Материалдар / Жүрек қантамырлар жүйесі аурулары (жаңа тақырыпты меңгерту)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жүрек қантамырлар жүйесі аурулары (жаңа тақырыпты меңгерту)

Материал туралы қысқаша түсінік
Жүрек қантамырлар жүйесі аурулары алдын алу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қаңтар 2019
406
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.2А – Заттардың тасымалдануы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8а

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:1

Сабақтың тақырыбы

Жүрек қантамырлар жүйесі аурулары (жаңа тақырыпты меңгерту)

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.1.3.12 қантамыр жүйесі ауруларының себептері мен ауру белгілерін сипаттау

Сабақтың мақсаты

  • қанайналым жүйесі ауруларының себептері мен белгілерін сипаттау

Бағалау критерийлері

  • қанайналым жүйесі ауруларын сипаттайды;

  • аурулардың себептерін түсіндіреді;

  • қанайналым жүйесі ауруларының алдын – алу шараларын ұсынады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Қанайналым жүйесі мүшелерінің ауруларын атайды;

гипертония, инфаркт, тахикардия, ишемиялық ауру, атеросклероз, инсульт ауруларының туындау себептерін түсіндіреді;

Осы аурулардың алдын алу жолдарын ұсына алады;

Оқушылар тиісті терминологияны пайдалана отырып, аурулардың себептері, белгілері мен алдын алу шараларын ауызша және жазбаша түрде түсіндіре алады.


Пәнге қатысты лексика мен терминология:

гипертония, инфаркт, тахикардия, ишемиялық ауру, атеросклероз, инсульт, коронарлы артерия, тамырдың бөгелуі

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Инсульт кезіндегі белгілерге... жатады.

Коронарлы артериялар оттегіні ...тасымалдайды.

Инсульттың алдын алу үшін..., ..., ... қажет.

Ишемиялық ауру...себептен туындайды.

Атеросклероздың себептеріне ...жатады.

Тахикардия ...байланысты туындайды.

Құндылықтарды дарыту

Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділік, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады.

Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады.

Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс атқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады.

Рөлдік ойын арқылы өзіне рефлексия жасау, өз ісіне жауапкершілік таныту, тілектестікте болу, қоғамдық өмірге дайындық құндылықтары дамытылады.


Пәнаралық байланыс

Қан қысымы, ағу жылдамдығы, қан тамырларының кеңеюі, тарылуы түсініктері арқылы физика пәнімен байланысады.

Жүрек-қан тамырлары ауруларының себептерін қарастырғанда тамақ құрамындағы әртүрлі химиялық заттардың табиғаты туралы білім арқылы химия пәнімен байланысады.

Алдыңғы білім

7-сыныптан оқушылар жұқпалы аурулардың себептері микробтарға байланысты екенін, 8-сыныптан асқорыту жүйесі мүшелерінің аурулары мен жұқпалы аурулардың туындау себептері мен алдын алу шараларын біледі. 8-сыныптан қанайналым жүйесінің түрлері, қанның құрамы мен қызметтері туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-2 мин


Ұйымдастыру кезеңі:ынтымақтастық атмосферасын құру

Оқушылар бір –біріне сәттілік тілейді






0-6мин


Оқушыларға өткен сабақ бойынша видео көрсетіп, жүрек құрылымдары мен қан тамырларының түрлері, қызметтері туралы сәйкестендіру тапсырмасын орындау ұсынылады. Біз жүректің құрылысы, қанайналым жүйелерінің түрлері, қан тамырларының ерекшеліктері, қызметтерін білеміз. Осы мүшелер туралы тағы нені білу қажет деп ойлайсыздар сұрағын қоя отырып, осы мүшелерде кездесетін ауытқулар, яғни аурулары туралы сабақ болатынына назар аудартылады. Аурулар туралы қандай білім сіздерге қажет сұрағы арқылы сабақтың мақсаттары анықталады.





1– қосымша

Видео көрсетілім

1-слайд

Сабақтың ортасы

7-17 мин

Оқушыларға тақырып мазмұнын түсініп оқуға ұсынылады.

Мұғалім оқушылардың жұмысына бағыт сілтей отырып, кері байланыс ұсынады. Оқушылардың бір-бірімен тиісті ақпаратты жинақтауына назар аударылды.

2 - қосымша







18-27 мин

Білім жинақтау мен сұрақтар дайындаудан кейін оқушылар жұптасып жүрек қантамыр ауруларының алдын алу тақырып төңірегінде талқылау жүргізеді.

Ақпарат алмасу

Әр жұп оушылар алдымен тек бір ауруға қатысты талқылау жүргізгеннен соң келесі ауруға ауысады.

Критерийлер:

  • Қан тамыр жүйесі ауруларын сипаттайды;

  • Аурулардың себептерін түсіндіреді;

  • Қан тамыр жүйесі ауруларының алдын – алу шараларын ұсынады.

Дескрипторлар:


  • Қантамырлар жүйесі ауруларының туындау себептерін түсіндіреді;

  • Аурудың белгілерін сипаттайды;

  • Барлық аурулардың алдын-алу шараларын ұсынады.

Мұғалім сұрақтар қойып, толықтыруларға бағыттай отырып, кері байланыс ұсынады.

2-слайд

Видео көрсетілім

28-36 мин

Ақпарат алмасудан соң оқушылар жалпы қанайналым жүйесінің ауруларын болдырмау жолдарын ұсыну тапсырмасын орындайды. Ол үшін оқушылар жекелеген ағылшын тілінде ақпараттық парақшаларын әзірлейді. Дайын жұмысты бір- біріне таныстырады.

Кейбір оқушыларға қалыптастырушы бағалау тапсырмасы ұсынылады.

Мұғалім кері байланыс ұсынады.

2-қосымша



3-слайд

Сабақтың соңы

37-40 мин









Кері байланыс

БББ

Мен білгім келеді бөліміне тоқталып, оқушылармен бірге талқылаулар жасап, жауап беріледі.

14 слайд








Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Оқушылардың ақпарат жинақтау тапсырмасын орындау кезінде ақпаратты мазмұны бойынша жұптасып жинақтауы арқылы

Оқушыларға ақпаратпен жұмыс жасау барысында өз білімдерін қосымша ақпараттармен толықтыру мүмкіндігін беру арқылы

Оқушылардың жекелеген талқылау барысында сұрақтар қоюлары мен жауап берулері арқылы

Оқушылардың білімді бекіту мақсатындағы ауруларды болдырмауға байланысты ұсыныстар берулері арқылы


Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Оқушылардың сәйкестендіру тапсырмасын орындаулары

Ауызша жауаптары арқылы

Сұрақтар құрастырулары мен жауап берулері арқылы


Сабақтың соңындағы қорытынды тапсырманы орындауы, таныстырулары арқылы


Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Жекелеген ,жұптық жұмыстарға дайындалу кезінде оқушылар белсенді қозғалыс жасайды































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!