400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жұрнақ пен жалғау

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мұғалімдерге керек болып қалар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:

Жұрнақ пен жалғау

72-76 жаттығулар

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

СЫНЫП: 2


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.1.1.1 - тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Үш тілде амандасу. Топтарға бөлу.

1топ-Сөздер

2 топ- Түбір

3топ- Қосымша

4топ- Жұрнақ

М.К.Ұ.Ж

Ерте-ерте ертеде, бір-бірінен өткен ағайынды үш жалқау болыпты. Бар бітіретіндері бас көтермей ұйықтау екен. Бір күні оларға сонау алыстан сиқырлы хат келіпті. Хатты олар «сен ал, сен ал» деп бір-біріне сілтейді. Сөйтіп хат алынбай тұрады. Балалар, сендер хатты алғыларың келе ме? Олай болса хатты ашып көрейік. Бұл хаттың сыйқырлы хатты ашқан адамға арналады екен. Хат «Қосымша» деген атайдан келіпті. Хатта былай делінген.

Құрметті 2 «Ә» сынып оқушылары !

Мына сыйқырлы парақшалар сендерге жұрнақ пен жалғауды үйренуге көп көмегін тигізеді. Бұны сыйлық ретінде қабылдап, күтіп ұстаңдар. Менің сендерге жіберген тапсырмаларым да бар. Сол тапсырмалардан мүдірмей өтсеңдер сыйқырлы парақшалар сендерде қалады.

1-тапсырмасы. «Құра-бұра» ойыны

Мақсаты: Құрастырғышты дұрыс орнына қою. Оқушыларды шапшаң ойлану арқылы, сөздің құрамын дұрыс орналастыруды меңгерту.

ор , -ман, тор, -ғай, кі , -лар, -тап, -ха, -на, -да, -ғы, дә, -рі, -гер

Дұрыс реті: ормандағы, торғайлар, кітапхана, дәрігер

Дескриптор: Сөздерді құрастырады.

Ережелерді еске түсіріп айтады

Сәлемдеменің ішінен жаңа сабақтың тақырыбы шығады. (Жұрнақ және жалғау)








Слайд.

Жаңа білім

10 минут







Білу және түсіну

Түсіндіру жұмыстыры. (Сурет бойынша жүргізіледі)

-Мынау не? (жылқы)

- Осы сөзге –шы қосымшасын жалғап айтып көрейікші? (жылқышы)

-Жылқышы деген сөз қандай мағынаны білдіреді?

-Жылқыны күтіп, бағатын адамды айтады.

-Міне балалар, қосымша жалғанғанда сөз өзгерді. Енді осы жылқы сөзіне -ға қосымшасын жалғап айтайық. (жылқыға су бер) Бұл сөздің мағынасы өзгерді ме?

-Жоқ. Өзгерген жоқ. Демек қосымшалар екі түрлі қызмет атқарады. Сонымен қосымша жұрнақ, жалғау болып екіге бөлінеді.

Ережені есіңе сақтап ал. (Ережені оқушыларға оыту)


Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз.

Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз.

Т.Ж.

1топ- 72 жаттығу Өлеңді түсініп оқы.Біздер, допты, торға

2 топ- 73 жаттығу, Берілген сөздерден үш сөйлем құрап жаз.

3 топ- 75 жаттығу,

4 топ- Сөздерге жұрнақ жалғап оқы. Жұрнақ жалғанған сөздерді қатыстырып сөйлем құрау.

Дос – достық, іс – іскер, жұмыс – жұмысшы.

Біздің сыныпта достық қарым-қатынас орнаған. Іскер адам әрқашан сыйлы болады. Жұмысшылар жұмыла іске кірісті.



Слайд















Оқулық,

Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер

мәтіндер.

Ортасы

10 минут






Қолдану

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

Дәптермен жұмыс.

№72, 73,75 жаттығуларды дәптерге орындаймыз



Сергіту сәті

2 минут

Сергіту сәті "Көңілді күн"


видеожазба

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Синтез «Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі

«Иә, жоқ» әдісі

Әр топқа 2 сұрақтан қойылады . Ойыншылар «Ия, жоқ» деп жылдам жауап береді.

1-топ

1.Дыбысты естиміз, айтамыз (Ия)

2.Сөздер белгілі бір мағынаны білдірмейді (Жоқ)


2-топ

1.Сөйлем мағынасына қарай үш түрге бөлінеді (ия)

2.Қосымша үш түрге бөлінеді (Жоқ)



3-топ

1.Жұрнақ сөз мағынасын өзгертеді (Ия)

2.Түбір сөз дегеніміз сөздің мағыналы бөлігі бөлінетін буын (Жоқ)


4-топ

1.Жалғаулар сөз бен сөзді байланыстырады (Ия)

2.Қосымшалар жұрнақ және жалғау болып екіге бөлінеді (Ия)







«Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі








Бағалау


Кері байланыс

3 минут

Бағалау. Ойын доптармен бағалаймын.


«Рефлексиялық шеңбер»

Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.

-Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?

-Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?

-Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?

-Сабақта қандай қиындықтар туындады?

-Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай? Неліктен?


Рефлексиялық шеңбер


Үйге тапсырма: №75,76. 31-32 беттерде.

Саралау –


Бағалау -


Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?



.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
506
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі