Материалдар / "Жүрек жылуы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Жүрек жылуы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелейді. Көңіл-күйді көтеру және жағымды сезім мен эмоцияны қалыптастырады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Сәуір 2021
480
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тренинг тақырыбы: Жүрек жылуы

Мақсаты: көңіл-күйді көтеру және жағымды сезім мен эмоцияны қалыптастыру.

Көрнекіліктер: жұмсақ ойыншық, әр түрлі смайликтер, түрлі-түсті қарындаштар және қағаздар, ақырын әуен ойналады.



Сабақ барысы:

1-жаттығу: «Жүректен шыққан лебіздер»

2-жаттығу «Мені түсін».

3-жаттығу.«Кел ойнайық» сергіту сәті

4-жаттығу «Өзіме тілек»

5-жаттығу: «Жан жүрек сыры».

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, балалардың көңіл-күйлерін сұрау.

-Сәлеметсіздерме балалар? Қалдарыңыз, көңіл-күйлеріңіз қалай?



Мұғалім.

1-жаттығу: «Жүректен шыққан лебіздер» арқылы бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік ________________ осындай тамаша көңіл-күймен бүгінгі біздің ойын сабағымыздың тақырыбы  «Жүрек жылуы» деп аталатын тренингмізді бастаймыз.

- Бүгін күн қандай тамаша!  Балалар, сіздердің көңіл-күйлерің жақсы болса бүгінгі сабағымызды бастайық. Бүгінгі біздің сабағымыз ойын түрінде өтеді. Балалар, сіздер ойын ойнағанды жақсы көресіздер ме?

-Балалардың пікірін тыңдау. Олай болса балалар «Жүрек жылуы» деген сөздің мағанасын қалай түсінесіздер? Балалардың пікірлерін тыңдау..



Мультфильм көру





2 – тапсырма «Мені түсін» деп аталады

Білім алушылар, мен қазір әрқайсыңызға бір-бірден белгілі бір сөз жазылған қағаздан беремін. Сол қағазда жазылған сөзді сөйлемей, іс-қимылмен көрсетіп бересіздер. Мысалы, «ренжіп тұрған адам», «қуанып тұрған адам», «қарны ашып тұрған адамның» т.б осы тапсырманы орындағаннан кейін, тағы да жүректің бір бөлігі ілінеді. Осыдан кейін бәріміз орнымыздан тұрып, сергіту сәтін жасаймыз.



Мұғалім. 3-жаттығу.«Кел ойнайық» сергіту сәті
1.Өтірік айту жаман қасиет дегендерің, қол соғайық.
2.Жақсы адам болғыларың келсе, орнымыздан тұрайық.
3.Жалқаулық жаман қасиет дегендерің, отырайық.
4. Бүгінгі сабаққа жақсы көңіл-күймен келгендеріңіз, аяқты еденге соғайық.
5. Адамгершілігі мол адамдар орнымыздан тұрайық.
6. Осы мектеп туралы жақсы ой-пікірдегі адамдар «Біз» деп айқайлаңыздар.
7. Бүгінгі кездесуге қуаныштылар қол шапалақтайық.
8. Оқушылар сабақтарын 5-4 оқысын десеңіздер бір-біріміздің  қолымызды алысайық.



Мұғалім. 4-жаттығу «Өзіме тілек» жаттығуы

Қатысушылар, сіздер өздеріңізге тілек ойлап табуларыңыз қажет. Осы тренингтен кейін өздеріңізге не тілегілеріңіз келеді? Жарты шеңбердің басында яғни менің оң жағымда тұрған қатысушы өзінің оң жағында тұрған адамға өзіңе ойластырған тілегін дауыстап айтады. Тілекті қабылдаған адам әрі қарай айтып беріп жарты шеңбердің басына тұруы тиіс. Әр адамға өзінің тілегі айналып келген соң жаттығу аяқталады.

Осы сәтте қандай сезімде болдыңыз?



Мұғалім. 5-жаттығу: «Жан жүрек сыры».

Мына үлкен ақ жүрекке назар аударыңыздар. Ол тірі емес, дүрсілдемейді. Біз қазір оған жан беруіміз керек. Қатысушыларға түрлі-түсті қағаздардан жасалған кішкентай жүректер таратылып, оған жылы, мейірімді сөздер жазулары сұралды. Жансыз жүректі жандандыру. Плакаттан үлкен жүректі қиып алып, сол жүрекке жылы-жылы сөздер жазылған кішкентай жүректерді орналастыру.

Сұрақ:

  • Қалай ойлайсыздар, жүрегіміз жанданды ма? Қайтіп? Неліктен?

Ең бастысы сүйе білу керек. Қайырымды болу-ол еліне, табиғатқа, адам баласына деген махаббаттан басталады. Әр уақытта жақсы сөз айтуға, қайырымды іс жасауға бейім болу. Әр уақытта қасыңыздағы досыңның пікірін, не қажет ететінін тыңдай біліңіз. Ерік беріңіз. Шыдамды бола біліңіз. Оның ісін бағалаңыз. Жасаған қателігін көре тұра, оған сенетініңізді білдіріңіз. Күлімдеп, қасында бірге болуға көңіл бөліңіз.

Талдау: Балалардың пікірлерімен бөлісу.

Оқушылар  сабақ соңында өздерінің жүрек түпкіріндегі сезімдеріне  ризашылықтарын білдіреді.

Оқушылар оң қолдарымен жүрек тұсын ұстап кезегімен мынадай сөйлемдер айтады:

-Менің қайрымды  жүрегіме рақмет!

-Менің мейрімді жүрегіме рақмет!
-Менің жылы жүрегіме рақмет!
-Менің жүрегімнің адамдарды жақсы көргеніне рақмет!
-Менің жүрегімдегі жақсы көру сезіміне рақмет!
-Менің жүрегімнің  қуана білетініне рақмет!
-Менің жүрегімнің жанашырлығына рақмет!

-Менің жүрегімнің адалдығына рақмет!

-Менің жүрегімнің қамқорлығына рақмет!

-Менің жүрегімнің шыншылдығына рақмет!

-Менің жүрегімнің кеңдігіне рақмет!

-Менің жүрегімнің парасаттылығына рақмет!

-Менің жүрегімнің адалдығына рақмет!

-Менің жылы жүрегіме рақмет!

-Менің жүрегімнің қамқорлығына рақмет!



Қорытынды:  Мұғалім: Балалар,бүгін бәрің сабаққа жақсы қатыстыңдар.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!