400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 13 материал табылды

«Жүректің жылуын сыйлайыншы анама»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша қызметкерлеріне көмегі зор.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жүректің жылуын сыйлайыншы анама»

Жүргізуші: Қайырлы күн!Қымбатты аналар,ақ жаулықты әжелер,әріптестер!Барлығыңызды көктемнің алғашқы мейрамы 8-наурыз Аналар  мерекесімен құттықтаймыз!Әрқашан дендеріңіз сау,көңілдеріңіз  жайдарлы бола берсін дейміз!

Ендеше,ортаға «Күншуақ» тобының бүлдіршіндерін әсем әуенмен ортаға щақырайық

Би: «Мамина сердце» (барлығы бірге)

Тақпақ:Бізге өмір сыйлаған

Аяулы анам ардақты

Өзің барда ешқашан

Байқамаймыз салмақты

(Аналарына жүрек,гүлдерін тапсырады)


Жүргізуші: Той пердесін ашайық, 
Тойға шашу шашайық. 
Аналарды құрметтеп, 
Ән маржанын шашайық. 
Хор: «Ата-ананы тыңдаймыз»

Жүргізуші: Балалардың құттықтау тақпақтарын қабыл алыңыздар:

1.Анам болса қасымда
Басқа бақыт не керек.
Анашымның жүрегі,
Мейірімді ғой керемет

2.Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар,
Құттықтаймын мерекеңмен,
Құрметті Аналар!

3.Наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз баланың,
Анаға айтар лебізі.

4.Аналарды сүйеміз
Ақылын ойға түземіз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.

5. Бәрімізге анамыз
Біз үшін күн боп жанасың
Құтты болсын мерекең
Құттықтаймын анашым!

6.Көктем келді жадырап
Күн нұрымен таласып,
Жайнай берші жарқырап
Жаны жайсаң аналар!

7.Апатайым анашым
Ақылы мол данасың
Қамқоршысы баланың
Гүлі сенсің әр үйдің.

8.Анам менің анашым
Сені жақсы көремін
Мерекемен бүгінгі
Құттықтаймын мен сізді.

9.Құтты болсын анашым
Құтты болсын мерекең
Әр кез саған тілеймін
Ұзақ өмір жолдарын

10.Бізді өсірген анашым
Еңбегіңіз зор екен
Құтты болсын Анашым
Құтты болсын мерекең!

11.Жанымызды жайнатқан
Өзіңіз ғой аналар
Зор денсаулық, мол бақыт
Тілейміз біз балалар.

12.Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Аналарды құттықтап
Жырдан шашу арнаймыз.

Жүргізуші: Аналардың әр бір сөзі, ой талабы
Жүректің тереңінде сақталады.
Өсіңдер елін сүйген ұландар боп,
Ардақты ана еңбегі ақталады.

Би: «Гүлдер»

Жүргізуші: Біздің тобымыздың кішкентай бүлдіршіні Нұрмұхаммедтің орындауында

Ән: «Ақ мамам»

Жүргізуші: Ендігі кезекті балаларымыздың тақпақтарына берейік

1.Жүзімізге қараңыз
Бал күлкілі баламыз
Бізге қымбат күн шуақ
Бізге қымбат аналар!

2.Баланың да тірегі
Дананыңда тілегі
Ауырмасын ешқашан
Анамыздың жүрегі.

3.Ана біздің күніміз
Ананың біз гүліміз
Балаларды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.

4.Менің анам ақылшым,

Күн секілді білгенге

Шашырайды шуағы

Үйімізге кіргенде


5.Ана біздің күніміз

Ана біздің гүліміз.

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз


6.Мәпелейсің мені анам,

Қолыңдағы құсыңдай

Құлпыра өсіп дем алам

Құшағыңда қысылмай


7.Бізді өсірген апатай,

Еңбегіңде зор екен

Құтты болсын апатай

Құтты болсын мерекең


8.Аялаған саялаған,

Бар бақытым берекем

Апатайым құттықтаймын

Бүгін сенің мерекең.


9.Мақтаным апа

Шат әнім апа

Өзіңе тақпақ

Жаттадым апа.

Жүргізуші: - Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелерімен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» - деп бекер айтылмаған. Келесі әніміз сіздерге арналады құрметті әжелер.
Хор: «Ақ әжем»

Жүргізуші:Ендігі кезекті биге берейік

Би «Вальс»

Жүргізуші:Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған - анамыз емес пе?

Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап 
Ауырмашы анашым!

Олай болса, әр баланың өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен, соны табыс етсін!

Жүргізуші:Біздің сұлу да,әдемі қызымыз Ырыстының орындауында

Ән: «Анашым қартаймашы»

Жүргізуші: Мерекені қарсы алып, 
Мәз болғанда барша жұрт, 
Гүл ұсынып қыздарға, 
Сыйлық бердім мен өзім - дей отырып қыздарға арналған сыйлығымызды табыс етуге рұқсат етіңіздер. (Ұлдар қыздарға сыйлықтарын табыс етеді) 

Жүргізуші: Аналар, қалқып бақыт аралында, 
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен кешімізді аяқтайық 
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі «Жүректің жылуын сыйлайыншы анама»атты ертеңгілігіміз аяқталды. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар! 
Балалар хормен: «Анамызға мың алғыс, баршаңызға ...




































ЖШС «Гауһар Тас-2» балабақшасы






«Жүректің жылуын сыйлайыншы анама»





Тәрбиеші: Зәкірова Алтынай

Тобы: «Құлыншақ» ІІ кіші тобы
















2018-2019 жыл

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.03.2019
432
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі