400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жүрек қызметі, құрылысы

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сыныпқа арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы: 8

Күні:

Сабақтың тақырыбы

Жүректің құрылысы. Жүрекшелер мен қақпақшалардың рөлі. Жүрек қақпақшалары. Жүрек жұмысының кезеңдері. Қан тамырлары: артериялар, капиллярлар. Веналар. Веналық қақпақшалар

Мақсаты

Жүректің құрылысы, жұмысы,қан тамырлары туралы түсінік беру

Күтілетін нәтижелел

Жүрек және қан тамырларының құрылысы, жүректің жұмысы туралы біледі; тамырлардың құрылысын салыстыра алады; қанайналым мүшелерінің организм тіршілігіндегі маңызына баға береді.

Керекті жабдықтар




Флипчарт

Оқыту әдістемесі, жұмыс дәптері, тест тапсырмалары

Қолданылатын әдістер

Тестировщик арқылы үй тапсырмасын тексеру, қалыптастырушы тест өткізу, жаңа тақырыпты меңгеруде «Жеке ойлану-жұпта бөлісу-топта жинақтау-ұжымда ортаға шығару» әдісі бойынша «Жарнама» жасау, бекітуде жоғары және төменгі дәрежелі сұрақтар

Сабақ барысы:

Сабақ кезең-дері

Уақы-ты

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе


2 мин



10 мин

Сыныппен амандасу Топтарға бөлу (5 топ)


Топтарға бөлініп отырады

Топтық ережені еске түсіреді

Тест тапсырмаларын өз беттерімен орындайды

Қалыптастырушы тест арқылы өздерін-өздері баға-лайды. Оның нәтижесі өздерінде қалады, қай бағытта білімдерін жетілдіру қажеттігін білу үшін. Бағалау критерийлері арқылы өзін-өзі бағалайды.

Тұсаукесер




2 мин

- Балалар, біздер өткен сабақтарда организмнің ішкі ортасы туралы, қанның құрамы, қызметі туралы таныстық. Бірақ қанайналым мүшелері туралы таныспадық. Бүгінгі сабағымызда қанайналым мүшелерінің құрылысы туралы танысамыз.

- Адам қандай класқа жатады?

- Сүтқоректілер класының жүрегі неше бөлімді?

Жаңа сабақ тақырыбы мен мақсатын айтады.

Сабақ критерийлері:

  1. Жүректің құрылысы

  2. Жүрек жұмысының кезеңдері

  3. Қан тамырларының құрылысы, бір-бірінен айырмашылығы

  4. Қанайналым мүшелерінің организм тіршілігіндегі маңызы

Негізгі бөлім


17

мин

























10 мин

Жаңа тақырыпты меңгерту үшін «Жарнама» әдісін қолданамын. Жаңа тақырып бойынша топтарға жүректің құрылысы, артериялар, веналар, капиллярлар абзацтары бойынша оқулықты оқуға , жұпта түсінгендерін бөлісіп, сосын топта талдауға тапсырма беремін. «Жеке ойлану-жұпта бөлісу-топта жинақтау-ұжымда ортаға шығару» әдісі бойынша

«Жарнама» әдісі бойынша топ өздеріне берілген қанайналым мүшесін таныстырады.

Түсіну деңгейлерін анықтау үшін және жаңа тақырыпты бекіту үшін жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар сұрақтар қоямын.

Білу, түсіну деңгейіндегі сұрақтар:

  1. Жүрек неше бөлімнен тұрады?

  2. Жүрекшелер мен қарыншалар өзара қалай байланысады?

  3. Қарыншалар мен тамырлар қалай байланысады?

  4. Жүрек неше қабаттан тұрады? Қалай аталады?

  5. Артерия тамырының құрылысы қандай?

  6. Вена тамырының құрылысы қандай?

  7. Капиллиярдың ерекшелігі неде?

Қолдану, талдау деңгейіндегі сұрақтар:

  1. Жүрек құрылысындағы қандай бейімделулер қанның бір бағытта қозғалуын қамтамасыз етеді?

  2. Неліктен жүрек үздіксіз және өмір бойы қажусыз жұмыс істей алады?

Жинақтау, бағалау деңгейіндегі сұрақтар:

  1. Жүрек үшін жүрек қабының рөлі қандай?

  2. Қанайналым мүшелерінің организм тіршілігіндегі маңызы қандай?

Топ мүшелері тақырыппен танысады, жұпта түсінгендерін бөліседі, топта талдайды.

Өздеріне берілген қанайналым мүшесін таныстырады.

Ең жақсы жарнама жасаған топ анықталады.

Топтар бір-бірін «бір жұлдыз, бір ұсыныс бойынша» бағалайды

Қоры

тынды




2 мин







1 мин

1 мин

Сабақ бойы жұмыстанулары бойынша оқушыларды бағалаймын , бағаға түсініктеме беремін.

Үйге тапсырма: тақырыпты оқу, стикерлерге сұрақтар жазып келу

Сабақ рефлексиясы.

Бағалаларымен танысады

Сабақ бойынша өз сезімдерімен бөліседі.

Сабақтың өзіндік талдауы





Сабақ бойынша өзгертулер













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
1329
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі