Бекітемін:
Педагогтің аты-жөні: |
Кемалбаев Е.Б. |
|||
Күні: |
28.04.2026ж. |
|||
Сынып: 11 «Ә» |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|||
Сыныптан тыс жұмыстың тақырыбы: |
Жүз жасаған Бәйтерек «Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойы» |
|||
Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты: |
|
|||
Құндылыққа баулу |
Жамбыл Жабаевтың шығармашылық жолы арқылы оқушыларға жетістікке жетудің жалғыз жолы — қажырлы әрі адал еңбек екенін ұғынады және өз ісіне (оқуына, өнеріне) жауапкершілікпен карайды.
Ұлы жыраудың мұрасын қастерлеу арқылы оқушылардың бойында отансүйгіштік, еңбекқорлық және өнерге деген құрмет сезімін қалыптастырады. |
|||
Уақыты/ кезеңдері |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Ресурстар |
|
Ұйымдас- тыру кезеңі
10 мин |
Сұлтан: Армысыздар, қадірменді ұстаздар мен оқушылар! Бүгін біз қазақ руханиятының асқар тауы, жыр әлемінің алыбы – Жамбыл атамыздың 180 жылдық мерейтойын тойлауға жиналып отырмыз. Жамбыл – жай ғана есім емес, ол – тұтас бір дәуірдің шежіресі, қазақ поэзиясының мәңгілік бәйтерегі.
Жанерке: «Халқымның аты – Жамбыл, менің атым – Жамбыл» деп жырлаған ақынның мұрасы – біз үшін баға жетпес қазына. Жамбыл атамыз екі ғасырдың куәгері болып, халқымыздың мұңын да, қуанышын да домбыраның пернесімен, өлеңнің өрмегімен жеткізе білген. Бүгінгі «Жүз жасаған бәйтерек» атты сыныптан тыс жұмысымыз жыр алыбының рухына тағзым ретінде арналады.
І бөлім: «Ғасыр куәгері» (Бейнеролик)
Сұлтан: Жамбыл атамыз Алатаудың баурайында, Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген. Оның өмірі қиындық пен күреске, шығармашылық пен жеңіске толы болды. Ол Сарыбай мен Сүйінбай сынды дүлдүлдерден тәлім алды. Жанерке: Ақынның басынан кешкен тарихи кезеңдерді, оның ақындық мектебі мен өмір жолын тереңірек білу үшін назарларыңызды экранға аударайық. Ұлы тұлғаның бейнесі көз алдарыңызда жаңғырмақ. |
Жүргізушілердің (Сұлтан мен Жанерке) кіріспе сөзін тыңдайды.
Жамбыл атаның өмірі туралы бейнероликті тамашалайды. Ақынның өмір жолы мен ақындық мектебі туралы мәлімет алады.
(5 минуттық видео көрсетіледі) https://youtu.be/s-7CM1iH-nw?si=VAbQ5PuOdWZfMXTE
|
Мерекелік безендіру.
Кереге, Жамбыл атаның суреті,кітап-тары, домбыра, қамшы
Экран,бейне-ролик |
|
Сыныптан тыс жұмыстың басы
10 минут |
ІІ бөлім: «Жамбыл — жырдың нөсері» (Мәнерлеп оқу) Сұлтан: Жамбыл өлеңдері — алуан тақырыпта халықтың рухын көтерді, отансүйгіштікке тәрбиеледі. Әсіресе, соғыс жылдарындағы оның жырлары жауынгерлерге жігер , жеңіске деген сенімділік берді және соғысқа қатысқан әрбір жауынгердің төсқалтасынан табылды. Жанерке: Иә, оның «Ленинградтық өренім!» деген бір ауыз сөзі бүкіл әлемді тебірентті. Сонымен қатар, атамыз келешек ұрпаққа, яғни бізге де көптеген өсиет өлеңдерін қалдырған. Ортаға жыр маржандарын шашу үшін сыныбымыздың оқушыларын шақырамыз!
Багланова Медина: «Алатау»
Тізілген
таулары бар Жетісудың,
Жалғасқанұлы Мадияр: «Шәкірт балаларға»
Балалар,
аманбысың шырақтарым, Темирова Айым: «Балаларға»
Балдыраған
балғын балалар, Казизова Инабат: «Ленинградтық өренім!»
Ленинградтық
өренім!
|
Оқушылар (Медина, Мадияр, Айым, Инабат) ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқиды.
Өлеңдердің мазмұны мен маңызын (отансүйгіштік, білім) түсінеді.
|
|
|
Сыныптан тыс жұмыстың ортасы
20минут |
ІІІ бөлім: «Ақынның бағы — Сүйінбайдың батасы» (Көрініс) Жанерке: Қазақ баласы үшін үлкеннің батасын алу — үлкен бақыт. Жас Жамбыл да өнер жолына қадам басқанда, халқымыздың мақтанышы Сүйінбай ақынның алдына барып, рұқсатын сұраған. «Менің пірім — Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай» деп Жамбыл атамыздың өзі айтқандай, Сүйінбайдың батасы оның ақындық жолына жол ашты. Ендеше, екі тұлғаның тарихи кездесуінен үзінді тамашалаңыздар.
Рөлдерде: Жамбыл Жабаева – Маратов Нұрперзент Сүйінбай – Ергабылов Султан Жамбыл: Ассалаумағалейкум, халықтың сүйікті дүлдүлі, Сүйінбай ата! Сіздің алдыңызға алыстан ат арылтып, өнеріңізді көруге, батаңызды алуға келдім.
Сүйінбай: Уағалейкумассалам, балам! Бет алысың ширақ екен. Қай баласың? Кімнің ұлысың? Жамбыл: Шапырашты ішіндегі Екеймін, Жабайдың ұлы Жамбылмын, ата. Әкем менің ақын болғанымды қаламайды, «мал бақ» дейді. Бірақ менің көкейімде өлеңнен басқа ештеңе тұрмайды. Жандай: (Күліп) Ой, Жамбыл, ақын болу оңай дейсің бе? Мына отырған Сүйінбай атаңдай болу үшін үлкен жүрек керек. Сүйінбай: Тіліңде отың бар екен. Ал, ендеше, Жабайдың ұлы Жамбыл, құр сөйлемей, қолыңа домбыра ал! Көрейік, бойыңда қандай өнер бар екенін. Жамбыл : «Менің пірім — Сүйінбай, Сөз сөйлемен сыйынбай. Сүйінбай деп сөйлесем, Сөз келеді бұрқырап, Қара жаңбыр құйындай!..» Сүйінбай: (Орнынан тұрып, Жамбылдың иығынан қағады) Бәрекелді! Даусыңда қасиет бар, сөзіңде кие бар екен. Сенің ақындығың Жабайдың мал-мүлкінен де асып түседі екен. Сүйінбай (Бата береді): — Иә, Құдай, оңдасын, Еш жамандық болмасын! Сөзің асыл тас болсын, Жасың жүзге жас болсын! Ат болсаң — алдыңғы боларсың, Ақын болсаң — дүлділ боларсың! Сөзің халықтың мұңы болсын, Есімің Алаштың нұры болсын! Әумин!
Сүйінбай: Мына домбырамды ал, балам. Менің жолымды берсін. Халқыңның адал ақыны бол! Жамбыл: Рақмет, ата! Батаңызды ақтауға серт беремін!
V бөлім: «Айтыс — сөз қағысу» (Көрініс) Жанерке: Жамбыл атамыздың тағы бір қыры — оның айтыскерлігі. Ол ешкімге дес бермейтін суырыпсалма ақын болған. Оның әзілі де орынды, сыны да өткір еді.Жамбыл көптеген ақындармен айтысып,ешбірінен жеңіліп көрмеген Сұлтан: Ия, әсіресе Айкүміспен айтысы — халық арасында кең таралған, өте көңілді де қызықты айтыстардың бірі. Қазір алдарыңызда екі ақынның сөз қағысуы мен тапқырлығын көрсететін көріністі ұсынамыз. Айкүміс пен Жамбыл айтысы: Альжанова Айзере мен Маратов Нұрперзент Айкүміс: Армысың, Жамбыл ақын, атың дардай, Келіпсің алыс жолдан атыңды аямай. «Дәу ақын келе жатыр» дегенді естіп, Дайындалып отыр едім, тағат таппай. Бірақ өзің кіп-кішкентай екенсің ғой, Дауысың шыға ма екен, қозыдай маңырамай?
Жамбыл: Айкүміс, айдай жүзің жарқырайды, Сөзің бірақ тікендей шаншылады. «Бойы аласа» деп мені мінейсің бе? Асыл тас жерде жатса да, жалтырайды! Сен өзің тал шыбықтай бұраңдайсың, Желі тисе, құлап қап жүрмегейсің?
Айкүміс: Менің бойым — бәйтерек, күнім жарық, Сөйлегенде кетемін жырдан ағып. Сізді «мықты» дейді ғой, Жамбыл аға, Ал отырсыз сөзімнен сылтау тауып.
Жамбыл: Ой, бұл қыздың тілі ащы, бұрыш па дерсің, Кішкентай боп, үлкенге ұрыс бересің. Тапқырлығың жақсы екен, таласым жоқ, Сөзге шешен екенсің, соған күлдім! Айкүміс: Жамбыл аға, жеңілсең — жолың болсын, Қалтаңа бауырсақ пен құртың толсын. Сүйінбайдың батасын алған болсаң, Біздей жасқа ақылың үлгі болсын!
Жамбыл: Бәрекелді, ақылың асқан екен, Сөзіңнің мағынасы тасқан екен. Жеңісті бердім саған, ерке ару, Бағың жанып, әрқашан ашылсын бақ!
VІ бөлім: «Жамбылға хат: Көңіл толқыны» Жанерке: Жамбыл атамыз: «Балалар, аманбысың шырақтарым!» – деп бізге мейірлене қарап, үлкен үміт артқан. Бүгінгі ұрпақ сол аманатқа қалай жауап береді? Сұлтан: Иә, Жанерке. Ендеше, қазір әрқайсысыңыздың алдыңызда қағаз бен қалам тұр. Дәл қазір, осы сәтте Жамбыл атаға деген ішкі сырларыңызды, алғыстарыңыз бен тілектеріңізді хат ретінде жазуды ұсынамыз. Жанерке: Қазір күмбірлеген күй ойнайды. Осы күй аяқталғанша, қағазға түсіріп үлгеріңіздер. Сұлтан: Күй де тоқтады, демек, қағазға ақ тілектер де түсті. Енді арамыздан оқимын дейтін оқушы болса! Жанерке: – Кандай әсерлі хаттар! Рақмет! Енді осы хаттарыңды қастерлеп, «Аманат» қоржынына салсаңыздар. Бұл хаттар мектебіміздің мұражайында біздің Жамбыл атаға деген құрметіміздің белгісі болып сақталады. |
Кейіпкерлер (Жамбыл, Сүйінбай, Айкүміс) рөлінде өнер көрсетеді.
Тарихи кездесу мен айтыстан үзіндіні сахналайды.
Сүйінбай атаның батасын тыңдайды.
Күй әуенімен ақынға арналған тілектері мен алғыстарын хатқа түсіреді.
Жазған хаттарын «Аманат» қоржынына салады. |
Сахналық костюмдер (шапан, тақия, сәукеле).
Сәндік бұйымдар, құрт-бауырсақ.
парақ, қалам. «Аманат» қоржыны.
|
|
Сыныптан тыс жұмыстың 5 минут |
V бөлім: Қорытынды (Ақын батасы) Сұлтан: – Бала жүрегінен шыққан осы жылы сөздер – Жамбыл атамыздың мәңгілік мұрасының жалғасы. Ендігі кезекте, атамыздың бізге берер ақ батасын қабыл алайық!
> Уа, өрендерім, өрімдей жас ұландар! Көңілдерің көктемдей жадырасын, Талаптарың таудай боп, бағың жансын. Білімнің биігіне өрлей беріңдер, Еліңнің елеулі тұлғасы болыңдар! Әумин! Жанерке: Осымен Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шарамызды қорытындылау үшін сөз кезегін сыныбымыздың жетекшісіне береміз
Сұлтан: Жамбылдың жыры жүректеріңізде жаңғыра берсін! Сау болыңыздар |
Сынып жетекшінің қорытынды сөзін тыңдайды.
Жамбылдың батасына «Әумин» деп қол жаяды. |
|
|
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жүз жасаған Бәйтерек «Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойы»

шағым қалдыра аласыз