400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жұрнақ пен жалғау

Материал туралы қысқаша түсінік
Сөз туралы ұғымды пысықтау, оқушыларға қосымшалардың қызметтері әр түрлі болатынын байқату, сол арқылы жұрнақ пен жалғау туралы түсінік беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе қаласы, №30 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Жилкибаева Зауре Тулеугалиевна 2-сынып


Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау. 

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға қосымшалардың қызметтері әр түрлі болатыны туралы түсінік бере отырып, олардың қызметіне қарай жұрнақ және жалғау бөлінетіні туралы түсінік беру. 
2. Қисынды ойлау, алған білім , білік, дағдыны қолдану дағдыларын дамыту. Сөз, сөздердің жазылу емлесі туралы алған білімдерін дамыту. 
3. Еркін сөйлеуге, бір-бірін сыйлауға, үлкендерге құрмет көрсете білуге тәрбиелеу. 

Сабақтың әдіс-тәсілдері: суретпен жұмыс, әңгімелесу, сұрақ-жауап, ойын, талдау, жинақтау. 

Түрі: аралас сабақ 

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі. 
Психологиялық дайындық. 
Сыныпта біздің тыныштық, 
Естілмейді дыбыс түк 
Мұны біз де қоштаймыз 
Кешіккенді тоспаймыз 
Күнделікті қызықты 
Кезекті сабағымызды бастаймыз. 

Дәптерге күннің жадысын жаздыру, көркем жазу  - Ү ү, Ұ ұ әріптері
- Балалар біздің өткен таұырыптарымыз қосымша, жұрнақ, жалғау тақырыптары. Осы сөздер жөнінде мен балаларға тақпақ берген болатынмын.


Қане бірге бәріміз, 
Көзімізді жұмамыз. . 
Өтіп-тау мен өзеннен 
Бір елге жетіп қонамыз.

Қосымша деп аталар

Бұл елде мүлде бейтаныс

Біз білмейтін, балалар

Қосымшаның түрі бар.


Жаңа сөздер жасайтын 

Жұрнақ атты ұлы бар. 

Сөз бен сөзді қосатын. 
Жалғау атты қызы бар. 

- Жақсы, балалар, олай болса барлығымыз қане есімізге алып жіберейікші - түбір сөз, қосымша, жұрнақ, жалғау дегеніміз не екен?

Ережелер айтылады.

- Енді, балалар, барлығымыз ережелерді есімізге түсірек, кітабымыздағы 292- жаттығуға қарайық. - Мәтінді мәнерлеп оқып, қарамен жазылған сөздердің жұрнағы мен жалғауын ажырату керек. - Сиырдың, саздан, балшық, ойыншық, күзетші, күзекке, досы, баласы.

Шоқан Уәлиханов туралы қысқаша айтып өту, суретін көрсету.

- Енді, балалар, барлығымыз 294- жаттығуға қарайық. Мұнда ребусты шешіп, шешуіндегі сөзге сөйлем құрастыру керек. - Балықшы сөзі. Балықшының ауына көп балықтар түсті.

- Балалар, енді оқулықтағы 293- жаттығуды өз бетімізше орындаймыз. Сұрақтардың қойылуына қарай қар сөзін өзгертіп жазамыз.


Сергіту сәті:

Ұзын мұртты құмырсқа

Келе жатты жұмысқа

Допты алды қолына,

Допты қойды жолына

Оңға қарады

Солға қарады

Үлкен тау деп ойлады.


Балалар біз енді 295-жаттығуды ойын түрінде өткізейік. Оқушылар, осы қай мезгіл?

- Қыс мезгілі.

- Қай ай?

- Қаңтар айы.

- Далада қармен біздер не жасаймыз?

- Аққала.

Олай болса ойынның аты "Аққала" деп аталады. Бұл ойынның шарты -сөздерге жалғауларды дұрыс жалғау, сонда аққала құрастырылып шығады.

наурыз+да, бала+ға, қала+ның, көмір+ді.

- Не себепті жалғау жалғанып тұр?

- Себебі жалғау сөз бен сөзді байланыстырады.


-Балалар сабақты қорытындылау үшін мына сөзжұмбақты шешейік. 

Қ О С Ы М Ш А 

1.Тілі жоқ өзінде,

Сөзі бар ізінде (қалам)

2.Төрт қырлы өзі аппақ,

Тақтадағы ізі аппақ.(бор)

3.Жылт-жылт еткен

Жырадан өткен(су)

4.Өзі ала ,сұр 
Тілінің ұшында уы бар 
Ол не? (жылан) 

5.Көлдің беті көк әйнек. 
Сырғанауға тым әйбәт (мұз) 
6.Жазда да,қыста да, 
Өзгермейтін бір түсте (шырша) 

7.Қыста ғана болады, 

Ұстасаң қолың тонады (қар) 

Сонымен балалар, бізге келген жаңа жыл қандай жыл?

-Жылқы жылы.

Жылқы деген сөзге сұрақ қояйықшы. Не? Енді осы жылқы сөзіне -шы жұрнағын жалғасақ қандай сөз шығады? -Жылқышы. Енді осыған -лар жалғауын жалғасақ - жылқышылар деген сөз шығады екен. 

ҮІ.Рефлексиялық –бағалау кезеңі 
«Алма» жинау ойыны. 
Кел, балалар, ойнайық! 
Тектен текке тұрмайық. 
Жемістерді жинайық. 
Үзіп алып бақтардан 
Достарымызға сыйлайық. 

Ойынның шарты: Алма ағашындағы алма суреттері. Сол алмада жазылған сөздерді жұрнақ жалғанған сөзді Жалқаубекке,жалғау жалғанған сөзді Тапқырбекке береміз. Қай қатар шатаспай орындайды сол жеңіске жетеді. 

ҮІІ.Қорытынды:
-Бүгінгі сабақтан не үйрендік? 
-Не білдік? 

ҮІІІ.Үйге тапсырма: 296 - жаттығу - ребусты шешіп, шешуіндегі сөзге үйден әңгіме жазып келеді. 

ІХ.Бағалау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
702
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі