Тақырыбы: «Қайырымдылық - жылы
жүректен»
(бастауыш сынып апталығының
ашылуы).
Мақсаты: жаңа инновациялық ақпараттық
технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық
қабілеттерін дамытып, балалардың бойына қайырымдылық, мейірімділік
қасиеттерін сіндіру.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Білімнің сара
жолы мектептен басталады, ал білімнің алғаш есігін ашатын кілті –
бастауыш екенін барлығымыз білеміз. Ең алғаш әріп танып,
оқуға,
санауға, есептеуге үйреніп, білімге деген
құмарлығымызды бастауыштан
бастаймыз.
- Бүгін, біз 28 - қаңтар мен 2 ақпан
аралығында өтетін «Қайырымдылық - жылы
жүректен» атты бастауыш сынып арасындағы апталық іс -
шарасын ашқалы
отырмыз.
Бастауыш сынып әдіс бірлестігінің онкүндік
жұмыс жоспарымен таныстырып
өтейін:
Жүргізуші:
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізер білім шыңына.
Бастауыштан қанасың,
Білімнің нәрлі сырына
1 -
оқушы: Бастауышым -
бастамам,
Білім жолын
бастаған.
Білім шыңы
биікте,
Белді бу жас
данам.
2-оқушы: Мектеп - кеме, білім -
теңіз,
Б
Барар жерге тез
жетеміз.
Адаспаймыз ұлы
жолда,
Ұстаз берген білім
қолда.
3 -
оқушы: Бастауышым - балбұлағым, Алдым сенен балдың
дәмін.
Әріп танып, білім
алып,
Рахметімді жаудырамын.
(Төлеби)
4 -
оқушы: Жастың өсті
санасы
Елжірейді
жүрегі
Бастауышқа бар
бала,
Алғыс айтып
жүреді.
5 - оқушы:
Апталықты бастаймыз.
Білім құмар достарым
Қызыққа толы сұрақты
Алдарына тастаймыз,
Жүргізуші:
1 «Ғ» сынып оқушыларының орындауында
ән.
Барлықтарыңызды пәндер апталығының ашылуымен құттықтаймыз!
Апталықта бәрі бар – ашық сабақтар, жарыстар... Тамашалап, белсенді
ат салысып, білімді жастар екенімізді көрсетейік! Мықтыларға
арналған бастауыш пән апталығында оқушыларға үлкен жеңістерді,
мұғалімдерге табыс тілейміз!