Мақсаты:
Балалардың
бойларындағы адамгершілік, қайырымдылық,
сүйіспеншілік, ізгілік, инабаттылық,
ақылдылық, әдептілік қасиеттерін
ояту,сүйіспеншілікпен әрекет жасау
дағдыларын дамыту.
Міндеттері:
-
Білімділік:
мейірімділік қасиет пен өзара көмек
әрекеттері туралы түсініктерін
кеңейту.
-
Дамытушылық:қамқорлық
жасау өзара көмек көрсету дағдыларын
дамыту.
-Тәрбиелік:қайырымды,жағымды
қарым-қатынастар жасауға тәрбиелеу.
|
Ресурстар:
(
материалдар, дереккөздер)
Интерактивті
тақта, дәйексөз, ән мәтіні, слайд,
суреттер, оқулық, дәптер
|
Сабақтың
барысы:
1.Ұйымдастыру
кезеңі.
«5Т - тәртіп, талап, тыныштық, тазалық,
татулық» ережесін еске түсіру.
Жағымды
көңіл күй. Тыныштық сәті. «Нұрға
бөлену».-Балалар,
дұрыс отырайық,арқаларыңызды түзу
ұстайық,қолдарыңызды партаға қоюға
болады,көздеріңізді жұмайық. Сіз
табиғаттың ең көркем жерінде екенін
елестеңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта
жалаң аяқ жүрсіз. (тыныштық). Жасыл шөп
сіздің аяғынызды сипап жатқан сезімде
боласыз. (тыныштық). Күннің көзі жер
бетін қыздыруда. (тыныштық).Сіз гүлдің,
шөптің және балдың иісін сезесіз.
(тыныштық). Өзеннің сыңғырлағанын,
көңілді құстар ән салып жатқанын
естисіз. (тыныштық).
Тыныштықта
тұрып, өзімізді тындайық, табиғат-анамызды
тындайық. Алақаңдарыңызды күннің
көзіне жайыңыз. (тыныштық).Көк аспаннан
және көктемгі жылы күннің сәулелерін
сезіңіз (тыныштық).
1,2,3
көзімізді ашайық.Қолымызды жайып,
бізге өмір, денсаулық, қуаныш және
жақсы көңіл күй сыйлаған Ана-Табиғатқа
«Рахмет» деп айтайық.
Сізге «тыныштық
сәті» ұнады ма?Қандай сезімде болдыңдар?
2.Үй
тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы
88беттегі В. Осееваның ізімен «Жай
ғана әжей»
әңгімесін оқып келу тапсырылған .
Оқушы дәптерін тексеру.
Сұрақтар:
● Сендердің
осындай оқиғаға кездесулерің мүмкін
бе?
● Бұл
оқиғадан не үйрендің?
●
Абзал
мен Айнұрдың ой – пікірлері туралы
не айтасыңдар?
|
3.Сабақтың
дәйексөзі.
Табиғаттағы
барлық жылу - күннен,
Өмірдегі
барлық жылу – адамнан.
М.
Пришвин
Ұл
балалар 2 рет, қыз балалар 2 рет
Дәйексөздің
мағынасын қалай түсінесіңдер?
Қорытынды:
Өзің адамдарға, айналаға көмек көрсете
алсаң, саған да қиналған сәтте адамдар,
айналаңда көмек береді дегенді
білдіреді. Жан-жағына жақсылық жасап
жүру жақсы адамның ісі.
|
4.Әңгімелеу.
( мұғалім сыйы)
«Әлемді
өзгерткен аналар» туралы
ақпарат беру
Елімізде
қайырымдылық жасаудың негізінде
құрылған «Бөбек» қоры. «Бөбек» қорының
президенті Сара
Алпысқызы Назарбаева
еліміздегі көмекке мұқтаж жандарға
қол ұшын беріп, аялы алақанын ұсынуда.
(
Оқушыларға слайд арқылы көрсету)
|
5.Шығармашылық
жұмыс. Топтық.
Өздерің
жақсы көретін адамдарың туралы
әңгімелеп беріңдер.
Суреттерге
қарап, жағдаятты шешіңдер.
|
6.Топпен
ән айту. «Дос
болайық біріміз» әнін
орындау
Әрқашан
дос біргеміз,
Ажырамас
іргеміз,
Ілгері
жүріңдер,
Достық
жырын біліңдер,
Ту
ғып ұстап бірлікті
Еңбекті
сүйіңдер
Қ-сы:
Дос
болайық бәріміз,
Жарасып
тұр әніміз,
Тыныштықты
сақтаймыз,сақтаймыз
Атсын
күліп таңымыз
Қайраттанып
қарышта,
Озып
шыққан жарыста,
Батыл
бас,жасұлан.
Самға,биік
алысқа,
Жұлдыздарға
ғарышқа,
Бойда
күш тасыған.
|
7. Үй
тапсырмасы. Оқулықтағы
91 беттегі М. Сүндетовтың «Қайырымдылық»
әңгімесін оқып келу. Дәптермен жұмыс.
|
8.Соңғы
тыныштық сәті.
(Музыка
ойнап тұрады.)
Тыныштық
... бар жерде, тыныштық ... бар әлемде.
-
Енді, көзімізді жұмып,осы сабақта
айтылған ойлар мен ізгі істерді ой
елегінен өткізіп көрейікші. Барлық
айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің
түкпіріне апарып орналастырайық.
Бүгінгі сабақта не үйренгенімізді
іштеріңізден қайталаңыздар.
-
«Мен сабырлымын, ұстамдымын. Үйде де,
аулада да, мектепте де өзімді сабырлы
ұстаймын, ешнәрсеге ренжімеймін. Маған
сабырлы, ұстамды болған өте ұнайды»
деп қайталаңыздар.Енді көздеріңізді
ашуларыңызға болады.Сабақ аяқталды.Сау
болыңыздар!
|