400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жүз жол, біреуі-сенікі

Материал туралы қысқаша түсінік
кәсіби бағдар беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Жүз жол, біреуі-сенікі»

Формасы: Ток-шоу

Қатысушылар: 9-11- сынып оқушылары, студенттер, маман иелері

Мақсаты:

Оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, классификациялық белгілері, мамандықтар тобы туралы білімдерін, түсініктерін кеңейту , мамандық таңдаудың қыр-сырларын меңгерту, кәсіптік бағдар беру.

Өз қалаулары бойынша мамандықты дұрыс таңдай білуге баулу, мақсат қоя білуге, икемділіктерін қалыптастыру.

Көрнекілік: слайдтар, видеоматериалдар, ресурстар

Әдіс-тәсілі:пікірлесу, сұрақ-жауап, ой бөлісу, практикалық жұмыс


Барысы:


Көңілді әуенмен екі жүргізуші билеп кіреді.


Қонақтарды ортаға шақыру


  • Бүгінгі студиямыздың қонақтары мамандығын мақтанышым деп білетін, өз істерінің кәсіби мамандары, алар асулары көп, ертеңінен үміт күттіретін болашақ сан түрлі маман иелері және мектеп түлектері!

  • Ең қызықты, ең креативті мектеп студиясындағы  «Жүз жол, біреуі-сенікі» атты ток-шоуымызға қош келдіңіздер!

  • Шоуымызды не істейміз? /Көрермендер-бастаймыз!/


Мамандық - адамнан арнаулы білім, еңбек дағдылары мен іскерлікті талап ететін еңбек іс әрекетінің түрі. "Мамандық" сөзі латын сөзінен шыққан, "жұрт алдында сөйлеу, жариялау" дегенге саяды. Есте жоқ ескі заманда мамандықтың қазіргідей түр-түрі болмады. Әр адам барлық жұмыспен өзі ғана айналысатын. Дегенмен, әйелдер мен ерлерге деп бөлінетін жұмыстар болған. Ерлер аң аулап, үй тұрғызып, қару-жарақ жасаса, әйелдер жеуге жарамды өсімдіктерді жинап, тамақ пісірген, киім-кешек тігіп, бала тәрбиелеген.  Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, нарықтық қарым-қатынас пайда болды. Қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыстар, сәйкесінше, түрлі мамандықтар келді. Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет. Бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін-өзі дамыту үшін білім алып, соған сай мамандыққа машықтану керек. 


  • Сұхбатымызды бастайық!

  • Алғашқы сұрағымызды бүгінде бір саланың білдей мамандарына айналған қонақтарына жолдасақ.

Мамандарға:

  1. Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек?

  2. Мамандық таңдауда ең бастысы не? Қабілет пе, дарын ба әлде қоғамдық беделі ме?

Студенттерге:

  1. Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек?

  2. Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?

Оқушыларға:

1.Сіз қандай маман болуды армандайсыз?

2.Адам өз мамандығын таңдаған кезде нені басшылыққа алу керек?


  • Әлемде 40 мыңнан астам мамандық түрлері бар. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 %-ы қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Әлде өзінің болашақтағы профессионалды қызметіне жан жақты дайындалу керек шығар?! Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады?

  • Ендеше мамандықтар туралы ақпаратқа назар аударайық. / Видеоролик корсетіледі/

  • Кешіміздің көркін кіргізіп, көңілді отыру үшін кезекті сергіту кезеңіне берейік.

/Бір-бірлеп суреттер көрсетіледі. Аудитория оны қандай мамандық екенін табады. Тапқан мамандыққа байланысты тапсырма беріледі./

  1. Құрылысшы / кубиктерден үй құрастыру/

  2. Актер / Роль сомдау/

  3. Дизайнер-стилист / Талғамға сай киіндіру/

  4. Визажист / Бір көрерменнің бетін әрлеу/

  5. Шаштараз / Көрерменге шаш үлгісін жасау/

Мамандық таңдауға кім және қандай жағдайлар әсер етеді?

-ата-ананың ақылы

-қазіргі кездегі сол мамандықтың беделі

-дарының,мүмкіндігің, қабілетің

- жақын аймақтағы оқу орнының болуы

-жалақысының көп болуы

-достарыңның ақылы


Сергіту жаттығуы:

Много профессий на свете у нас!   (Руки на поясе – повороты туловища вправо-влево)
О них поговорим сейчас:    (Развести руки в стороны)
Вот швея рубашки шьет, (Движения воображаемой иглой)
Повар варит нам компот,     (Мешаем» поварешкой)

Самолет ведет пилот -   (Руки – в стороны)
На посадку и на взлет.     (Опускают их вниз, поднимают вверх)
Доктор ставит нам уколы     (Скрестить  пальцы над головой. Движения: ладонь – кулак)
И охранник есть у школы.    (Руки – согнуты в локтях, силовой жест)

Каменщик кладет кирпич,    (Попеременно кладет кисти рук одна на другую сверху – вниз.)
А охотник ловит дичь    (Делают бинокль из пальчиков)
Есть учитель, есть кузнец,    (Загибают пальцы, перечисляя профессии)
Балерина и певец.

Чтоб профессии иметь,    (Разгибаем пальцы)
Надо много знать, уметь    (Повороты кистями - тыльная сторона

Хорошо дружок учись!    (Погрозить пальчиком)

И, конечно, не ленись!    (Отрицательное движение указательным пальцем)


Қорытынды.


Бір ғұламаның айтқан: «ынта болса, мақсатқа жеткізер жүз түрлі жол табылады, ынта болмаса, мақсаттан бас тартар жүз түрлі сылтау табылады» деген сөзі ешқашан мәнін жоймайтын және кез-келген адамның жадында тұтар нақыл болуы тиіс. Өйткені, мақсатқа жету бақытты тірлік  кешуге байланысты болмақ. Өздеріңіз көріп, ойларыңызға түйгендей мамандық таңдауға деген жүз жол бар, әйтсе де біреуін ғана таңдап, біреуінің ғана майталманы болу өз қолыңызда!



Қараөзен-мектеп-лицейі











/Кәсіби бағдар беру, мамандық таңдау мақсатындағы

ток-шоу сценарийі/





Өткізген: Замерова Б.Қ







2019-2020 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
13 ұстаз жүктеп алған
4 ақпан
3241
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі