400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жүректен-жүрекке

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал балабақша және мектеп психологтарына арналады
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесінің

«Бәйтерек» бөбекжай балабақшасы

Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны




Бекітемін

«Бәйтерек» бөбекжай

балабақшасының меңгерушісі

____________К.К.Карагулова






ТРЕНИНГ


«Жүректен – жүрекке»




















Психолог: Ақылан Г.Б.







2018-2019 жылы


Тәрбиешілерге арналған «Жүректен жүрекке» атты тренингі


Мақсаты:


-педагогтар арасында сезімнің сыртқы көріністерін көрсете білу;

-топта эмоциялық жайлылық қалыптастыру;

-жағымды қарым - қатынас орнату;

көңіл - күйлерін көтеру;

-бір-біріне жүректен шыққан жылы лебіздерін сыйлауға жағдай жасау.


Өткізілетін мерзімі: 16.05.2019 жыл


Жүргізуші: педагог-психолог: Ақылан Г.Б.


Өткізілу әдісі: тренинг, жаттығу.


Тренингті жүргізу барысы:


І. Ұйымдастыру. (жүргізілетін орынды дайындау, тренингтің өтілу барысын түсіндіру).


ІІ. «Танысу» тренингі


Шарты:Өз есіміңіздің бастапқы әріпінен келетін жағымды сөзбен есіміңізді қосып айтамыз. Мысалы: нұрлы Нұргүл, әсерлі Әсем, дарынды Дидар, т.б.


ІІІ. «Көңілді музыка» ойыны

Мақсаты: бойдағы шаршаудан, стресстен арылу.

Шарты: шеңбер бойымен тұрып, бір - бірінің иықтарына қолдарын қояды. Музыканың ырғағымен шеңберді айнала отырып билеп, иыққа ақырын саусақ қимылдарымен массаж жасайды. Ойын кері қайталанып отырады.

IV. «Ұқсастық шегі» жаттығуы

Шарты : Қатысушылар жұптасып отырады , А 4 қағаз беті және қалам қажет . Жанындағы жұбына қарап , ұқсастықты тауып , " Біздің ұқсастығымыз ." деп А 4 қағаз бетіне жазады . Ұқсастық табу үшін 4 мин уақыт беріледі . Жаттығуды орындағаннан кейін , жұп бір – бірінің жазған ұқсастығын оқып ,өз ойларын айтады . 

V.«Комплимент» ойыны

Мақсаты: қатысушылардың тіл табыса алуын, бір - бірін толық тануын дамыту.

Қатысушылар шеңбер бойымен тұрып кезекпен кез - келген жағымды комплимент айтады (Біздің тақырыпта мыс. «өте жаңашыл», «нағыз кәсіби педагог»т. б.), ал қалғандары ол комплименттің кімге арналғанын табады. Комплимент иесі ойынды ары қарай жалғастырады. Барлығы жағымды комплимент алмайынша ойын жалғаса береді.

 

VI.Рефлексия

-Бүгінгі тренинг сіздерге ұнады ма?

-Тренингтен қандай әсер алдыңыз? Стикерге жазу.


— «Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады» деген Ә. Науаи.
Шеңбер бойына тұрып жүректі үлестіріп бір-біріңізге тілек айтыңыздар.


Қорытынды. Адам өмірінде екі нәрсе ұмытылмайды екен, біріншісі- қайырымды ісі, екіншісі жүректен шыққан жылы сөзі.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
28.05.2020
1895
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі