жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Жүректің жылуын сыйлайыншы анама» ертеңгілік
«Жүректің жылуын сыйлайыншы
анама»
Музыка ойнап залға балалар
кіреді.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер! Аяулы әжелер, аналар,мерекелерініз құтты болсын!
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр
құйып сегізінші наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті.
Осындай көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны
аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнген емес. Олар
өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын
діңгегі. Олай болса, бүгінгі аналарға, әжелерімізге
арналған «Балауса» тобының
бүлдіршіндерінің «Жүректің жылуын сыйлайыншы
анама»атты ертеңгілігіне қош
келдіңіздер!
Балалар хормен:Құттықтаймыз анашым,8-ші
Наурызбен!
Жүгізуші:
Той пердесін
ашайық,
Тойға шашу
шашайық.
Аналарды
құрметтеп,
Ән маржанын
шашайық.
Хор: «Ақ мамам»
Жүргізуші: - «Ананың әрбір сөзі жылылыққа
толы. Ананың көз нұры тастай мұзы да жібітеді»- демекші,
балаларымыздың аналарына арналған тақпақтарын қабыл
алыңыздар!
1.Бала.
Мәпелейсің мені
анам
Қолыңдағы
құсыңдай
Құлпыра өсіп дем
алам.
Құшағында қысылмай.
(Махамбет)
2.Бала.
Жүре берсем
қасымда
Әйбат анам, әй
анам
«Ботам» деген
дауысыңнан
Мен мәз болып оянам.
(Шынғыс)
3.Бала.
Еркелесем күнім
дейтін
Ұрысқаны
білінбейтін
Маңдайымнан искеп
менің
Құлыншағым күнім дейтін.
(Аяулым)
Көктем келді
жадырап
Күн нұрымен
таласып,
Жайнай берші
жарқырап
Жаны жайсаң аналар!
(Әлішер)
Жүргізуші:
Балалар қар еріп, құстар ән салып, алғашқы
гүлдер шығуда. Адамдарға қуаныш сыйлайтын сиқыршы көктем. Олай
болса мерекеге көктемді
шақырайық.
Музыка әуенімен залға (Көктем)
кіреді.
Көктем:
Дала гүлге
бөленеді.
Қуанышқа
кенеледі.
Орман, торғай,
бақтарда
Өйткені мен
көктеммін
Құстар сайрай
жөнеледі.
Шұғыламды
төккенмін.
Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен
құттықтаймын. Денсаулық, қуаныш, сұлулық
тілеймін.
Жүргізуші:
Сиқыршы көктем, біздің шақыруымызды қабыл
алып мерекемізге келгеніңізге
рахмет.
Көктем:
Мен қалай келмеймін. Бүгін сондай керемет күн
- әжелер мен аналар
мерекесі.
Балалар мен сендердің әже, аналарыңның
есімдерін білгім
келеді.
Жүргізуші:
Әрине біздің балалар әже, аналарыңның
есімдерін біледі. (Балалар жауап
береді)
Көктем:
Қандай керемет есімдер. Көп - көп рахмет
балалар сендерге.
Осы кезде көктемді телефонға
шақырады.
Көктем:
Ия, не сұрақ жапырақтар шықпай жатыр ма?
Кірпілерде оянбай жатыр ма? Оларға көмектесу керек. Қазір ұшып
келемін. Мінекей балалар менің басқада жұмыстарым бар, маған кету
керек. Бірақ мен сендерге босқа келмедім. Мен сендерге сиқырлы
кітап тарту етемін. Міне ол. Аналарыңмен бірге оқыңдар. Сау
болыңдар.
Жүргізуші:
Қандай қызық кітап. Ой аша алмай жатырмын,
мұны кілтпен ашу керек екен. Ә, міне кілт. (Кілтті осы кезде бұзақы
бала тартып алып кетеді).
Кім бүгін бізбен қалжыңдасуға
келген?
Бұзақы:
Ол мен бұзақы
бала. Сендерде не болып жатыр? Мен
бұзақылық
жасаған кейін анам мені далаға қуып
жіберді.
Жүргізуші:
Ананың мазасын алатындай күн емес қой бүгін.
Бүгін олардың мерекесі. Сондықтан сен Бұзақы бала бізбен бірге
ертеңгілікте өлең айтып, би үйреніп, анаңды құттықта. Олай болса
бізбен бірге ойын ойнайсың
ба?
Ойын:
Бұзақы: Ойқанды жақсы балаларсыңдар. Міне сендердің кілттерің.
Ал енді балалар мен үйіме кетейін Анамнаң кешірімді сұрап Мерекемен құттықтаймын.Енді мен бұзық бала болмаймын.
Сау болындар
балалар.
Жүргізуші:
Ал енді кітапты
ашайық.
Жүргізуші:
-Балалар туған күнде, мерекелерде аналарымыз
дастарханға қандай тәтті тағамдар
салады.
-Дұрыс айтасыңдар, кәмпитті балалар да,
үлкендер де жақсы көреді. Кәмпитсіз дастарханның сәні
кірмейді.
(әсем әуенмен залға «Кәмпит –Ханшайым» кіреді)
-Кәмпит-Ханшайым: (кіріп
билейді)
Мен
тәттімін,
Балалардың сүйікті
дәмімін,
Мерекенің
сәнімін,
Дастарханның
әрімін.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар, мені таныдыңдар
ма? Мен,
«Кәмпит-Ханшайыммын»
Балалар сендер өнерлеріңмен, білімдеріңді,
үлгілі тәртіптеріңді көрсетіңдер.Ол үшін менің мына ыдыстағы үлкен
кәмпиттер бар, онда әртүрлі тапсырмалар берілген. Сол тапсырмаларды
ашып орындасақ қайтеді. Тапсырмаларды түгелдей орындасаңдар мереке
соңында әкелген сыйлығымды үлестіремін. ( бір балаға ыдыстығы
кәмпитті аштырады, тапсырманы барлық бала
орындайды)
Тәрбиеші: -Расында да, бізге тәтті
«Кәмпит-Ханшайым» қонаққа келіпті. Қараңдаршы, кәмпиттері көп екен,
тәтті десе тәтті екен. Қане өнерімізді көрсетейік, тапсырмаларды
орындайық.
1- кәмпиттегі
тапсырма:
Ойын:
2- Кәмпиттегі тапсырма :
Би «Ара биі»
Тәрбиеші:- Бүгінгі мереке күні әжелерімізді
де мерекелерімен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» -
деп бекер айтылмаған. Келесі әніміз сіздерге арналады құрметті
әжелер.
3- кәмпиттегі
тапсырма:
«Әжем менің осындай»
Тәрбиеші: -«Кәмпит-Ханшайым» , енді сіз
біздің балаларымыздың аналарына дайындап келген тақпақтарын
тыңдаңызшы.
тақпақтар
4.Бала
Әжем менің
әйбат.
Ешкім оған
жетпейді.
Күні бойы бірге
ойнап,
Жанымнан бір кетпейді.
(Исмайл)
Аналарды
сүйеміз
Сөзін ойға
түйеміз.
Әжені де
ардақтап
Әдеппен бас иеміз.
(Алмаз)
Құрт майын жинаған
Балаларға сыйлаған
Бұл әжемнің өмірі
Таусылмайтын жыр маған (Асылан)
4- кәмпиттегі
тапсырма:
Ойын: «Кәмпит тасу» (аналары мен
балалары)
5- кәмпиттегі
тапсырма:
Би
бабочка
Әдемі биден кейін балапандарымыздың
тақпақтарын
тыңдайық:
Бізді өсірген
анашым
Еңбегіңіз зор
екен
Құтты болсын
Анашым
Құтты болсын мерекең!
(Әдема)
Аппақ мамам, ақ мамам
«Ақ мамам!» - деп,
шаттанам
Түн ұйқыңды төрт
бөліп
«Бөпешім!»- деп жатпаған. (Медина
Т)
Анамды мен жақсы
көрем
Айтқан тілін алып
жүрем
Қасымда апам
жүргенде
Шаттанып ойнап күлем
(Айсұлу)
6-тапсырма.
Тағы біздін әңіміз бар әжелерімізге
Алмаз өлең айтады Әже туралы.
тақпақтар
Ана біздің
күніміз,
Ана біздің
гүліміз
Бізді ана
қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.
(Айжан)
Бөбегіңнің
сыйлығын,
Қабыл алшы
анашым.
Ұзақ өмір жүр
жасап.
Ауырмашы анашым.
(Медина.Б.)
Әр сөзіңді
жаттаған,
Жүрегіңде
сақтаған.
Анашым деп
мақтанам.
Айналайын ақ мамам
(Ақтан)
Апатайым
анашым
Ақылы мол
данасың
Қамқоршысы
баланың
Гүлі сенсің әр үйдің.
(Өмірхан)
Махамбеттін әңің қабыл
алыныздар.
Тақпақтар
Айтсаң болды тіл
алам.
Әйбат мамам әй
мамам.
Сені көрсем
қуанам.
Сен керексің
қашанда. (Диляра)
Анам болса
қасымда
Басқа бақыт не
керек.
Анашымның
жүрегі,
Мейірімді ғой керемет
(Арайлым)
Бәрімізге
анамыз
Біз үшін күн боп
жанасың
Құтты болсын
мерекең
Құттықтаймын анашым!
(Жанеля)
Кәмпит-Ханшайым:
-Балалар, сендер бүгін менің тапсырмаларымды
өте жақсы орындап шықтыңдар. Сендерге көп-көп рахмет айтамын.
Өздерің өнерлі, әдемі, тәртіпті екенсіңдер, мен сендерге ризамын.
Енді мына қолымдағы ыдысты тәрбиеші апайларыңа беремін. Сендерге
әкелген көптеген әртүрлі кәмпиттерім бар. Соны сыйлыққа бергім
келіп тұр. Мен енді сендермен қоштасайын, басқа да балабақшада
мерекелер болып жатыр соған барайын. (Кәмпит-Ханшайым балалармен
қоштасып шығып
кетеді)
Жүргізуші:
Бөбегіңнің
сыйлығын,
Қабыл алшы
анашым
Ұзақ өмір жүз
жасап
Ауырмашы
анашым!
Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз
бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар
мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды.
Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған -
анамыз емес пе? Олай болса, әр баланың өзі дайындаған аналарына
сыйлықтары бар екен, соны табыс
етсін!
Аналар, қалқып бақыт
аралында,
Лайым мұң қонбасын
жанарыңа
Осымен кешімізді
аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып
бүгінгі «Жүректің жылуын сыйлайыншы
анама»атты
ертеңгілігіміз аяқталды. Ардақты аналар
мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта
болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген