Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Жүсіпбек Аймауытов Қартқожаның туған жері 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге арналған дайын қмж
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: әдебиеттік оқу

Бөлім: Т.А.О.Ж

Күні: 6.09.2019

Сынып: 2

Ортақ тақырып: Менің туған өлкем

Мектеп: Сырбек Кәттебеков жалпы орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Сәкен Айдана Мақсұтқызы

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жүсіпбек Аймауытов Қартқожаның туған жері

Оқу мақсаттары

2.1.5.1 өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу.

2.2.8.2. мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация, мультфильм) нұсқасымен салыстыру.

2.3.4.1. мұғалімнің көмегімен орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателерді табу және түзету.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа нұсқамен салыстырады.

Көптеген оқушылар: өз ойымен сезімін жеткізіп, көркем шығарма үзіндісінен сахналайды

Кейбір оқушылар: иллюстрация бойынша көркем шығарма үзіндісін құрастырады ойды аяқтайды, орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателерді табады және түзетеді.

Бағалау критерийлері

Мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа нұсқамен салыстырады.

Иллюстрация бойынша көркем шығарма үзіндісін құрастырады ойды аяқтайды.

Орфографиялық , пунктуациялық, стилистикалық қателерді табады және түзетеді.

Тірек сөздер

Ашамай, шерсіз, ет бауыр жақын, жетесіз

Ашамай деген не?

Шерсіз сөзін қалай түсінесің?

Жетесіз сөзінің мағынасы.

Құндылықтарды дарыту

Туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, туған өлкесін құрметтеуге баулыймын.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, көркем еңбек

АКТ қолдану дағдылары

Бейнеролик

Алдыңғы білімді игерулері

Жүсіпбек Аймауытов туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарлан

ған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5-7 мин

Сәлемдесу: «Мейірімді алақан»


1– МЕН

2 –БҮГІН

3 – САҒАН

4 – СӘТТІЛІК

5 - ТІЛЕЙМІН

6 - Алақанды бір-біріне тигізіп «Сәлем» деп айту



Оқушыларды туған өлкеге байланысты 3 топқа бөлемін:

І топ – Отан

ІІ топ – Туған жер

ІІІ топ – Атамекен

Үй тапсырмасын пысықтау мақсатында «Кім жылдам» әдісін пайдаландым.













Қима суреттер


Сабақтың ортасы


25 мин









Бейнеролик арқылы сабақтың тақырыбын ашып аламын.Мұғалімнің түсіндірмесі.




Жүсіпбек Аймауытов







Оқулықпен жұмыс.

1 тапсырма топтық жұмыс. «Галлереяға шарлау» әдісі.

Оқушылардың өздері жасаған жұмыстарын қорғау мақсатында функционалдық сауаттылықтары артады. Тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым дағдылары қалыптасады.

І – топ Сөзжұмбақты шеш.




О

Р

М

А

Н


О

Т

А

Ғ

А

С

Ы

Х

А

Л

Ы

Қ


Ұ

Р

А

Н


1.Қалың ағаш өсетін нулы жер қалай аталады?

2.Отбасындағы әке атауы.

3.Ел сөзін басқаша қалай атауға болады?

4.Мемлекеттік рәміздеріміздің бірі.

ІІ – топ Жасыл бояулы торкөздердегі сөзді дауыстап оқы. Отан сөзін басқаша қалай атауға болады?

ІІІ – топ Қара әріппен жазылған сөздерді оқы. Көп нүктенің орнына осы сөздерді қойып айт. Отаным, туған жерім, атамекенім, туған өлкем, туған елім.

Менің ... – Қазақстан.

Дескриптор:

сөз жұмбақты шешеді.

Жасыл бояулы торкөздердегі сөзді дауыстап оқиды.

Отан сөзін басқаша атайды.

Қара әріппен жазылған сөздерді оқиды.

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып айтады.

Саралаудың «Тапсырма» тәсілі бойынша оқушылардың қажеттіліктеріне қарай сөзжұмбақты шешу, әртүрлі жаттығулармен тапсырмаларды орындау барысында көмек қажет ететін оқушылармен жеке жұмыс жүргізіп, қарқыны жоғары оқушыларға күрделі тапсырмалар беріп отырдым .

ҚБ «Шапалақ» әдісі.

2 – тапсырма: Оқиға картасымен жұмыс

Оқу сапасын (дауыстап, түсініп, іштей, мәнерлеп, көз жүгіртіп, болжап оқу) жетілдіреді. мұғалімнің көмегімен көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын мен аяқталуын анықтайды. Мәтінді жүйелі, ретімен айтуды үйренеді


Атауы

Қартқожаның туған жері


Кейіпкер

Қартқожа

Ахуал жағдай

Ауылда

Шешім

Ыстық қой, шіркін, туған жер! Кім сүймесін өз жерін?


Проблема

Туған жерді аңсайды

Оқиға

Кешкі ауыл



Мәтінді тізбектеп оқы.Мәтіннен кешкі ауыл туралы айтылған жолдарды тауып оқы. Қартқожаға не қатты әсер етті? Берілген мәтінді неше бөлікке жіктеуге болады? Әр бөлікке ат қой.

Дескриптор:

Мәтіндегі негізгі ойды, оның басталуын, жалғасуын, шарықтау шегін, аяқталуын анықтайды.

Оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап, оны бөліктерге бөледі.

Әр бөлікке ат қойып жоспар құрады.

Мәтіннің мазмұнын ескере отырып, көтерілген мәселені жазады.

Жұптар бір – бірінің пікірін тыңдайды.

Саралаудың «Қорытынды» тәсілі бойынша барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу мақсатында мәтіндегі негізгі ойды, оның басталуын, жалғасуын, шарықтау шегін, аяқталуын анықтауға дағдыландыру .

ҚБ «Маған ұнады» әдісі арқылы бағалау. Оқушылар өздеріне ұнаған мадақтау сөздерді айтып, жылы лебіз білдіреді.


Сергіту сәті: Әуен ырғағымен оқушылар бірдей қимыл жасайды.


Дәптермен жұмыс Жеке жұмыс «Пікіріңді бөліс» әдісі. Оқушылар оқылым мәтінін негізге ала отырып, кестені толтырады,белгілі оқиғаны өз ойынша өзгертіп аяқтауға дағдыланады.


Қажетті сөздерді жаз.

Жазушының туған жеріне деген сезімін білдіріп тұрған сөздері.

Сенің туған жеріңе деген сезіміңді білдіретін сөздер




Саралаудың «Қарқын» тәсілі бойынша кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді, мәтінді негізге ала отырып, кестені толтырады, ал кейбір қарқыны төмен оқушыларға тапсырмаларды орындауда біршама уақыт беремін.

Дескриптор:

Жазушының туған жеріне деген сезімін білдіріп тұрған сөздерді жазады.

Өзінің туған жеріне деген сезімдерін жазады.

Орфографиялық және орфоэпиялық нормаларды сақтайды.

ҚБ «Смайлик» арқылы бағалау.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.02.2021
1076
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12