Оқудан
тыс іс-әрекеттердің жобасының жоспары
Мектеп:
Қазан
орта мектебі
Сынып:
5-6-7 сынып
Оқушылар
саны:6
Мерзімі:
13.10.2016
Мұғалім:
Жахина
Д.К
Оқудан
тыс іс-әрекеттың тақырыбы:
«Жүректен
шықан жылу»
Оқудан
тыс іс-әрекетті өткізу орны:
ардагер
ұстаз Балтабекова Күләш Жумажановна
кездесу
Мақсаты:
оқушыларда
сүйіспеншілік
құндылығы негізінде қамқорлық, жәрдем
беру, қайырымдылық туралы түсініктерін
кеңейту.
Міндеттері:
-Оқушылардың
бойында мейірімділік, қайырымдылық
ұғымдарының маңызын түсіндіру
-Оқушыларды
Отанын, отбасын, достарын сүюге,
жауапкершілікке тәрбиелеу.
|
Ресурстары:
(материалдары,
көздері):
фотоаппарат.
|
Оқудан
тыс іс-әрекеттердің жобасын өткізудің
даярлық жоспары
1.
Оқушылармен шағын әдеби монтаж
бағдарламасын дайындау.
2.Зейнеткерлерге
қамқорлық жасау акциясына дайындау
жұмысын жүргізу.
|
Талдау
|
Іс-шараны
өткізудің жоспары
1.
Іс-шара барысы: Ұйымдастыру кезеңi.
2.
Зейнеткер анамен пікір алмасу. Сұрақ
-жауап арқылы.
Мұғалім
мен оқушылардың сыйы.
Тақпақ
айту, өлең айту. Бір- бірімізге жақсы
тілектер айту.
|
|
Мұғалім
______________Жахина Д.К
Директор
______________Байжуманов Е.Б
Іс-шараның
барысы:
Жүргізуші:
Қымбатты
оқушылар! Мен өзімнің сөзімді қазақтың
ұлы ақыны Абайдың «Адамзаттың бәрін
сүй бауырым деп» деген даналық сөзін
бүгінгі акциямыздың эпиграфы ретінде
алғым келіп тұр.
Бүгінгі
«Қамқорлық - адамгершілік белгісі» атты
акциямыздың негізгі мақсаты қамқорсызға
қамқор болу, жәрдем беру, жас ұрпақтың
бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық,
қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді
бойына дарыту.
Балалар,
адам өміріндегі ең игі істерінің бірі
– мұқтаж жандарға қамқорлық жасау.
Адамдар бір - біріне қайырымдылық,
мейірімділік таныту арқылы жақсылық
жасайды.
Қамқорлықты
қажет ететін жандарға қол ұшын беру
арқылы адам баласы жақсылыққа қадам
бастайды.
Ендеше
бүгін біз сіздермен ардагер ұстаз
Сарбасова Бағила Ерғазықызының үйіне
барып, өз көмегімізді барынша жасайық.
Ол адам жалғыз тұрады, біздің көмегімізге
қуанып кетеды.
(үйіне
бару)
Сәлеметсіз
бе, Бағила Ерғазықызы. «Қамқорлық –
адамгершілік белгісі» акция аясында
біз оқушылармен бірге сізге көмектесуге
келдік. Балалар қуана, қуана келісті.
Сізге қандай көмек қажет. Балалар көмегін
аямайды.
(балалар
көмегін жасайды)
Бағила
Ерғазықызы өзіңіз жайлы айтып берсеңіз.
Еңбек
жолын қашан, қайда бастадыңыз?
Адам
бойындағы қандай қасиеттерді бағалайсыз?
Ал
қазіргі қоғамда қандай құндылықтар
қажет деп ойлайсыз?
Қанша
оқушы сіздің алдыңыздан өтті?
Мектепті
сағынасыз ба?
Осы
болашақ жастарға айтар сөзіңіз бар ма?
Сіз
әнді жақсы айтасыз. Өзіңіз жақсы көретін
әніңізді айтып берсеңіз.
Біз
сізге тосын сый жасадық. Осы сыйлықты
қолыңызға алғанда бізді еске алуды
ұмытпаңыз. Сый құрметіңізге рахмет.
Ауырмаңыз, көмек керек болған уақытта
біз дайынбыз.
Өркенім
өссін десең,
Кекшіл
болма -
Кесапаты
тиер еліңе.
Елім
өссін десең,
Өршіл
болма -
Өскеніңді
өшіресің.
Жанашыры
жоқ жарлыға
Жәрдемші
бол асыға,
Қиын
қыстау күндерде
Өзі
келер қасыңа.
Оқушылар,
әркез жүрегіміз кең, пейіліміз ақ болып
жақсылық жасауға ұмтылып тұрайық!!!
Бағила апай сау болыңыз. Көріскенше.