400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Жүргіншілерге арналған жол қозғалысы ережелері»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың жолда жүру ережесін меңгерту дағдыларын қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Нургожаева Сауле Сарсеновна

«№11 «Назерке» бөбекжайы» тәрбиешісі

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы,Теңге кенті

Тақырыбы: «Жүргіншілерге арналған жол қозғалысы ережелері»

Тақырыбы: «Жүргіншілерге арналған жол қозғалысы ережелері»

Мақсаты:Балалардың жолда жүру ережесін меңгерту дағдыларын қалыптастыру.

Міндеті:

Үйрету: Жүргіншілерге арналған жол ережесін түсіндіру.

Дамытушылық:Жолда жүру ережелерін есте сақтай білуге және есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:Жолда жүру ережесін сақтап жүруге, балаларды бір-біріне көмек көрсете білуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар:Бағдаршам, жол белгілері, слайд

Бингвальды компанент: Бағдаршам-Светафор, көше-улица

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру,үйрету,қайталату


ҰОҚ барысы:

Жоспарланған оқу қызметінің әрекеті

І Кіріспе бөлімі

Шаттық шеңбері

Шеңбер болып тұрайық

Алақанды ашайық

Таза ауаны жұтайық

Жүрекке жылу сыйлайық

Жиналған жылу шуақтарын

Достарыма сыйлайын.

Балалар амандасады.

Сәлеметсіздерме?

Үш тілде амандасады.

Жарайсыңдар балалар!

Жыл мезгілдерін, апта күндерін сұрау?

ІІ Негізгі бөлім

Жарайсыңдар балалар!

Балалар бүгінгі біздің оқу қызметіміздің тақырыбы

«Жүргіншілерге арналған жол қозғалысы ережелері» деп аталады. Балалар сендер өз өмірлеріңді денсаулықтарыңды сақтағыларың келсе, жолда жүру ережелеріне сақ болыңдар. Жаяу жүргіншілер тек тратуарлармен, жолдың оң қол қанатымен жүру кажет. Ал жолдан өтетін кезде жол бойында орналасқан бағдаршам құрылғысына бағынуымыз керек. Бағдаршам жол ережесін сақтап көшеде көліктер бір-бірімен соқтығысып қалмау үшін, адамдарды көлік апатынан кұтқару үшін қызмет етеді.Балалар қараңдаршы бағдаршамның үш көзі бар екен. Қандай түстер екен кәнекей айтыңдаршы?

Ия өте дұрыс!

Балалар сендер білесіңдерма бағдаршамның екі түрі болады біреуі көліктерге ал екіншісі адамдарға арналған түрі.Көліктерге арналған бағдаршамның үш көзі болады ал адамдарға арналған бағдаршамның екі көзі болады екен. Ол үш көзді бар бағдаршамның «қызыл» түсі жанғанда, жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршамның «жасыл» түсі жанады, сол кезде көліктер тоқтайды, ал жаяу жүргіншілер жүреді. Ал көліктерге арналған бағдаршамның «сары» көзі жанғанда, адамдар тоқтайды ал көліктер жүруге дайындаладыАл көліктерге арналған бағдаршамның «жасыл» түсі жанғанда, жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршамның «қызыл» көзі жанады сол кезде көліктер жүреді адамдар күтеді екен.

Егерде бағдаршам жұмыс жасамай қалған жағдайда бізге көмекке май кызметкері келеді .

Жолдың бергі шетінен арғы шетіне өту үшін біздер жаяу жүргіншілерге арналған ақ жолақтар арқылы өтуіміз керек екен. Жолдан өтерде кез-келген жермен өтуге болмайды, тек ақ жолақ бар жерден ғана өтуіміз керек.

Балалар сендер жол ережелері туралы таппақтар білесіңдерма?

Балалардың таппақтары

Балалар біздер көшелерде жолдарда әр түрлі жол белгілерін көреміз.

Кәнекей сол жол белгілерімен танысып кетейік.

Сендер мына белгіні көріп журсіңдерма (Жаяу жүргіншілерге арналған жол)

Жақсы олай болса мына текшелерден осы жол белгісін құрастырып беріңдерші.

Ойын; Жаяу жүргіншілер жолын құрастыр.


Сергіту сәті

Біз тәртіпті баламыз

Ережені сақтаймыз,

Оңға солға бір қарап

Жолдан өте аламыз.


Бингвальды компанент:

Бағдаршам-светафор

Көше -улица

Жаяу жүргіншілерге арналған ақ жолақтар -пешеход


Көшедегі қозғалысты сахналау.

Балалар сендер жолда жүру ережесін түсіндіңдерма екен көрейікші. Балалар мынау біздің үлкен жолымыз, жолыыздың жиегінде бағдаршам орналасқан, жолдың ортасында жаяу жүргіншілерге арналған жолақтар бар. Ал балалар қараңдаршы бағдаршам қызыл жанды қазір кімдер жүреді ?

Ал жасыл жанғанда нелер жүреді екен?

ІІІ Қорытынды бөлім

Қорытындылау

Жарайсыңдар балалар оқу қызметі ұнадыма?

Сонымен үйрендік не білдік?

Бағдаршамның неше көзі бар екен?

Бағдаршамның қайсы көзі жанғанда жолдан өтуіміз керек екен?

Жолдан өткенде кез келген жерден өте беруге болама екен?

Жарайсыңдар балалар бүгінгі ашық оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар!

Балаларды мақтау мадақтау.






































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
12
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі