400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

"Жүректің жылуын сыйлайыншы анама!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Аналар мерекесімен бірге күннің нұрын төгіп келген көктем мерекесінің ерекшеліктерін атай отырып, табиғаттың жаңаруын, құлпыруын балаларға жеткізу.Ешқашан аналарын ренжетпеуге, қолғанат болуға, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жүректің жылуын сыйлайыншы анама!»


Тақырыбы: «Жүректің жылуын сыйлайыншы анама!»

Мақсаты: Аналар мерекесімен бірге күннің нұрын төгіп келген көктем мерекесінің ерекшеліктерін атай отырып, табиғаттың жаңаруын, құлпыруын балаларға жеткізу.Ешқашан аналарын ренжетпеуге, қолғанат болуға, құрметтей білуге тәрбиелеу.

Сахнаға балалар әуенмен кіреді.

Жүргізуші: Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар.

Аналардан туған не бір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар, қасиетті аналар!

Жүргізуші:Қайырлы күн!Қымбатты аналар,ақжаулықты әжелер, әріптестер! Барлығыңызды көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз «Аналар» мерекесімен құттықтаймыз! Әрқашанда дендеріңіз сау ,көңілдеріңіз жайдарлы бола берсін дейміз!

Мерекелік құттықтау сөз

Балабақша меңгерушісі :Н.Г Шугаева

Жүргізуші:Балалар, сендер білесіңдер ме бүгін қандай мереке екенін?

Балалар: Аналар мерекесі.

Ән: «Ең жақсы ана!..».

Жүргізуші:Иә балалар, ана әрқашанда ең аяулы жан болып табылады. Ананың әрбір сөзі жылулыққа толы.Ананың көз нұры тастай мұды да жібітеді. 8-Наурыз барлық бала аналарына сыйлық жасап, аналарын қуантуға тырысады. Ана үшін ең қымбат жан- бала. Сондықтан да аналарымыздың жүзінен күлкі кетпесін дей отыра бүлдіршіндеріміздің бүгінгі мерекеге арнаған тақпақтарын тамашалайық .

Тақпақтар:

1.Осман

Қандай қызық көктемде

Күн шуағын төккенде

Гүл тееміз алуан

Шығып алып бөктерге

2.Әдемі

Біз доспыз гүлдермен

Текке оны жұлмаймыз

Той күні бір-бірден

Аналарға сыйлаймыз


Қандай қызық көктемде

Күн шуағын төккенде

Гүл тереміз алуан

Шығып алып бөктерге

3.Жохан

Көктем күні керемет

Жаңбыр жауар себелеп

Күн ашылса болғаны

Көлбеңдейді көбелек

4. Фируза

Бүгін наурыздың 8-і

Сұлулықтың егізі

Әдемі сөз адамның

Анаға айтар лебізі

Жүргізуші: Ақ қар еріп,су көбейіп

Сай сала да ағады

Бүршік шашып,

Жапырақ ашып

Гүл бәйшешек басады

Мал маңырап, төл жамырап

Жайлау малға толады

Айтыңдаршы балалар

Бұл қай кезде болады?

Балалар: Көктемде!

Жүргізуші: Балалар қар еріп, құстар ән салып, алғашқы гүлдер шығуда. Балалар, тыңдаңдаршы бізге біреу қонаққа келе жатқан сияқты.

Музыка әуенімен залға гүлдер шашып Көктем кіреді.

Көктем:Армысыздар балақайлар,

Әзиз әже, назды апайлар

Мол шуақты ала келдім,

Қуаныңдар балақайлар.

Мен құлпырған көктеммін

Келіп жеттім асыға.

Жүргізуші: Қош келдің Көктем! Төрге шығыңыз. Рахмет сізге. Біздің балалардың сізге сыйлық ретінде дайындаған тақпақ, әндері мен билері бар соны тамашалаңыз.

Ән: «Көктем».

Тақпақтар:


5.Аян

Адал бол деп балдырған

Әділдікке баулыған

Жүрегінде мархабат

Анамызға мың алғыс

6.Мариям

Бізге қарап елжіреп

Сүйсе беттен күнім деп

Құшақ ашса келші деп

Жүгіреміз күлімдеп

7.Жәнібек

Мен гүлдерді жұлмаймын

Торғайларды қумаймын

Айтқан сөзін тыңдаймын

Анашымды сыйлаймын.

8.Кәусар

Аспандағы айымсың

Бақытыма балаған

Құтты болсын мерекең

Айналайын жан анам

Көктем: Бүгін қандай керемет күн. Аналар мен әжелер, қыздар мерекесі өте қызықты өтіп жатыр.

Жүргізуші: Ия дұрыс айтасың көктем ендігі кезекті қыздарымыздың орындауында билерін тамашалайық.

Би: « Қалпақтар»

Көктем: Керемет. Балалар менің сендермен енді ойын ойнағым келіп тұр.

Ойын: «Қыздарға гүл сыйлаймыз мерекеде»

Шарты: Әуен қосылып, ұлдар мен қыздар вальс билейді , әуен тоқтағанда ұлдар қыздарға жерде жатқан гүлдерді сылайды.

Көктем: Жарайсыңдар! Ойынды жақсы ойнап шықтыңдар.

Жүргізуші: Ару көктем біздің балалар ойынды ғана емес тақпақтыда жақсы айтады.

Ән: «Тамшылар»

Тақпақтар:

9.Асылым

Бар мейірімділік анада

Ана деген бір жанды

Мейірімділік ананың

Болмас ешбір адамда

Сенен өскен балалар

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті аналар

10.Мұхаммад

Мәпелеп мені өсірген

Ризамын мен өзіңе

Ана деген керемет

Сыйлап өтем өмірде


11.Аруназ

Ақ жаулықты әжемді

Ай жүзіне теңедім

Мейірімі таусылмас

Күн нұрына теңедім

12.Аңсар

Мен анамды сүйемін

Сөзін ойға түйемін

Анашымды ардақтап

Басымды оған иемін


Музыкалық әуенмен залға Көбелек кіреді.

(Әуенмен Көбелек кіреді)

Көбелек: Мына гүлдердің әдемісін-ай! Иісін-ай өздерінің! Көктем қандай көркем тамаша мезгіл!

Жүргізуші. Көктем келіп бізге әдемі көбелек ұшып келіп қалыпты. Сәлеметсің бе, көбелек!

Көбелек: Сәлеметсің бе! Балалар айтыңдаршы бүгін аналардың мерекесі ғой иә? Мен анама мына әсем гүлдерді сыйласам ба екен? Қалай ойлайсыңдар, дұрыс болар ма екен?

Жүргізуші: Көбелек сен өзіңде гүл тәрізді әдемісің ғой,гүлден-гүлге қонып әдемі өзіңнің сұлулығыңмен табиғатымызға көрік бересің.

Көбелек:Рахмет сіздерге! Балалар мен сіздерге өзім ғана келмей өзім жақсы көретін гүлдерді де ала келдім.Қанекей солардың өнерін тамашалаңыздар!

Би: «Гүлдер»

Ойын:Кім жылдам

Шарты:Орындықта отырған қыздарға ұлдар бас орамалы мен алжапқышты тез киіндіру қажет. Кім жылдам киіндірсе сол жеңіске жетеді.

Ән: «Аналар күні» оркестр.

Тақпақтар:

13.Айна

Ана біздің күніміз

Ана біздің гүліміз

Аналардан тарайды

Біздің ана тіліміз

14.Амир

Анамыздың мейірлі

Жүзіне біз қараймыз

Анамызды пейілді

Жомарт жанға балаймыз

15.Зара

Шашымды өріп тараған

Қабағыма қараған

Үлкен кіші демейді

Сыйлайды оны бар адам

16.Эдуард

Ақ анашым аппағым

Өзің жайлы тақпағым

Өзің жайлы әнім де

Арнадым саған бәрін де

Ата-аналармен ойын: «Анамызды табайық»

Көрініс: «Бұл жәй ғана әжей ғой»

Ән: «Менің әжем осындай ».

Жүргізуші: Құрметті көктем рұхсат болса, біздің ұлдарымыз қыздарға арнайылап әзірлеген сыйлықтарын тарту еткісі келіп отыр.

Балалар сыйлықтарын тарту етеді.

Тақпақтар:

17.Айым

Бәріңіз де анасың

Біз үшін күн боп жанасың

Құтты болсын мейрамың

Құттықтаймын анашым

Ақ сүт берген балаңа

Күш- жігерін жұмсаған

Бұл өмірде жан ана

Тең келеді кім саған


18.Керей

Той пердесін ашайық

Тойдан шашу шашайық

Аналарды құрметтеп

Ән маржанын ашайық

19.Наргиз

Еркелеттің асырадың

Мойыныңа асыламын

Аман болшы ардақты анам

Мен әрқашан қасыңдамын

20.Ерболсын

Менің әжем бұл әже

Айтқан сөзі дәл әжем

Аман болса көреді

Қызығымды әлі әжем

21.Айдай

Аялаған анашым

Мәпелеген анашым

Менің саған тілегім

Қартайсашы анашым

Теңдесі жоқ данасың

Арқа сүйер панасың

Еңбегіңді ақтаймын

Аман болшы анашым

Жүргізуші:Ал енді балаларымыз аналарына арнайылап әзірлеген сыйлықтарын тарту етуге рұхсат етіңіздер.

Балалар аналарына сыйлықтарын тарту етеді.

Көктемнің телефоны шақырады.

Көктем: Ия, не сұрақ, жапырақтар шықпай жатыр ма, кірпілер оянбай жатыр ма? Оларға көмектесу керек. Қасымда көбелек бар ,қазір ұшып барамыз. Міне, балалар менің басқа да жұмыстарым бар.Біздің кетуіміз керек.

Жүргізуші: Рахмет саған көктем. Сау бол!

Көктем, Көбелек: Сау болыңдар!

Жүргізуші: Осымен аналар мерекесіне арналған «Жүректің жылуын сыйлайыншы анама» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.Келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!

Құттықтаулар:




































Бекітемін:____________

МКҚК №42«Айналайын» балабақшасы

Меңгеруші: Шугаева Н.Г








«Жүректің жылуын сыйлайыншы анама!»

«Күншуақ» мектепалды тобы

















Тәрбиеші: Жусупова А.О



2026 оқу жылы































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
14.09.2026
55
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі