400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Жүсіпбек Аймауытов

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға,мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

Жүсіпбек Аймауытов (1889—1931) — қазақтың көрнекті жазушысы,
драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.
Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты
бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов
ауылы. Арғын тайпасы Сүйіндік руы Құлболды бөлімінен шыққан
[1]
.
Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-
абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен.
Жүсіпбек жастайынан арабша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж.
бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі
(Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі
класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала
оқытып, қаражат табады.
1911—1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді.
1914 жылы Семейдегі мұғалімдер семинариясына қабылданады.
Оны 1918 жылы аяқтап шығады.
Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде «Абай»
журналын шығарысып, Қ. Сәтбаевпен, М. Әуезовпен танысады.
Кейін Алашордадан бөлініп, Коммунистік партия қатарына өтеді (1919).
Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне делегат болып қатысып, Қазақ
АҚСР Халық ағарту комиссариаты комиссарының орынбасары болып
тағайындалады (1920).
Мұнан соң Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі (1921), «Қазақ
тілі» газетінің редакторы.
Қарқаралыда мектеп мұғалімі (1922—1924), Ташкентте шығатын «Ақ жол»
газетінің бөлім меңгерушісі (1924—1926), Шымкент педагогикалық
техникумының директоры (1926—1929) қызметтерін атқарады.
[2]

1929 ж. басталған кеңестік қуғын-сүргін кезінде Қазақстандағы ұлтшылдық
ұйыммен байланысы бар деген жаламен тұтқындалып, ұзақ тергеуден
кейін 1931 жылы ату жазасына сырттай үкім шығарылған. Шымкенттегі
педагогика техникумының директорлығы - міне, мұның бәрі
Аймауытовтың жаңа өмірді орнықтыру жолындағы күрес жолын, өмір
белестерін көрсетеді. 1929 ж. басталған зобалаң кезінде қармаққа ілінген
Жүсіпбек 1931 ж. атылған. Астан-кестең ауыр, бірақ ерекше қуатты да
қызық, әлеуметтік төңкерістер, ұлы революциялар заманында өмір сүрген
Аймауытов өзінің осы қысқа ғұмырында артына аса бай, бағалы әдеби,
ғылыми мұра қалдырып үлгірді. Ол В. Шекспир, В. Гюго, Г. Мопассан, А.
С. Пушкин, Н. В. Гоголь, Л. Н. Толстой шығармаларын,
«Интернационалды», бірқатар ғылыми еңбектерді аударды, педагогика,
психология, методика, эстетик. тәрбие туралы зерттеулер тудырды;
әдебиет, эстетика, сын саласына араласты; сан алуан публицистик.
мақалалар жазды; «Қартқожа», «Күнекейдің жазығы», «Шернияз», «Ел
қорғаны», «Мансапқорлар» пьесалары, «Комплексті оқыту жолдары»,
«Жан жүйесі», «Өнер таңдау», «Мағжанның ақындығы туралы» еңбектері
- күрделі таланттың қазақ әдебиеті тарихындағы өлмейтін орны бар
шығармалар. 1918-19 ж. Семей қаласындағы М. Әуезовпен бірлесіп
«Абай» журналын шығарды. Осы журналда «Екеу» деген бүркеншік
атпен, Әуезовпен бірлесіп, «Абайдың өмірі және қызметі» (1918, № 2),
«Абайдан кейінгі ақындар» («Абай», 1918, № 3) деген мақалалар жазды.
Бұл мақалаларда Абай өмірінің бірталай қыры сөз болып, оның поэтик,
мұрасының аса құндылығы көрсетіліп, кейінгі ақындардың ұлы ұстаздан
үйренуі шарт екендігі нұсқалды, Пушкин орыс әдебиетінде қандай тарихи
қызмет атқарса, Абай да қазақ әдебиеті үшін сондай тарихи іс
тындырғаны орнықты дәлелденген. Қазақ әдеби тілінің қалыптасуына,
оның поэтикалық мәдениетінің ержетуіне Абай шығармаларының


Page 2


қаншалықты әсері барлығын көрсеткен. Абай поэзиясының ұлттық
дәстүрмен қоса Шығыс, Батыс әдебиеттерімен байланысы
қарастырылған. Аймауытов - қазақ әдебиетінде Абайдың шығармашылық
мұраттарын ілгері жалғастырған ең ірі тұлғалардың бірі


Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 желтоқсан
386
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі