жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Жүректің жылуын, сыйлайыншы анама!" мектепке дейінгі бөлім тәрбиешілеріне
Тақырыбы: «Жүректің жылуын, сыйлайыншы анама» Зал іші мерекеге сай безендірілген. Жүргізуші: Ана десем сезім билер тым ыстық, Жарасады адамдарға туыстық. Бар адамға берсе ананың мейірін, Орнар еді бар әлемде тыныштық. Аналар, барша қонақтар 8 – наурыз мерекесі құтты болсын! Видеоролик: «Шеше сен бақыттысың»
Жүргізуші: Той тойлап дала мен қалаларым, Мерекең құтты болсын аналарым. Қаракөз қыз, абзал ана мерекесін, Құттықтауға келе жатыр балаларың,-деп, ортаға бүлдіршіндерді шақырамыз. (Балалар әуенмен залға кіреді). Қош келдіңдер, аяулы әжелер, аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі қонақтар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып 8- наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі келіп жетті. Осындай көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет қашан да сөнген емес. Олар өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Бүгінгі «Жүректің жылуын, сыйлайыншы анама» атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады аяулы аналар! (Осы кезде перде ашылып, кереуетте ерке қыз ұйықтап жатады).
Анасы:
Тұра қойшы қызым менің,
Тұра ғой күнім.
Әдемілеп тарайыншы,
Шашыңды сенің.
Төсегіңді жинай ғой алтыным!
Қыз:
Ештеңеге зауқым жоқ!
Анасы:
Жарайды, ендеше мен кеттім
Әжесі:
Тұра қойшы ботам менің,
Тұра ғой енді.
Ұйқыменен таңды атырып,
Батырдың күнді,
Тәтті бәліш пісіріп қойдым.
Қыз:
Ештеңеге зауқым жоқ!
Әжесі:
Жарайды, ендеше мен де кеттім.
(Ғажайып періште келеді, қыз ұйықтап жата береді).
Ғажайып періште: Сүйкімді қыз тұрсайшы!
Қыз: Сіз кімсіз?
Ғажайып періште: Мен ғажайып періштемін. Мен барлығын да көріп тұрмын. Сен анашыңды да, әжеңді де ренжіттің. Бүгін олардың мерекесі екенін ұмытып кеттің.
Қыз: Енді мен оларды қалай қайтарсам екен, қарным да ашып кетті. Оларды қатты сағындым. Ғажайып періште, сіз сиқырлы болсаңыз оларды қайтарыңызшы.
Ғажайып періште: Жоқ, олай болмайды, сен оларды өз еңбегіңмен қуантуың керек. Сонда ғана барлығы өз орнына келеді.
Қыз: Анамды да, әжемді де ренжіттім. Мен енді оларды қалай қуантамын?
Періште: Сен қарашы, айналадағы балалар қандай әдемі, олар анасын құттықтауға келіп отыр.
Қыз: Балалар, маған көмектесесіңдер ме? (Иә)
Жүргізуші: Сүйікті аналар балаларыңыздың өздеріңізге деген жылы лебіздерін қабыл алыңыздар. 1 бала: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым, Тәтті ұйқыңды талай бөліп түн қаттың. Өміріме нәрін берді ақ сүтің, Кең құшағың-аясындай гүл бақтың. 2 бала: Мен өзіңмен қайда болса біргемін. Махаббатың жүрегімде жүр менің. Күн нұрындай – жадырай бір күлгенің. Қандай жақсы ортамызда жүргенің! 3 бала: Ер жеткізіп елге берген баласын, Ақылдысың, ардақтысың, данасың. Қарайтыным қас-қабағың бір сенің, Қайратыңнан қайта көрме, анашым. 4 бала: Шын жүрек, ақ көңілмен, Алғашқы көктемі күлімдеген. Құттықтаймыз 8 Наурыз мерекесі, Халықаралық әйелдер күніменен. Ән: «Менің анам алтын» Айналдым Ана деген асқақ аттан, Қыз өмір атқа мініп көкпар шапқан. Бүгінгі бұл мереке сіздердікі, Мейрамың құтты болсын, болып жатқан! Қ-сы Менің анам алтын, Сенің анаң алтын, Құлпыра бер, қарындасым Аман болсын жалпың Ақ жеңгелер әні, Сұлу қыздар сәні, Аналарды құттықтап, қол соғыңдар бәрің! Қыз: Ғажайып періште, менің анам мен әжем келе ме, оларды қатты сағындым.
Періште: Мен өзімнің сиқырлы күшіммен сенің анаң мен әжеңді алып келгенмін, олар осында. Ақ сүт берген аналарың мен мәпелеген әжелеріңді ешқашан ренжітпеңдер. Ал мен сендер сияқты балаларға жөн сілтеп көмектесуім керек. Мен кеттім, сау болыңдар! (Әже мен ана ортаға келеді). Қыз: Анашым, әжетайым, мен сіздерді ешқашан ренжітпеймін.
Ана мен әже: Біз сені жақсы көреміз.
Қыз: Маған балалар көмектесті. Оларға алғысымды білдіремін. Енді мен балалардың аналары мен әжелеріне арналған тақпақтарын тыңдағым келеді.
5 бала: Бал Анам, асыл Анам, таңым Анам, Мен сенен қуат алам, жалын да алам. Күн болып көңілімді күйге бөлеп, Арнадың өміріңнің бәрін маған. 6 бала: Сегізінші Наурыз күнін, Мейрамдайды аналар. Аналардың шаттығын, Құттықтайды балалар. Мейірімді жібектей, Күндей ыстық құшағы. Ет жүрегі елжіреп, «Құлыным» деп құшады. 7 бала: Менің анам шуағым,
Айтқандарын ұғамын.
Мен өскенде анамдай,
Ақылды боп шығамын Жүргізуші: Дүниедегі ең ардақты асыл жан,
Анам менің мәпелеген жасымнан.
Мен қуансам қуанады ол бірге,
Мен қиналсам табылады қасымнан.
Маған қымбат жан жоқ сірә анадан,
Бар жақсылық аналардан тараған
Жер бетіне өмір нәрін себуші,
Ана алдында борышты ғой бар адам – дей келе, «Мың бұрала билеген, Аяғы жерге тимеген» деп бишілерді ортаға шақырамыз.
Би: «Қуыршақтар»
Жүргізуші:
Ән мен күйді төгілтіп,
Інжу, маржан шашайық.
Қонақтарды тамсандырып,
Өнерден шашу шашайық.
Ортаға айтыскерлерді шақырайық.
Ұл бала:
Ата менен аналар,
Бізге сіздер береке.
Құтты болсын баршаңа,
Осы Наурыз мереке.
Қыз бала: Бек, жан-ақыным,
Көрдім сөзге жақынын.
Елге сәлем беретін,
Аманбысың батырым!
Ұл бала:
Қарайын саған, Айшажан,
Сөз сөйлейсің тамсана.
8-Наурызың,
Құтты болсын баршаңа!
Қыз бала:
Ел тілеген ер едің,
Сөйлер сөзге сері едің.
Ала келсең қайтеді,
Бір тал гүлді беретін.
Ұл бала:
Гүл боп тұрса керегі,
Оны тауып келемін.
Қажет десең аспаннан,
Айды да алып беремін.
Қыз бала:
Сөйлер сөзге жебе едің,
Қулығың да көп еді.
Керегі жоқ гүліңнің,
Қайтер екен деп едім.
Ұл бала:
Сөзден таппай мінімді,
Қалай деме мұнымды.
Саған арнап алып ем,
Қабыл алғын гүлімді. (Гүл сыйлайды)
«Ана» туралы монолог Ана шырақ ұрпағымен жағылған, Өз анасын бар періште сағынған. Құдыретін, сезінгендер бас иіп, Ана, деген үш әріпке бағынған.
Аман болса, Ана деген ардағым, Күндей болып нұрланады жан - жағым. Қуанышпен бар қайғысын өмірдің, Ана ғана, көтереді салмағын.
Али: Ана, деген жылағанды жұбатқан, Ана, мөлдір жаралғандай бұлақтан. Қорған болып аймаласа перзентін, Тәңірінен амандығын сұратқан.
Ана деген түн ұйқысын төрт бөлген, Ана ғана өткізеді өткелден. Жадыратса жаздай етіп жаныңды, Шуағы ыстық аумайтұғын көктемнен.
Алан: Анаң болса жүзіп өтер кемең бар, Анаң болса қартаймайсың деген бар. Тірі кезде қадірлесең анаңды, Шын өкініш жауламайды санаңды.
Ұзақ өмір жасай берсін аналар, Аналарын қадірлесін балалар! Шаңыраққа шаттық нұрын сыйлаған, Аман болсын, ақ жаулықты Аналар!
Жүргізуші:
Қошеметпен, құрметпен қарсы алайық,
Бишілерді ырғатылып, би
билетіп.
Қол соғып, биік шыңға самғатайық,-
дей отырып, бишілерімізді ортаға
шақырайық.
Би: «Кемпірқосақ»
Жүргізуші: Қар, мұз
еріп,
Су көбейіп
Сай салаға ағады
Бүршік шашып
Жапырақ
ашып,
Гүл бәйшешек
басады
Бөбектерім айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
Балалар:
Көктемде.
Жүргізуші: Дұрыс
айтасыңдар, балалар! Көктем мезгілінде
қар еріп, ағаштар бүршік жара бастайды.
Құстар жылы жақтан ұшып келеді.
Осы кезде құс тымағын киген балалар
жүгіріп жүреді. Орман даусының фонограммасы
қосылады.
Құстар: - Көктем келді!
- Көктем келді!
-
Көктемді қарсы алыңдар! Көбелектер,
аралар ояныңдар! Көктем келеді!
Балалар: Сәлем ару көктем!
Жүргізуші:
Сәлем ару көктем!
Көктем сөзі:
Сәлем, достар, аман ба?
Мынау бейбіт
заманда
Шат-шадыман Көктеммін,
Шаттық болсын әманда.
Ән құрдым
үніммен,
Сән құрдым гүліммен.
Қуантамын бәріңді
Құт-мереке күніммен.
Сәлематсыздарма,
аналар, ұстаздар, ару қыздар! Бүгінгі
мейрамдарыңызбен құттықтаймын. Бүгін
мен құр келген жоқпын шуақтарымды шашып
би билеп берейін.
Би:
Жүргізуші: Ана сүтінен барлық адам нәр алған, Ол азығың өзіңмен бірге жаралған. Туа салып тұңғыш татқан дәмің ол, Күш-қуат боп бар бойыңа таралған. 8 бала: Жан ана, жарық күн, жанарың Бір сенде кіндігі даланың. Балаңды құшақтап сүйгенде, Сеземін көктемнің самалын. 9 бала:
Әлпештеп аялаған,
Ақ сүт беріп өсірген.
Аналардың мейрамымен,
Құттықтаймын бүгін мен!
10 бала: Түн ұйқысын төрт бөлген, Қатем болса кешірген, Еркелетіп өсірген Анам саған бас ием!
11 бала: Жердегі бар тағамнан, Ана сүті нәрлі екен. Бұл жалғанда анамнан, Сүйікті адам бар ма екен? Көктем: Жарайсыңдар! Өте ақылды, сүйкімді балалар екенсіңдер. Балалар мен сендерге құр қол келген жоқпын. Сендерге ойын ала келдім. Қане, ойын ойнаймыз ба? Әже: Балаларымның ептілігі мен шапшаңдығын байқау үшін «Жіп орау» ойынын ойнатып көрейін. Ойынның шарты: балалар тарқатылған жіпті тез орауы керек. Кім жылдам қимылдаса, сол жеңімпаз болады. Ойынның аты: «Гүлдер» Ойынның шарты: балалар, шашылған гүлдерді жинауымыз керек кім көп жинайды. Сол бала жеңіске жетеді. Жүргізуші: Адам бар ма, ана сүтін татпаған, Алуан-алуан ауыр сынды аттаған. Адалдықты ар-намысты сақтаған, Мен ананың сонысына мақтанам. деп аналармен ойын ойнасақ қайтеді-а. Аналарды ортаға шақырып өз балаларын көп бала ішінен тауып алса, тек мұрнынан ғана айырып табып алуы керек. Енді біздің аналарымызды ойынға шақырайық. Жүргізуші: Әйел деген әдемі ғой әдемі, Әдемілік бізге көптік етпейді, - деп ақиық ақын, Хантәңірдің мұзбалағы Мұқағали жырлап өткендей, әйел анаға жететін жан бар ма екен? Адамзаттың нұр құйған санасына, Мейіріммен сезінсең табасың мән. Жақсы үміт күтетін баласынан Сәлем барша әлемнің анасынан!-дей келе, өмір гүліміз аналарға арналған ұлдардың шашуы . Би. «Джентельмен»
Жүргізуші: Әже дейміз бәрімізде аңқылдап, Әже дейді жас сәбиде жарқылдап, Әже деген – бәйтерегі өмірдің, Әже деген – алтын қазық, алтын бақ, Немере үшін ең мейірімді жан – Әже. Бүгін біздер құрметті де, ардақты әжелерімізді ерекше атап құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» деп халқымыз тегін айтпаған ғой. -Балалар сендердің әжелерің бар ма? Әжелеріңді жақсы көресіңдер ме? -Дұрыс-ақ, әжелерімізді жақсы көрмесек болмайды, олар қайырымды, сүйікті адамдар. Бізде неше әже болады? -Туған әже, нағашы әже. -Олай болса, осы ақ жаулықты әжелерімізге тақпақтарымызды арнайық. 12 бала: Әже деген көп шығар, Әжемдей менің жоқ шығар. Мейірімді бұл кісі,
Қандай ғажап күлкісі. 13 бала:
Әжемді мейрамымен құттықтаймын, Айтатын ән, беретін гүлім дайын. Әжетай, сені жақсы көремін деп, Ақырын құлағына сыбырлаймын.
14 бала:
Құрт пен майын жинаған,
Балаларға сыйлаған.
Бұл әжемнің өмірі,
Таусылмайтын жыр маған.
Жүргізуші: Көңілің Алатаудың ақ қарындай, Мейірімің күннің шуақ шақтарындай. Қалайша аяулы ана тына алармын, Ән болып сағыныштан ақтарылмай, - деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне бүлдіршіндердің «Анажаным» әнін қабыл алыңыздар. 15 бала: Мұрат, мүлде мақсатым, Жақсы күн мен жақсы түн. Нағыз бақыт ананың, Ақтау дер ем ақ сүтін.
16
бала:
Асыға күтіп жүргенмін,
Болар деп қашан мейрамың.
Суретін
салдым гүлдердің,
Келеді соны сыйлағым.
Жүргізуші: -Олай, болса балалар
бүгінгі мейрамда «Аналарға сыйлықтарымызды»
тарту етейік. Аналарға балалар сыйлықтарын
табыстайды. (видеоролик)
Жүргізуші:
Өмірге бізді
келтіріп,
Жарық дүние сыйлаған.
Жамандыққа баласын
Ешқашанда қыймаған
Көрмесін қайғы балалар,
Аман болсын
аналар, - дей келе, сіздерді тағы да
көктем айының алғашқы мерекесі 8 наурыз
аналар мейрамымен құттықтаймыз, сіздердің
дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға
аманшылық тілейміз. Осымен біздің
«Жүректің жылуын, сыйлайыншы анама»
атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Сау
саламатта болыңыздар! Аналарымыз аман
болсын! Сөз кезегі өздеріңізде аналар.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген