сүйем, Отанның құдыретті үнін сүйем... Отан, Отан, бәрінен биік екен, Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем! 26 бала Бақ сыйлаған болашақ өркеніне, Үміт арттым елімнің ертеңіне. Тәуелсіздік алғалы 27 жыл Отаным жылдан жылға көркеюде Жүргізушінің сөзі: Тарихы бар дастанындай ерліктің, Дәстүрі бар үлгісіндей елдіктің. Қазақстан – алтын бесік Отаным, Ұлы ордасы татулық пен теңдіктің-дей келе, Отанымыздың күні шуақты болсын деп,Отанға мақалдарымызды арнайық.
1.Туған жер алтын бесік. 2.Отан оттан да ыстық. 3.Өз елім өлең төсегім. 4.Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас. 5.Туған жерге туыңды тік. 6.Отансыз адам, ормансыз бұлбұл
Жүргізуші:
Мен сенің бастау бұлағың,
Өзіңе шашу
бұл әнім,
Сап түзеп шықты нық басып,
Қырандай берік
ұланың.
Балалардың орындауында «Отаным» әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізушінің сөзі: Тәуелсіздік алып әлемнің өркениетті, ең мықты мемлекеттері танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегіне ризашылық білдірген балаларымыздың тақпақтарына назар аударайық. 27 бала Биіктей бер, Нұр аға, Қыран қанат талмасын. Қадірлемей тұра ма Халық сіздей тұлғасын.
28 бала: Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар, Кең алқапты Жасыл жайлау далам бар. Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген, Ақ ниетті халық деген данам бар. 29 бала: Естімейік енді Елдің жылағанын, Қайта құлап, Бостандық сұрағанын. Абылайдың жолымен Алға басқан, Құт болсын «Нұрлы жолы" Нұр ағаның! Жүргізуші: Ақтөре «Нұр – Аға» әніне кезек берейік. Жүргізуші: Еліміздің егемендік алуы халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашып, бүкіл қоғамдық өмірімізге серпін ала келді.Ел ордамыз Астана қаласы бойкөтерді. Астана аз ғана уақыт ішінде әлемде өзіндік келбеті бар, көркі күнмен таласқан әсем қалаға айналды. Астанаға арнауды тыңдайық. 30 бала Гүл жайнаған Астана, Қазақстан Отаны. Бірін - бірі сыйлаған, Туысқандар Отаны. 31 бала Қадамың бар баспаған, Асуың бар аспаған, Халқым жетсін мұратқа, Ей, бас қалам-Астана. 32 бала Жас Астана, жас ғалам, Тарихың бар ашпаған. Ордасы бол ойшылдың, Ей, бас қалам, Астанам. 33 бала Мақтанамын мемлекетім барына, Терезем тең басқалармен, неменеге тарылам?! Өз елінің жырын жырлап, мұңын мұңдап әрқашан, Өз елінің қорғаушысы болу керек әр ұлан! Мен жас ұланмын, мемлекеттің қорғанышымын ертеңгі, Нұрға, гүлге толтырамын, өзім туған өлкемді!
Жүргізуші: Мектепалды даярлық сынып балалары сауаттарын ашып, алғашқы әріптермен танысып, үйреніп жатыр.Осы үйренген әріптерінен Қазақстанға арнаған тілектерін құрап айтқысы келеді. Ендеше балаларды ортаға шақырайық. Қ - қазағымыз аман болсын!
А- азамат боп мен ертең, Отанға қызмет етем.
З - Заманымыз тыныш болсын.
А - аман болайық.
Қ - қыран құстай биік самғайық.
С - Сарыарқа даласында бейбітшілік болсын
Т - Табиғатты аялайық.
А - Аспанымыз ашық болсын.
Н
- Нанымыз көп болсын.
Жүргізуші: Бүлдіршіндердің орындауында ән: «Атамекен»
Жүргізуші:
Бақтың құсы әр адамға қонып бір, О, Тәңірім, бізді баққа жолықтыр!!! Бүгін, міне, Тәуелсіздік ағайын, Әр Қазақтың жүрегі деп соғып тұр!..
Жүргізуші: Қазақстан – көк байрақты нұрлы елім, Сен дегенде лүпілдейді жүрегім, Өзің менің қуанышым, бақытым Сен өзіңсің тынысым да тірегім! Қазақстан Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.
Жүргізуші: Осымен бүгінгі дайындаған шағын концерттік бағдарламамызды аяқтаймыз. Келесі кездескенше, сау-саламатта болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген