Материалдар / Жүрек жылуы ата-аналарға арналған тренинг
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жүрек жылуы ата-аналарға арналған тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналарға арналған тренинг
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Мұнайлы психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті»КММ


















Ата – аналармен психологиялық тренинг

«Жүрек жылуы»















Психологтар: Елжанова Ж.М

Смайылова Г.А

2023-2024ж

Тақырыбы : «Жүрек жылуы»

Мақсаты: Бала тәрбиесі дамуындағы басты роль атқарушы – отбасы. Сондықтан ата-ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау, өзін – өзі тануына бағыт беру, тәрбие жайлы пікір бөлісу, ата-аналарға балаға рухани тәрбие берудегі отбасының ролі жайлы түсіндіру.

Міндеті: Ата –аналарды өздерінің балаларының жан- дүниесін түсінуге шақыру, ата-ана мен бала арасындағы жақындық қалыптастыру, қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.

Күтілетін нәтиже: тренинг барысында ата-аналар демалып, баланы түсініп, кез келген жағдайда қарым-қатынаста бір-бірін түсіне білу.

Тренингтің ережесі:

1. Сөзді бөлмеу

2. Бір – біріне кедергі жасамау

3. Бірігіп жұмыс жасмау

4. Күлімсіреу

5. Ұялы телефонымызды дыбыссыз режимге қою.

Тренингтің жоспары:

1. Кіріспе

2. Танысу «Достық» жаттығуы

3. «Дыбыстық жаттығу»

4. «Шар» жаттығуы

5. «Шар үрлеу» жаттығуы

6. «Джунглидегі жаңбыр» жаттығу

7. «Релаксация» «Уайымнан арылу»

8. Қорытынды. Кері байланыс.

Психолог сөзі: Сәлеметсіздерме құрметті ата-аналар, қош келдіңіздер. Бүгінгі тренинг сабағымызға қатысып отырғандарыңызға алғысымызды білдіреміз.

Отбасы - Адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі.
Бала қанша білім алып, мектеп табалдырығын аттағанымен, оның өмірінің көп бөлігі әке - шешесінің қасында өтеді екен. Олай болса ата-аналар сіздермен танысу жаттығуын өткізейік.

«Танысу» жаттығуы:

Ата-аналар ортаға шығып, шеңбер болып дөңгеленіп тұрайық. Мына лентаны ұстап өз есімімізді және баламыздың есімін, оны қалай еркелетіп айтатындығымызды айтып, келесі адамға жылы лебізімізді білдіріп, лентаның шетін ұсынайық. Міне лентамыз шеңбер болды. Олай болса осындай достықпен әрқашан бірге тығыз қарым-қатынаста болайық.

«Шар» жаттығуы

Барысы: Ол үшін сіздер тығыз шеңбер құрып, шарды ауада көбірек уақыт бойы қалықтап ұстауларыңыз қажет. Түрлі әдістерді қолдануға болады- үрлеу, баспен тигізу, аяқпен тебу бірақ ең бастысы қолды тигізбеу. Бұл ойын сіздер мен біздердің ортақ мәселемізді яғни «балаға дұрыс тәрбие беру» мәселесін қалай бірлесіп шешетіндігімізге бағытталған.

- Ойын барысында қандай сезімде болдыңыздар? Шарды ауада ұстап тұру қиын болдыма? Ата-аналар қалауы бойынша өз әсерлерін айтады.

«Шар үрлеу» жаттығуы

Әрбір қатысушы бір шардан алып, оны жарылғанша үреді. Шардың ішінде жасырылған сөзді ым -ишара, қимыл арқылы түсіндіру.

.«Джунглидегі жаңбыр» жаттығуы

Барысы: бір-бірінің соңына шеңбер жасап тұрыңыздар, джунглиде жүрмін деп елестетіңіздер. Ауа-райы өте тамаша күн жарқырап тұр, ыстық әрі қапырық болып барады. Бір уақытта самал жел соқты (алдыңыздағы тұрған адамның арқасына жұғысып, жеңіл қимылдар жасаңыздар). Жел көтеріліп желкіді(арқаны қаттырақ басамыз). Қатты дауыл соқты(қимылдарыңыз күшейіп шеңбер бойымен жүргізіледі). Ұсақ жаңбыр сіркіреді(серіктесіңіздің арқасын саусағыңызбен басыңыз). Кенет нөсер жауын құйды(алақаныңызбен жоғары-төмен қимылдар жасаңыздар). Бұршақ жауды(арқаны қатты соғамыз). Тағы да нөсер жауын жауды, ұсақ жаңбыр сіркіреді, дауыл соқты, жел соқты, жел басылып келеді. Енді жарқырап күн шықты.

Релаксация:

Нұсқау:

Біз кейде шаршаған кезде демалғымыз келеді...

Ыңғайлы жатыңыз(отырыңыз), көзіңізді жұмыңыз да ерекше саяхатты елестетіңіз.Айтқанымның барлығын елестетіп отырыңыз...

Қолымызда бір қапшық бар. Сол қапшықты толтырайық.Керек емес нәрсенің барлығын соның ішіне салайық; өкпе, реніштерді, көз жасын, ұрыс- керісті, сәтсіздікті, өкінішті... Қапшықтың аузын байлап саяхатқа аттанайық..

Сіз тұратын үйден кең жолға шықтық...

Жолымыз алыс, қапшығымыз ауыр, иығымыз ауырды, біз шаршадық, аяқ- қолымыз талды. О-Ох! Демалғымыз келді! Ендеше демалайық! Қапшықты жерге тастап, жатайық. Терең демаламыз: ауаны тартамыз(3 секунд) тартамыз-шығарамыз.Деміміз жеңіл, түзу, терең. Жердің иісің сезесіндерме?

Жапырақтардың аңқыған иісі, гүлдердің хош иістері, кеудеңді кернейді.Жер бүкіл уайымды, өкініш пен шаршаудысіңіріп алып денеңізді күшке, қуанышқа толтырады.

Енді әрі қарай жол жүру керек.Тұрыңыздар.Қапшықтарыңызды көтеріңіздер, сезесіздер ме, ол жеңілденіп қалды.Сіз гүлге толы дала бойымен келе жатырсыз:шегірткелер шырылдап, аралар ызылдап, құстар ән салуда.Осы дыбыстарды мұқият тыңдайық.Алдыңызда мөп-мөлдір бұлақ.Бұлақтың суы емді, дәмді.Сіз бұлаққа созылып, қолыңызды мөлдір суға батырып, мұздай, дәмді судан ішіп жатырсыз.Бүкіл денеңізге мұздай судың таралғаның сезесіз бе? Сіз денеңіздің жеңілдеп, жаңарғаның сезесіз... Жақсы!Суға түсіңіз. Ол аяғыңызды жұмсақ сипайды,шаршағаныңызды басады.Сіз тастан тасқа секіріңіз, сізге жеңіл және көңілді қапшық мүлдем жеңілдеп кетті.Түрлі- түсті тамшылар шашырап, бетіңізді, маңдайыңызды, мойыныңызды, бүкіл денеңізді жаңартады.Ке-рем-ет.!!!

Сіз арғы бетке өтіп шықтыңыз! Ешқандай кедергіден қорықпайсыз!

Әдемі жсыл алаңда аппақ әсем үй тұр.Есігі ашық сізді ішіне шақырып тұрғандай.Сіз кірдіңіз.Алдыңызда пеш, жылынып кеуіп алуға болады.Сіз пештің алдына отырып, оттың жарық алауларын қарап отырсыз. Олар көңілді секіріп, билеп қояды.Жылы лебіз бетіңізден қолдарыңыздан сипап, бойды жылытады.

Айналатыныш, жайлы! От сіздің бойыңыздағы реніш, сағыныш, уайымды алып кетеді.Қаранаызшы, сіздің қапшығынңыз босап қалды...Сіз үйден шығып, таза ауаны бір жұтасыз! Сіз ризасыз және қуаныштысыз! Самал жел сізді шашыңыздан, бетіңізден сипап өтті.Денеңіз ұшып кетердей жеп-жеңіл.Сіз өзіңізді керемет сезініп тұрсыз!Самал жел сіздің қапшығыңызды қуанышқа, мейірімге, махаббатқа толтырады...

Барлық осы байлықты сіз үйіңізге алып барып. Өз балаларыңыз бен, жақындарыңызбен, достарыңызбен бөлісесіз.(үзіліс 30 секунттан кем емес)

Енді көзіңізді ашып, жымыуыңызға болады- сіз үйдесіз және сізді жақсы көреді...

Қорытынды. Кері байланыс.

Психологтардың сіздерге аз ғана кеңесі.

  • Балаңызды сүйіңіз.Яғни оның қасыңызда барна қуаныңыз, ол өзі қандай болса, солай қабылдаңыз.

  • Балаңызды басқа балалармен салыстырмаңыз.

  • Күнде балаңызбен сөйлесуге жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз.

  • Баланың әрбір жетістігі үшін мақтап отырыңыз.

  • Балаңызды жетістік пен дәрежесі үшін емес,сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретіндігіңізді сездіртіңіз.

  • Балаңызбен бірге әңгімелер,ертегілер, фантастикалық оқиғалар құрастырып,баланың шығармашылық қабілетінің дамуына жағдай жасаңыз.

  • Балаңыздың сүйікті ісіне керек кітап,ойын,т.б. құралдармен қамтамасыз етіңіз.

  • Істеген жұмысының нәтижелі болуына көмектесіңіз.

  • Балаңыздың өткір ойлығына сеніп, әрдайым сенім артыңыз.

  • Талантты емес балалар жоқ. Баланы қинамаңыз, өз еркінсіз оқыт ып зорламаңыз. Қызықтыра біліңіз, балаға өзін-өзін жетілдіре алатын орта жасаңыз.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!