Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жүректен- жүрекке

Материал туралы қысқаша түсінік
"Жүректен -жүрекке" шағын концерт Сара Алпысқызының туған күніне байланысты өткізілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жүректен жүрекке
Мақсаты: Балалардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, әлеуметтік жағдайы төмен балаларға көмек көрсету, оқушыларды кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу.
1-Жүргізуші:

Қайырымды бола білу үлкен іс,
Үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетіп.
Жақсылықты жаса қолдан келсе егер,
Біле білсең өзің үшін ол жеңіс.
Армысыздар, құрметті қонақтар, ата-аналар, балалар! Мектебімізде өтіп жатқан «Қайырымдылық – жылы жүректен» атты тақырыбындағы мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
2-Жүргізуші:

Балаларды қорғау керек бәрінен,
Қардан, қыстың қаһарынан, кәрінен.
Қорғау керек нәзік гүлдей аялап,
Жан шуағы, мейірім, бақыт, қуаныш
Балаларға бөлінбесін алалап.
1-Жүргізуші: Мектебіміздің күміс көмей әншісі Мұхтар Аружан «Анаға сый» өлеңімен ортаға шақырамыз.
2-Жүргізуші: Егеменді еліміздің жарқын болашағы – бүгінгі жас бүлдіршіндер. Сондықтан, барлық игі жақсылық пен жүрек жылылығы балғын балаларға арналады.
1-Жүргізуші:

Неткен құдірет! Күн ғой сәби күлгені,
Жарқыратып жібереді-ау дүниені
Жетеді ме күлгеніне сәбидің. 
Жарты әлемнің барлық жалын гүлдері.- дей келе, кезекті 
«Отбасым байлығым» өз шығармашылығы Аманжол Меруертті шақырамыз.
2-Жүргізуші:

Мейірімділік – ғажайып өмір есегі,
Мейірімді болсаң, сазды әуенмен тербетілер бесігің.
Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің,
Мейірімсіз болсаң, Алладан болмас кешірім.
Қол ұшын бер жетімдерге жылаған,
Қайтарма қолын ананың көмек сұраған
1-Жүргізуші:Ортаға бастауыш сынып оқушыларын шақырамыз

2-Жүргізуші:

Біз тілейміз бар бөбекке,
Бақытты өмір сүргенін.
Туған елге еркелеп,
Қуанғанын, күлгенін.
Сусынымыз қанады,
Өнер, білім, нәрімен.
Әлемдегі баланың,
Дос боламыз бәрімен.
1-Жүргізуші: Сөз кезегі мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аманбаева Ғалия апайға береміз.
2-Жүргізуші: 
Алаңдатпай сәби сүйген ананы.
Қатыгездік, безбүйректік, өктемдік,
Жауыздықтан қорғау керек баланы.
Ауру, апат, жоқшылықтан, аштықтан,
Жалқаулықтан, жат қылықтан, мастықтан.
Балаларды қорғау керек, ажыратпай,
Ойын-күлкі, ұйқысынан шаттықтан.
Адамдарға адамдардың оғы ұшқан,
Қорғау керек баларды соғыстан.
Болашақтың, барша ұлттық тағдырын,
Балалардың тағдырымен тоғысқан.
1-Жүргізуші: «Екі досы», «Үш ұл» көрініс 6,7 сынып оқушыларын шақырамыз.

2-Жүргізуші: 
Біз тілейміз бар бөбекке,
Бақытты өмір сүргнін.
Туған елге еркелеп,
Қуанғанын, күлгенін.
Сусынымыз қанады,
Өнер, білім, нәрімен.
Әлемдегі баланың,
Дос боламыз бәрімен.
1-Жүргізуші: Өлең «Ризамыз өмірге» 8-9 сынып қыздары.
2-Жүргізуші: 
Осымен өткізілген қайырымдылық акциямызды аяқтай келе, баршаңызға балаларға деген жүрек жылуын бөлісуге атсалысып, ыстық ықыластарыңыз бен аялы алақандарыңызды созып, балғын бөбектерге адамдық мейірімділік пен жомарттық танытқандарыңызға рахмет айта отырып, келгендеріңізге алғысымызды білдіреміз.
1-Жүргізуші:
Бала – бауыр етіміз. Сондықтан да балалардың өмірі жарқын болып, аман болсын. Қош, Сау болыңыздар!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
1266
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі