жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Жүректің тазалығы-имандылық"
Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Жүректің тазалығы-имандылық»
Мақсаты:
1. Білімгерлердің бойына адамгершілік, ізеттілік, имандылық секілді құндылықтарды сіңіру.
Міндеті:
1. Адамгершілік қасиетттерге бағыттай отырып білімін байыту.
2. Рухани тазалыққа тәрбиелеу.
3. Имандылық –туған жерге, ата-анаға деген құрметтен, өзара сүйіспеншіліктен басталатынын түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: Өзін-өзі тану, қазақ әдебиеті, педагогика, психология.
Құндылықтары:
Сүйіспеншілік- отбасына, барлығына, жануарларға сүйіспеншілікпен қарау. Өзімшіл болмау, көмек қолын соза білуге үйрету.
Дұрыс іс-әрекет- ақиқат негізінде сүйіспеншілікпен әрекет ету. Шындықты айту, қарым-қатынасты бұзбау, жанжалдаспау, денсаулық және тазалықты сақтау. (жан тазалығы).
Тәрбие бағыты: Ұлттық тәрбие
Көрнекі құралдар: тақырыпқа қатысты слайд- шоу, бейнефильм, презентация.
Барысы:
1- жүргізуші: Құрметті Ұстаздар, білімгерлер! Атам қазақ қай кезде де бала тәрбиесіне жауаптылықпен қараған. Баланы тәрбиелеудегі мақсат – оны жан - жақты кемелдендіріп, қоғамға пайдасы тиетін азамат етіп шығару.
ДПИ -17 мен АС-19 білімгерлерімен дайындаған ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
2- жүргізуші: Тәрбие - арабтың сөзі «көктету, өсіру, жетілдіру» деген мағынаны білдіреді. Шығыс айтылатын «Бала қымбат болса да, баланың тәрбиесі одан да қымбат»деген нақыл сөз бар.
1- жүргізуші: Иманды адам - сабырлы,мейірімді, әдепті ,қамқоршы,төзімді,шыншыл, отансүйгіш,арлы болуы керек. Біз – «қазақ» деген ұлы халықпыз. Біздің бойымызда қасиетті қан мен зор құдіреттің сынығы жатыр. Кез келген қазақ ұрпағының бойында ата-баба аманат еткен асыл ой жатыр. Сол ойдың түбінде адамды адам ететін талап жатыр.
2-жүргізуші: Иә, әрине біздей ұлы халықтан ойы көркем, толғауы терең, санасы кең зор тұлғалар дүние есігін ашқан. Даналықтарымен әлемге ақыл-ойдың парасаттылығын шашқан. Күннің нұрындай шашыраған шуақтан мына біздей ұрпақтарына сол ақыл-ойдың түйірінен із қалдырған. Сондықтан да біздің көркем ойлауымыз ата-баба қанынан дарыған қасиет деп білемін.
1- жүргізуші-Иман тонын үстіңнен шеше көрме»-деп түрік ғұламасы Жүсіп Баласағұн айтқандай түзу жүріп,бойымыздан иманымыз кетпесін.
Таза мінсіз асыл тас су түбінде жатады,
Таза мінсіз асыл сөз ой түбінде жатады.
Расымен-ақ адамның бойындағы көркемдікті ойдың әсемдігі толықтырады. Дүниеде адам баласының саналы ойлауынан асқан құдірет жоқ. Жазым айтылған бір сөзбен жүректі жаралауға болады,ал ой елегінен өткен сөзбен адам жанын жылытуға болады.
2- жүргізуші -Алдарыңызда видеокөрініс тамашалыңыздар!!!
Көрініс «Жақсы бала мен жаман бала әрекеттері»
Көрініс қорытындысы
Бұл көріністі қортындылайтын болсақ, бала ұяда не көрсе-ұшқанда соны іледі. 5 құндылықтың ішінде ақиқат құндылығына жатқызуға болады-шындықты айту, тек қана жақсы сөйлеу мен қажеттіні айту, білімге құштар болу. Бала- отбасы аясында түлеп өседі. Оңы мен солын таниды. Ол отбасы жағдайында өмірдегі әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстауды үйренеді.
(Білімгерлермен кері байланысқа түсу) . Сұрақ: Қалай ойлайсыздар, неге аяғы осылай болды? Оған себеп не болды?
Қар қылаумен өседі,
Бала сылаумен өседі.
Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын .
2 жүргізуші
Жалпы музыка адамды шаттыққа бөлейді.Мұң зарын сейілтеді. Оның әсер ықпалының күштілігі соншалық, ол адамдардың мінез-құлқы мен салт-дәстүрін де өзгерте алады.
Музыка-рухани қазына. Рухани қазынаның мөлдір бастау бұлағынан нәр ала білген бала адамгершілік пен асыл қасиеттерді бойына сіңіріп өседі.
Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл - пәл кем бұра.
Нағыз қазақ – қазақ емес, Нағыз қазақ – Домбыра!
Сүгірдің Шалқымасы
Орындайтын Алимқұл Нұрдаулет
2 жүргізуші
Ойлау арқылы адам ішкі жан дүниесін көрсете алады. Ой арқылы сана сезімнің астарын байқатады. Ойын әдемі де көркем, кестелі сөзбен жеткізген адамның бойында өзгешелік орын алады.
1 жүргізуші
«Жоғалған әмиян» қабыл алыңыздар!!!
Ерасыл- әмиян тауып алады. Бірақ оны не аларын не алмасын білмей тұрғанда, оның екі ойы пікірталасқа түседі. Бірі-ал десе, екіншісі-алмауын, оның жақсылыққа апармайтынын жеткізеді. Ең соңында Ерасылдың имандылығы күштірек болып, тәрбиелігінің арқасында кешірім сұрап қайтарып береді. Бұл көрініс әрқашанда бір іс-әрекет жасамас бұрын барлығын ақыл таразысына өлшеп, шешім шығару керектігінін дәлелдейді.
Мұрат- несіне ойланып тұрсың, ал , ал, тапқан тапқандікі, ешкі баққандікі. Алып ал, ол сенікі, ешкім қарап тұрған жоқ.
Арай- оеебооой атасынан қалған мұра құсап салып жатқанын қарасай қалтасына. Нең бар біреудің ақшасында. Таста тез. Тез шығып кет. Бұл жерден, бәлесінен аулақ.
Мұрат- Тормоз. Сонда сен тастап бара жатсың ба? Кез келген біреу алады да кетеді. Сен сияқты ақымақтар толып жатыр. Өзің түкке жарымай жүрсің. Кредитің болса анау, оңай олжаны алмайсыңба. Салмайсың ба қалтаңа ақымақ.
Арай-Ана жақтағы жауабыңды ойла. Алма деймін саған, ұятың бар ма сенде? Сұрасай мынау кімдікі деп. 3 рет.
Ерасыл-Мынау кімдікі!!!! Мынау кімдікі!!!!!!! Мынау менікі!!!!!!!!
Мұрат-Әрине сенікі.
Арай - жаның барда адам құсап сұра.
Мұрат- тоқта, сыртыңнан қарағанда кімге ұқсап тұрғаныңды айтайын ба? Есекке . енді тұр солай. Мынау кімдікі-иаа. Мынау кімдікі- иаа деп. Ақымақсың ба? Ондай ақшаны алмайсың ба? Одан да қалтаға салып ал. Ақша саған керек. Одан да оны процентке бер. 1000 $-2000$-3000$-4000$ МІНЕ ҚАНДАЙ ОЛЖА.
Арай– алма, алма.
Мұрат- қос –қос машина аласың. Этажды үй аласың,
Арай - алма деймін саған.
Мұрат- сал қалтаңа. Ақшасы бар адам болған жақсы. Қос-қос үйің болса, саған жараспайма? Қалтаңды ақшаға толтырып жүрмейсің бе талтаңдап?
Арай- талтаңдаймын деп бұтың айырылып кетпесін.
Мұрат- ойланып аламыз ба? Сыртқа шығып темекі шегіп.....
Арай - шекпе темекі зиян.
Мұрат-онда тұрған не бар?
Арай- енді қалғаны сол еді. Ішпе де шекпе де.
Мұрат- одан да ақшаны қалтаңа сал.
Арай- басың қайда сенің? Одан да үйлен, үй бол. Міне сол бақыт.
Мұрат- үйлен үйлен дейді. Ертең балларың жүреді. Папа киім, папа тамақ деп, Ал ақшаң болса жоқ. Жүресің, әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ. Бәрі ашық тұрады ақшаң болса.
Назерке- ағай саламатсыз ба! Мен осында әмиянымды жоғалтып алып едім. Көрмедіңізбе?
Мұрат- тоқта ол сенің ақшаң ақымақсың ба?
Ерасыл- сенің әмияныңды қарауылдап тұрмың ба?
Мұрат- сен бай адамсың.
Ерасыл- менің қалтамда қоңыр әмиян тұрған сияқты.
Мұрат- немене басына шығарып тұрсың. Айт қане.
Ерасыл- ақша керек болса, берем ғой, бар ғой .
Назерке- бай болсаң осылай айту керек пе? Ұялмайсыңба?
Арай- айтып тұрғанын қара қызды жылатып
Назерке- ой мынау менің әмияным ғой. Рахмееет. Мына ақша менің анамды емдетуге арналған ақша еді.
Ерасыл- жүріңіз шығарып салайын сізді......
Арай- анаған қараа, милицияны азғырып тұр.... қастарына барайын.
Көрініс қорытындысы
Бұл көрініс 5 құндылықтың ішіндегі Дұрыс әрекетке жатады. Ақиқат негізінде сүйіспеншілікпен әрекет ету.
«Имандылық қастерлі қасиет»
«Имандылық – инабаттылық айнасы»
«Имандылық – ізгілік негізі»
назарларыңызға рахмет!
жүргізуші
Білімгерді мәдениетке, оның тілін ұғынуға, тұлға болып қалыптасуына музыка үлкен септігін тигізеді. Ендеше, қарсы алыңыздар Ақан Серінің әні «Қараторғай». Сырнайда орындайтын Нышанбек Алмас .
1 –жүргізуші Нақыл сөздер аспапта сүйемелдейтін Сулиева Русалина
Дұрыс қанаттанған түзу ұшар.
Балаға өз тіліңмен сөйлеме, өз тілімен сөйле.
Адамның адамшылдығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.
Баланы ұлша тәрбиелесең – ұл, құлша тәрбиелесең – құл болмақшы.
Балаға берілген бірінші тәрбие ата-анасын, туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады.
Баланы бұзуға,түзеуге себеп болатын бір шарт-жас күнде көрген өнеге.
Бала тәрбиесі бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер.
Әдеп сақтап әманда,
Әрбір адал адамға.
Жасасаң бір жақсылық
Қайтарады саған да.
Ынтымаққа қосыл да,
Ықылас қой досыңа
Ар-мақсатың нақ болсын,
Ақылыңнан тосылма.Бақыт деген не өзі?
"Бақыт деген не өзі" деп бастады топ таласты.
Біреуі оңы үйден іздеп, бірі қырдан әрі асты.
Бірі айтады: бақыт деген барлық байлық емес пе,
Керегінше киіп ішсең бақыттысың де емес пе?
Бірі айтады: жоқ, бақыт деген қолың жетпес маңсап қой,
Жұрттан көрі жүрсен ерек, соның өзі жақсы атты ғой.
Бірі айтады: бақыт деген, бақыт деген,
жүйрік мініп, той тойлау,
Ісің болмай күйбеменен,
қарын тойса қарт ойнау.
Бірі айтады: бақыт деген адал жар мен перзент қой,
Ынтымаққа ырыс келген ол да соған келмек қой.
Пікірлердің таласына солай мен жолықтым.
Бақыт адам басалына келмес оңай, соңы ұқтым.
Безбеймін мен баладан да, байлықтан да, жардан да,
Маңсап жетпес бар адамға үлістіріп алғанда,
Үміт үзбей іздейді олар, таңдап сол бір жақұтты,
Оны алыстан іздемегін, жүректен тап - бақытты
Бір адамға қадірің жүрмесе,
Екі адамға күлкі боласың.
Тәрбиелі адам тағаланған атпен тең.
Ана сүтімен бітпеген қасиет
Тана сүтімен сіңбейді.
1-жүргізуші - Сан мыңдаған бақытқа, арманға жетелейтін ойлар тізбегінің саны санамызда арта бергені – адамдық құндылықтарымыздың көбейгені. Әдемі ойлап, көркем жеткізе білу – адамның жетістігі. «Өмір» деген толассыз толқында әсем ойлар бойымыздағы адамдық қасиеттерді ұлықтай берсін. Ойдың көркемдігі бойдың көркемдігі болатындай саналы ойлай білейік достар.
2- жүргізуші - Имандылық-өнегеліктің шыңы, жамандық атаулыдан таза. Иманды адам моральдық жағынан кіршіксіз, әрқашан игілікке ұмтылады. Жұрт бізді ізгі, жақсы адам деп танығанын қалаймыз.
1-жүргізуші
Елу
жаста елім бар деп айта алмай,
Кетпес
естен күйінгенің, мұңлы Абай.
Елім
бар деп айтатын бір туды күн,
Елім
бар деп шырқатайын мен бүгін,- деп Қасым
Аманжолов атамыз айтпақшы
Ән «Мен қазақпын» орындайтын Билетәлі Қалтас
жүргізуші - Әрдайым имандылық жанымызға серік болсын деген тілекпен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Баршаңызға қатысқандарыңыз үшін көп-көп рахмет . Қош сау болыныздар.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген