Жүрек
қуанышы
Тренинг
мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке,
мейірімділікке, қарапайымдылыққа, ізгілікке,
кеңпейілділікке тәрбиелей отырып, оқушылардың бойына жақсы
қасиеттерді сіңіру әрдайым жақсылық, қамқорлық жасай біуге
баулу, сыныпқа сыйластық қарым-қатынас
орнату.
Сәлеметсіздерме
оқушылар! Бүгін мен сендерді көргеніме өте
қуаныштымын.Көңіл-күйлеріңіз қалай? Біз бүгін «Жүрек қуанышы» тақырыбы аясында жаныңда жүрген жақын
адамдарды, отбасындағы ата-анаңды, туған-туысқандарыңды достарыңды
сыйлауды, құрметтеуді, оларға жүрегімізден шыққан жылы
лебіздеріммізді айта білуді үйренеміз. Бүгінгі біздің сабағымызға белсенді
қатысуларыныңды сұраймын.
Балалардың
пікірін тыңдау. Балалар сіздер бұл "жүрек қуаынышы, жылы жүрек",
"жақсы тілек" сөздерінің мағанасын қалай
түсінесіздер? Балалардың пікірлері
тыңдалады
Бүгінгі сабақтан жақсы әсер
алып, үйге көтеріңкі көңіл-күймен қайтуға
тілектеспін.
«Амандасу»
жаттығу.
Қарым-қатынас амандасудан басталады. Ойыншылар дөңгеленіп тұрады.
Барлығы тақтаға қарайды. Егер тақтада күлкі-бейнеленсе, онда
бір-бірімізге күлімдей қараймыз. Қол-бейнеленсе қолымызды қысып
амандасамыз. Күн- бейнеленсе жақсы ықыласпен сәлемдесеміз. Жүрек -
бейнеленсе құшақтасамыз.
«Жүрек»
ойыны
(Жүрек бірнеше пішіндерге
қиылып бөлінген)
Әрбір ойынға қатысушы бала
сиқырлы қоржыннан адамның қасиеттерін анықтайтын сөзде жазылған
түрлі пішіндер алады. Қайырымды, мейірімді, сабырлы, кешіріледі.
Соңынан осы пішіндерден үлкен бір бүтін жүрек
құрастырылады.
3. «Қимылды
көңіл-күй» сергіту сәті
1.Өтірік айту жаман қасиет дегендеріміз, қол соғайық.
2.Жақсы адам болғыларың келсе, орнымыздан
тұрайық.
3.Жалқаулық жаман қасиет дегендерің,
отырайық.
4. Бүгінгі сабаққа жақсы көңіл-күймен
келгендеріңіз, аяқты еденге
соғайық.
5. Адамгершілігі мол адамдар орнымыздан
тұрайық.
6. Осы мектеп туралы жақсы ой-пікірдегі
адамдар «Біз» деп
айқайлаңыздар.
7. Бүгінгі кездесуге қуаныштылар қол
шапалақтайық.
8. Оқушылар сабақтарын 5-4 оқысын десеңіздер
бір-біріміздің қолымызды
алысайық.
«Жан
жүрек сыры».
Қымбатты оқушылар тренинг соңында сабақ барысында алған әсерімізді
бөліспес бұрын жанымыздағы оқушыларға жүрек түкпірінен шықан жылы
лебізімізді білдіреміз. Жүрекшеде "Менің сен сияқты керемет оқушыға
тілерім ... деп жазылған. Ол үшін қатысушыларға түрлі-түсті
қағаздардан жасалған кішкентай жүректер таратылып, оған жылы,
мейірімді сөздер жазулары сұралды .Ең бастысы қайырымды болу-ол
еліне, табиғатқа, адам баласына деген махаббаттан
басталады. Әр уақытта жақсы сөз айтуға, қайырымды іс жасауға
бейім болу. Әр уақытта қасыңыздағы баланың пікірін, не қажет
ететінін тыңдай біліңіз. Ерік беріңіз. Шыдамды бола біліңіз. Оның
ісін бағалаңыз. Жасаған қателігін көре тұра, оған сенетініңізді
білдіріңіз. Күлімдеп, қасында бірге болуға көңіл
бөліңіз.
«Менің
қасиетім»жаттығуы
Қазіргі кезде біреудің мақтағаны өте қажет, бірақ
ол өте сирек болып жатады. Қазір сіздерде өзіңізді мақтау
мүмкіндігі бар. Олай болса мен сіздерге өзіңізді мақтауды ұсынамын.
Сонымен мына сөйлемді аяқтаңыз: «Мен өзімді осы ...........
қасиетім үшін мақтаймын» деп сөйлемді
аяқтайсыз.
Оқушылар сабақ соңында өздерінің жүрек
түпкіріндегі сезімдеріне ризашылықтарын
білдіреді.
Оқушылар оң қолдарымен жүрек тұсын ұстап
кезегімен мынадай сөйлемдер
айтады:
-Менің қайрымды жүрегіме
рақмет!
-Менің мейрімді жүрегіме
рақмет!
-Менің жылы жүрегіме
рақмет!
-Менің жүрегімнің адамдарды жақсы көргеніне
рақмет!
-Менің жүрегімдегі жақсы көру сезіміне
рақмет!
-Менің жүрегімнің қуана білетініне
рақмет!
-Менің жүрегімнің жанашырлығына
рақмет!
«Жүрек
қуанышы»
Психологиялық тренинг
сабақ
Психолог: Даулетханова
М.Д
2017
жыл
«М.Әуезов атындағы орта
мектебі» КММ
Тренингке
хаттама
Тақырыбы: «Жүрек
қуанышы»
Өткізілген
уақыты:07.02.17
Мақсаты:
: Оқушыларды адамгершілікке,
мейірімділікке, қарапайымдылыққа, ізгілікке,
кеңпейілділікке тәрбиелей отырып, оқушылардың бойына жақсы
қасиеттерді сіңіру әрдайым жақсылық, қамқорлық жасай біуге
баулу, сыныпқа сыйластық қарым-қатынас
орнату.
Тренинг барысы:
«Амандасу»
жаттығу.
«Жүрек»
ойыны
. «Қимылды
көңіл-күй» сергіту сәті
«Жан жүрек
сыры».
«Менің
қасиетім»жаттығуы.
Қорытынды: Сыныпта сыйластық
қарым-қатынас орнады. Басында оқушылар бір-бірінен ұялып ашыла
алмай отырды. Менің керемет сыныптасқа тілерім деп бастап, бір
біріне ашыла бастады. Тренинг сәтті қызықты
өтті.