400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жүрек жылуы

Материал туралы қысқаша түсінік
даярлық топ тәрбиешілері үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ж.Кереев атындағы жалпы

білім беретін орта мектебінің

даярлық класс тәрбиешісі

Саулебаева Гулназ Кадиргалиевна





Тақырыбы: «Жүрек жылуы »

Мақсаты: Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру. Психологиялық кеңес, ағарту жұмыстарын жүргізу . Ата - аналардың өзара қарым - қатынасын жақсарту.

Көрнекілігі: Музыка жазылған үнтаспа, қағаз - қаламдар, жүрекшелер

1. Шаттық шеңбері:Ата-аналарды бір-бірімен таныстыру

Тәрбиеші:Сіздерді ортаға шаттық шеңберіне шақырамын. Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Қане, бәріміз шеңбер құрайық. Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз? Қалай ойлайсыздар. Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір - бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне, сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз. Енді мен қазір мына лентаның бір шетін менің жанымда тұрған анамызға берем де өзімнің есімімді айтып,бір тілек айтам, ал ол анамыз лентаның шетін алады да келесі адамға ұсынып кімнің анасы не әкесі екенін айтып,атын айтады және бір тілек айтады,ослай жалғаса береді. Осылайша сіздер бір-біріңізбен танысасыздар және бәріміз жақсылық тілеп, шаттана қуанып, күлкімізді сыйлаймыз.

2. Өзіңді-өзің танысаң — істің басы

Жақсы немесе жаман қасиеттер тренинг —

Алла мықты жаратқан сегіз батыр,

Баяғыдан соғысып әлі жатыр

Кезек-кезек жығылып, жатып тұрып

Кім жеңері белгісіз түбінде ақыр.

Міне, осы жұмбақтың жауабы сегіз батырдың біріншісі «жақсылық» болса, екіншісі «жамандық» екен. Кез келген адамнан ол екеуін табу үшін айнадағы бейнемізге қарап ойланамыз. Ал, енді сіздер берілген парақтың оң жағына жақсы , сол жағына жаман қасиеттеріңізді жазасыздар. 3 мин

Қандай қасиеттерді көп жаздыңыздар?

Қайсысынан өзіңізді көбірек таптыңыз?

Осыған дейін осы қасиеттер жайлы ойланып көрдіңіз бе?

(Барлығы жазған қасиеттерін оқып шығады) Жаман қасиеттеріңізден арылғыларыңыз келе ме? Ендеше жаман қасиеттеріңізді бөліп жыртып алып «менің бойымнан осы жаман қасиеттер мәңгіге жоғалсын» — деп айтып ұсақтап жыртып тастаймыз.

Сіздің бойыңыздағы қасиеттер сәйкес келе ме, жоқ па анықтау мақсатында шағын психологиялық тест жүргізіп көрейік. (ауызша тест)

Қорытынды: Бала ата-ананың айнасы-демекші, баламыздың бойына өз бойымыздағы жақсы қасиеттерді сіңіре білейік.

3.«Жүрек жылуы» жаттығуы

Қатысушыларға кішкене жүрекшелер таратылады.

Тренингке қатысушы аналар....

«Менің сен сияқты керемет анаға тілейтінім!». ..... деген ойды жалғастырулары керек. Бір-біріне деген жақсы лебіздерін білдіреді.

«Тілек білдіру» тренингі. Мұнда бір - біріңізге тілек айтасыздар, яғни айту кезінде ол адамды құшақтап тұрып немесе басқалай да іс - қимылмен тілек білдіресіз.

Талдау: - сізге тілек білдіргенде қалай сезіндіңіз?

- сізге тілекті шынайы айтты ма?

- сіз айтылған тілекті қалай қабыл алдыңыз?

4.«Түйінді сөзді мен айтамын» стратегиясы

«Бала көңілін қалай табуға болады?» деген сұрақты әр ата - ана топтарында талқылап, бір байламға келіп, ой түйінін ортаға жеткізіп, айтып береді.

6. Ата - аналарға кеңес.

1. Отбасындағы психологиялық ахуал, татулық пен тыныштық, жайдары қабақ, бейіл береке - оның барлық мүшелерінің ырысы ойға алған істерінің өрге басып, мақсаттарының жүзеге асуының кепілі.

2. Бала - ата - анасының физиологиялық, психо - әлеуметтік көшірмесі. Ол бойындағы барлық нышандарды ата - анасынан тұқым қуалау арқылы алады. Ал дүниеге келіп, отбасындағы өмірлік ортаға түскенде ең алдымен, бала тұлғасының дамуына оның ата - анамен қарым - қатынасы әсер етеді.

3. Жанұяда балаға орынсыз ұзақ әңгіме айтып, шұбалаңқы ақыл айта беру де пайдасыз.

4. Бала ісіндегі кездейсоқ болған бір сәтсіздікті қазбалай бермей, ескерту жасаса жеткілікті.

5. Балаға аса байыппен қарау керек, мейлі ол әлжуаз немесе дәрменсіз болсын, болашағынан үміт үзбеген жөн.

5.Қорытынды.

Ата - анаға көз қуаныш, Алдына алған еркесі, Көңіліне көп жұбаныш. Гүлденіп ой - өлкесі,- деп Абай атамыз ата - ананың қуанышы, гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата - аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Адам да өмір сияқты, күлмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізге ұстайық: «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер»,- деп ата - бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытыңда көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
381
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі