«Қамқоршылар күні»
Көрініс:Әке қадыры
.
Алғыс
әні
1
жүргізуші: Қайырлы күн құрметті
ата-аналар,қонақтар, ұстаздар және мектеп оқушылары. Бүгінгі
Қамқоршылар күні «Жүректен жүрекке» атты мерекелік
кешімізге қош
келдіңіздер!
Қайырымды бола білу үлкен іс,
Біле білсең өзің үшін ол
жеңіс!
Жақсылықты жаса қолдан келсе
егер,
Үлкенге ізет, кішіге құрмет
көрсетер!
2
жүргізуші:
Жақсылық жасау – имандылықтың,
тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. Ертеңге талпыныс,
болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс – адамзатқа тән құбылыс емес
пе?! Әрдайым қайырымдылық, қамқорлық туралы ақын-жазушыларымыз
жырға қосқан! Олай болса ортаға өлең
шумақтарымен
9 сынып
оқушысы Мағжанқызы
Ақеркені шақырамыз!
/өлең/
1
жүргізуші:
Қолында бар да көмек ет,
Тарыққан жанға ағайын.
Қол
үшін бер де
демеу ет,
Алладан болсын сауабы!-дей келе, әрдайым жақсылық
жасауға ұмтылайық! Ортаға «Өмір өзен»
әнімен Сейтканова Алиманы
шақырамыз!
2-жүргізуші:
Жақсылықты ақ жүрекпен
қабылдап,
Самға биік, жалын атып жүр
алда.
Жігерің мен сеніміңді оттық
қып,
Жас қырандай қанат қағып
қиянға.
Асқақ арман - үлкен өмір
бастауы,
Болашаққа бақыт үнін
жолдаңдар!- дей келе, ортаға «Аққу арман»
бишілер тобын шақырамыз!
1
жүргізуші:
Дүние есігін ашқан әр сәби жетім болу үшін не
тастанды бала атану үшін өмірге келмейді. Ата-ананың жылуын
сезінуге әркімнің құқығы бар. Ата-бабамыз ежелден-ақ бұл ақиқатты
білген, сондықтан отбасындағы баланы ешуақытта жетім
қалдырмаған.
Ортаға «Бүлдіршіндер
тілегі» әнімен Қалибекова
Самалды
шақырамыз!
2
жүргізуші:
Өмір ырғақ, әуеніне ермесең,
Мың
бұралып, ырғағына биле сен!
Ғұмыры жоқ ырғақтардан
басқаның
Қарсы алайық, қошеметпен биле
сен!
Би Амина мен Даниал орындауында ЧАЧА
биі
1
жүргізуші:
Өмір ырғақ, нәзік әуен асқақ
үн,
Ғұмыры жоқ ырғақтардан
басқаның!
Ей,
адамзат бас әуенге, қос әнге,
Шырқат биік тіршіліктің
дастанын!
ОРТАДА Күй
«Смуглянка»
1
жүргізуші:
Музыкада адамның асқақ ойлары,
арман - мақсаты, ізгі тілектері, қуанышы, қайғы-қасіреті мен
әртүрлі сезім иірімдері бейнеленеді. Музыканың адам жан дүниесіне
тигізетін әсері орасан, сондықтан оны шынайы ықыласпен қабылдау
арқылы ғана түсінуге болады!
Кайнулаева Аяжанның орындауында «Құстар
қайтып барады» әнін қабыл алыңыздар!
2 жүргізуші:
«Қайырымдылық жасасаң,
қайырымын өзің көресің» — деген екен дана халқымыз. Қайырымдылық –
халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Адамдар бір-біріне
қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық
жасайды.
«Ризашылық» Көрінісін
ұсынамыз!
«Жан жылуы»
ӘНІ
1 жүргізуші:
Сөз кезегін мектебіміздің директоры
Ауганбаева Гүлфарида Базарбаевнаға
береміз!
2
жүргізуші: «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы
жоқ биден без», — дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап,
кісілікті ту етіп, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін
аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып , достық пейілдерін танытуға
келгендеріңізге үлкен ризашылығымызды
білдіреміз!!!
1
жүргізуші: Қымбатты ұстаздар мен ата -
аналар және оқушылар! Осымен бүгінгі өткен «Жүректен жүрекке» атты
концертіміз өз мәресіне келіп жетті. Өмірлеріңіз күндей нұрлы да
шуақты болсын. Келесі кездескенше сау
болыңыздар!