400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жүректен шыққан ән" патриоттық әндер байқауы сценарий ЖИ форматында

Материал туралы қысқаша түсінік
«Жүректен шыққан ән» патриоттық ән байқауы – оқушылардың сахналық мәдениетін қалыптастыруға, өнерге деген қызығушылығын арттыруға және патриоттық сезімін дамытуға бағытталған іс-шара. Байқау барысында білім алушылар сахнаға шығып, Отан, туған жер, тәуелсіздік тақырыбындағы әндерді орындау арқылы өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті. ЖИ көмегімен байқау мазмұны жүйеленіп, қатысушылардың өнерін бағалау мен ұйымдастыру үдерісі жеңілдетілді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Патриоттық әндер байқауы» сценарий

Жүргізуші:
Әр бастамамыздың басы – Мемлекеттік Әнұранымыз. Бұл – біздің тәуелсіздігіміздің, бірлігіміздің нышаны.

Баршаңызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындауға тік тұруға шақырамыз.

(Әнұран орындалады. Орындарына отырады.

Жүргізуші:«Құрметті көрермендер! Бүгінгі байқау тек өнер мерекесі ғана емес, заманауи технология мен ұлттық рухтың тоғысқан алаңы. Ендеше, байқаудың арнайы көмекшісі – “Ұлы Дала Жүрегі” Жасанды Интеллект Жүйесінің салтанатты шақыруын тамашалайық!»(Экранда ЖИ бейнеролигі көрсетіледі)

Кіріспе сөз

Жүргізуші:«Иә, Жасанды Интеллекттің өзі шақырған бұл байқаудың маңызы зор! Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар, қадірлі қонақтар! Бүгін біз ұлттық рухымыздың үнін – жүректен шыққан ән арқылы тыңдаймыз.»

Қазылар алқасын таныстыру

Жүргізуші қазылар алқасының мүшелерін ретімен таныстырады.

ЖИ-дің ережелерді еске түсіруі

Жүргізуші:«Құрметті қазылар алқасы, байқауға қатысушылар! Әділдік пен нақтылықты қамтамасыз ету мақсатында байқау ережелерін еске салу үшін, сөз кезегін “Ұлы Дала Жүрегі” Жасанды интеллект жүйесіне береміз.»(Экранда ЖИ образы, технологиялық/цифрлық матрица фоны)

Кіріспе сөз

Жүргізуші:«Иә, Жасанды Интеллекттің өзі шақырған бұл байқаудың маңызы зор! Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар, қадірлі қонақтар! Бүгін біз ұлттық рухымыздың үнін – жүректен шыққан ән арқылы тыңдаймыз.»

Қазылар алқасын таныстыру

Жүргізуші қазылар алқасының мүшелерін ретімен таныстырады.

ЖИ-дің ережелерді еске түсіруі

(Экран + дауыс) .ЖИ дауысы:

Құрметті қазылар алқасы және қатысушылар! «Жүректен шыққан ән» патриоттық байқауы келесі критерийлер бойынша бағаланады:

-вокалдық шеберлік,

-сахна мәдениеті,

-көркемдік орындау және сезімнің шынайылығы.

Барлық нәтиже әділдік қағидаларына сай талданады. Сәттілік тілеймін!

ЖИ-дің ережелерді еске түсіруі

Жүргізуші:«Құрметті қазылар алқасы, байқауға қатысушылар! Әділдік пен нақтылықты қамтамасыз ету мақсатында байқау ережелерін еске салу үшін, сөз кезегін “Ұлы Дала Жүрегі” Жасанды Интеллект Жүйесіне береміз.»(Экранда ЖИ образы, технологиялық/цифрлық матрица фоны)

1-қатысушы Нұрғалиева Аянат (5А)

Жүргізуші:

Байқаудың шымылдығын 5А сынып оқушысы, еліміздің қадір-қасиетін әніне арқау еткен Нұрғалиева Аянат ашады.

Қабыл алыңыздар!

2-қатысушы Аманкелді Раяна (5Ә)

Жүргізуші:

Келесі кезекте 5Ә сынып оқушысы Аманкелді Раяна.

Ол Отанға деген шексіз махаббатын «Қазақстаным» әні арқылы жеткізеді.

3-қатысушы «Дала қыздары» дуэті (5В)

(Нурбаева Ясина, Байдебек Айкөркем)

Жүргізуші:

5В сыныптан нәзік те сырлы үн иелері,

«Дала қыздары» дуэті. Қазақ елінің кеңдігін, дарқандығын ән арқылы жырлайды.

4-қатысушы :Әшір Асылмұрат (5Г)

Жүргізуші:

Келесі кезекте 5Г сынып оқушысы Әшір Асылмұрат.

Көпшілікке таныс, жүректі елжіретер «Атамекен» әнімен сахнада!

ЖИ дауысы (қысқа):

Келесі кезекте 5Г сынып оқушысы

Әшір Асылмұрат.

Көпшілікке таныс, жүректі елжіретер«Атамекен» әнімен сахнада!

ЖИ дауысы (қысқа):

5Г сыныптан Әшір Асылмұрат.

Орындаудың нақтылығы мен сезімін талдауға дайынмын. «Атамекен» әнін қабыл алыңыздар!

5-қатысушы : «Тәуелсіздік жұлдыздары» дуэті (6Г) (Нәбиева Дана, Рахматулла Ақбота)

Жүргізуші:

Келесі кезекте – 6Г сыныптың жарқын жұлдыздары, «Тәуелсіздік жұлдыздары» дуэті. Олардың Отанға деген мақтанышы ән арқылы сезілсін!

6-қатысушы — Назарова Ерайлым (6Е)

Жүргізуші:

Назарова Ерайлымды қарсы алайық. «Отан» атты әсем әнін назарларыңызға ұсынамыз.

7-қатысушы «Күмбір» дуэті (7В)

Жүргізуші:

7В сыныптың«Күмбір» дуэтімен жалғастырайық! Олар қазақ тарихындағы тағдырлы кезеңдердің бірі желтоқсан оқиғасын«Желтоқсан желі» әні арқылы жеткізеді.

ЖИ дауысы (қысқа):

7В сынып «Күмбір» дуэті.

Тарихи мазмұн мен эмоциялық әсерді талдауға дайынмын. Орындауды қабыл алыңыздар!

8-қатысушы Абдыханова Құрбанай (8В)

Жүргізуші:

Келесі кезекте – 8В сынып оқушысы Абдыханова Құрбанай. Ол туған жерге деген сағыныш пен махаббатты жүрекпен жеткізеді.

ЖИ дауысы (қысқа):

8В сыныптан Абдықанова Құрбанай. Сезімнің шынайылығы мен вокалдық тазалықты бағалауға тұрарлықтай.

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

(Жүргізуші + «Ұлы Дала Жүрегі» ЖИ)

ЖИ-ға сөз беру (бағалау аяқталған соң)

Жүргізуші:

Құрметті көрермендер, қатысушылар! Байқаудың барлық кезеңі өз мәресіне жетті. Ендігі кезекте, нәтижелерді саралап, ең әділ қорытындыны ұсынатын

«Ұлы Дала Жүрегі» Жасанды Интеллект Жүйесіне

сөз кезегін береміз.

ЖИ-дың қорытынды анализі

ЖИ дауысы:

Орындаушылардың барлығы вокалдық шеберлік, сахна мәдениеті және сезімнің шынайылығы бойынша толық талдаудан өтті. Әрбір қатысушының өнері ұлттық рухты жеткізе алды, ұпайлар жүйеленді.

Қорытынды шешімді жариялауға дайынмын.

Жүлделі орындарды жариялау

ЖИ дауысы:

«Жүректен шыққан ән» патриоттық ән байқауының жүлделі орындары төмендегідей бөлінді:

Бас жүлде – 7 «В» сынып оқушылары

Күмбір” дуэті: Сырым Ақерке, Өсербай Аяжан

Желтоқсан желі” әнімен көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

І орын иегерлері:

5 «В» сынып оқушылары “Дала қыздары” дуэті – Нурбаева Ясина, Байдабек Айкөркем

9 «Ә» сынып оқушысы Гизат Іңкәр – “Самға” әнімен

ІІ орын иегерлері:

5 «Г» сынып оқушысы Әшір Асылмұрат – “Атамекен”

9 «В» сынып оқушысы Алимбекова Хасият – “Шындық туралы жыр” термесі

ІІІ орын иегерлері:

5 «А» сынып оқушысы Нұрғалиева Аянат – “Қазағымсың”

6 «Е» сынып оқушысы Назарова Ерайлым – “Отан”

8 «В» сынып оқушысы Абдыханова Құрбанай – “Туған жер”

Жас талант” номинациясы

5 «Ә» сынып оқушысы Аманкелді Раяна – “Қазақстаным” әнімен

Патриоттық рухты орындаушы” номинациясы

6 «Г» сынып оқушылары “Тәуелсіздік жұлдыздары” дуэті

Барлық қатысушыларға, жеңімпаздарға және өнерлі оқушыларды дайындаған жетекшілерге үлкен алғыс білдіреміз!

Жас ұрпақтың бойындағы патриоттық рух барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймын!

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, қадірлі қонақтар!

Бүгінгі байқау — жүректен шыққан әннің, отанға деген шынайы сүйіспеншіліктің айқын көрінісі болды. Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс тілейміз!

Ән — біздің рухымыз, ән — біздің болашағымыз!

Келесі кездескенше, сау болыңыздар!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
17.12.2025
38
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі