«Жүрегім толы - мейірім»
қайырымдылық кеші
1 —
жүргізуші: Мұғалім Махамбет
Армысыздар құрметті көрермен!
Біздер И.Тайманов атындағы №27 орта мектептің белсенді оқушылары
«Жас Ұлан» ұйымымен бірлесіп, «Жүрегім толы - мейірім» қайырымдылық
кешін өткізгелі отырмыз. Олай болса, кешімізді ашық деп
жариялаймыз.
2 — жүргізуші: Әділғалиева
Мидина
Өткізейік бүгін күнді жылы
жүзбен
Бізге келсін қуаныш, нұр
іздеген
Мейірім толған жанымыз
жүрегіміз
Көрген адам үлгі алсын мына
бізден
1 — жүргізуші: Мұғалім
Махамбет Ендеше қымбатты қамқоршылар, панасызға пана
болып, қамқорсызға қамқор болу, тағдырдың жазғаныменен жаралы
болғандарға жәрдем беру,жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік,
қамқорлық,қайырымдылық сияқты асыл қасиеттеріңіз үшін бас
иеміз.
2 — жүргізуші: Әділғалиева
Мидина
Өтеді ғой.. Өтеді барлығы
да,
Күн арқалап кетеді таңды
мына
Менің жаным ашиды
барлығына,
Таң нұрына, адамның
тағдырына
Қасым
Муслим:
Өмірді мен жомарт деп айта
алмаймын
Бекер айттым екен деп айта қайта
алмаймын
Өйткені біреулерге бақыт
қонса,
Біреулер сорлап жатыр байқалмай
тым.
Өмірді жұмақ деп те
таңданбаймын
Сазды әуенге елітіп
алданбаймын
Бір әумесер есірсе есі
кетіп,
Біреулерді күрсінтіп жүр толған
қайғың
1 — жүргізуші: Мұғалім
Махамбет
Жақсылық жасай білейік, жақсы
өмір сүрейік дей отыра кезекті әсем әнге
берейік. Ән: Бала
тілегі
Орындайтындар: Абзалова
Меруерт
Би: Бипыл Шашу би
тобы
Халық
күйі: Тепеңкөк
Орындайтын: Жолдыбай Нұртас
1 —
жүргізуші: Мұғалім Махамбет
Ортаға бір сергіп алайық би
«Қуыршақтар» биі
Балалар сіздердіде биге
шақырамыз. Әділғалиева Медина
Сигалиева
Назымгүл
Ән: «Мен қазақтың баласымын»
орындайтындар: Асқар Рамазан
Асқар
Арман
Күй: «Қуаныш» орындайтын: Байгожиев
Рамазан
2 —
жүргізуші: Әділғалиева
Мидина
Бақыт жайлы пікір айтып, қызулы топ
таласты,
Бірі айтады: бақыт деген барлық, байлық емес
пе
Керегінше киіп, ішсең, «Бақыттысың» демес
пе
Бірі айтады: «Жоқ, бақыт деген қолың емес,
мансап қой,
Жұрттан гөрі жүрсең ерек, соның өзі жақсы ат
қой»
Бірі айтады: «Бақыт деген жүйрік мініп, той
тойлау,
Ісің болмай күйбеңменен, қарын тойса, карт
ойнау»
Бірі айтады: «Бақыт деген адал жар мен
перзент қой!
Ынтымаққа ырыс келген, ол да саған келмек
қой!»
Пікірлердің таласына осылай мен
жолықтым,
Бақыт адам баласына келмес оңай, соны
ұқтым,
Безбеймін мен байлықтан да, баладан да,
жардан да,
Мансап жетпес бар адамға, үлестіріп
алғанда.
Үміт үзбей іздейді олар, таңдап сол бір
уақытты.
Оны алыстан іздемегін, жүректен тап бақытты !
деп ақын атамыз
айтқандай, бір бірімізге бақыт сыйлар жүрек
жылуымыз, мейіріміміз
сарқылмасын!
/Қобыз/
Елігай орындайтын: Асанқызы
Аймира
Күй: Дәулеткерейдің Түркімен
күйі
Орындайтын: Маженова
Томирис
Ән:
«Көңілді күн» орындайтын: Қали
Аяулым
2 —
жүргізуші: Әділғалиева
Мидина
Ән:
«Қазақ қыздары» орындайтын: Джорабеков
Асылбек
1 — жүргізуші: Мұғалім
Махамбет
Адамзаттың бәрін сүй деп Абай
атамыз айтқандай бәріміз бір атаның баласындай бір жұдырық болып
дос болайық. Ешқашан ештеңеге мойымайық! Әрдайым шын жүректен
қуанайық.
Молдрахманов Матиннің
орындауында әсем әнін қарсы алыңыздар.
2 — жүргізуші: Әділғалиева
Мидина
Алақан жылуын, мейірімділікті аңсаған әрбір
жанның жүрегіне жылылық ұялатып, бақыт сыйлау борышымыз. Ендеше,
болашағымыз жарқын, ұрпағымыз бақытты болсын десек, бір- бірімізге
қолдан келер қамқорлығымызды аямайық, ағайын! Осымен
«Жүрегім толы -
мейірім» атты қайырымдылық кешімізді аяқтай келе, әр
отбасыға бақыт, амандық - саулық
тілейміз!
Олай болса, осы мектеп - интернатының тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары Бибігүл апайымызға сөз кезегін
берсек.
/Ән: хормен Бір үйдің
баласындай/