400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жүрек жылуы

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп психологына
Материалдың қысқаша нұсқасы





















Тақырыбы:

«Жүрек жылуы»

(тренинг)



Өткізген : мектеп психологы















Тренингтің тақырыбы: Жүрек жылуы

Сыныбы: 4

Мақсаты: Оқушылардың  көңіл-күйлерін көтеру, жағымды эмоция қалыптастыру.

А) білімділігі: Оқушыларға көңіл-күйлерін көтеретін ойындар ойнату.

Ә)тәрбиелілігі: Жүрек жылуын сыйлай білуге тәрбиелеу.

Б)дамытушылығы:Өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.

 Көрнекілігі: Музыка, шар.интерактивті тақта,жүрекше үлгісі

Тренинг бағдарламасы:

1 «Сәлемдесу» ойыны

2. «Сиқырлы таяқша» жаттығуы

3. Көкөністер арқылы ұрысу

4. «Қолдағы хат»

5. «Жүрек жылуын сыйлаймын» жаттығуы



1. «Сәлемдесу» ойыны. Қазір біз сіздермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларыңыз керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сіздер бір-бірлеріңізбен тез-тез амандасасыздар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыздар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.

2.«Сиқырлы таяқша» жаттығу.

Сиқырлы таяқшаны бір-біріңе ұсына отырып, адам бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерді айтып шығайық

Жағымды

Жағымсыз

Мейірімділік

өтірік айту

Жан ашу

өшпенділік

Сыпайылық

Кек сақтау

Даналық

Тіл алмау

-         Әр жағымсыз қасиеттің өзінің жақсы жағы болады. Мысалы: сараң адам ол – үнемшіл. Төбелесу – біреуге қол ұшын бері. Енді осы жағымсыз қасиеттердің де өзіндік жақсы жақтары болады, соны айтайық.



 





 3. «Көкөністер арқылы ұрысамыз»

Бұл ойында балалар ұрысқан кезде бір-біріне жаман сөздердің орнына көкөністердің атаулары арқылы ұрысады. (мысалы: сен пиязсың, сен сәбізсің, сен қиярсың).

 4. «Қолдағы хат». Әрқайсысы өзіне серігін таңдап, қарама-қарсы тұра қалады. Бойы ұзындау бала, көзін жұмып тұру керек. Егер бойлары бірдей болса, кімнің жасы үлкен бала көзін жұмады. Көзін жұмып тұрған бала қолын алға созып тұрады. Көзі ашық бала соның алақанына хат жаза бастайды, жеке тұрған баспа әріптерді. «Көзін жұмған» ойыншы сол әріптерді табуға тырысып, не оқығанын айтып беру керек. Бір әріпті жазғаннан кейін келесіні жазар алдында бұрын жазылған әріпті өшіріп тастап отыру керек.

5. «Жүрек жылуын сыйлаймын» жаттығуы.

Қатысушылар шеңбер құрып, үлкен жүректі сағаттың тілімен бір-біріне «Мен саған жүрек жылуымды сыйлаймын» деп береді.Бір-біріне жақсы тілектер айту.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14.11.2018
974
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі