Жүз жол, бірі сенікі .Жұмысшы мамандармен кездесу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жүз жол, бірі сенікі .Жұмысшы мамандармен кездесу

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл жұмыста 8 сынып оқушыларының жұмысшы мамандармен кездесу кешінің өткізілу барысы жазылған. Осындай арнайы қонақтармен кездесу жұмысына үлгі ретінде ұсынылады, қандай сұрақтар құрастыруға болатынын көруге болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныптан тыс жұмыс: "Жүз жол,бірі сенікі"

Мақсаты:

  • Оқушыларға жұмысшы мамандықтардың маңыздылығын түсіндіру;

  • Ата-аналар мен мамандардың тәжірибесін тыңдау арқылы болашақ мамандықты таңдауға көмек беру;

  • Еңбекке деген құрметті арттыру.

Қатысушылар:

  • 8-сынып оқушылары;

  • Ата-аналар;

  • Жұмысшы мамандық иелері (қонақтар).

Өткізу форматы:

  • сұхбаттасу;

  • Презентация;

  • Ойындар;

  • Бейнебаян көру.

Shape1

Жоспар:

Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлем -сөздің анасы

Қонақтарды таныстыру.

1. Кіріспе:

Мұғалімнің сөзі (іс-шараның мақсаты мен маңыздылығы туралы).

"Жұмысшы мамандықтар – қоғамның тірегі" атты қысқаша презентация көрсету.


2. Негізгі бөлім

Қонақтармен сұхбат:

Жұмысшы мамандық иелері өз кәсібі туралы әңгімелейді.

Оқушылар мен мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

Видеоролик қарау:

"Еңбекпен өрлеген ел" атты бейнеролик (жұмысшы мамандықтардың қоғамдағы орны туралы).

Қорытынды бөлім.

Кері байланыс:
"Болашақтағы мен" – әр оқушы 10 жылдан кейін өзін қай мамандықта елестететінін айтып, шағын әңгіме құрастырады.
Қатысушыларға алғыс айту, естелік суретке түсу.

Shape2

1.Кіріспе сөз. Қайырлы күн, құрметті қонақтар, оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі «Елге қызмет,өзіме нығмет » атты кездесуімізге қош келдіңіздер!Кешіміздің құрметті қонақтарымен таныс болайық.

Аудандық білім бөлімінің әдіскері: Мейраш Әбдіқалыққызы

Аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы: Ләззат Серікбайқызы.

Елеу Көшербаев атындағы №279-мектеп-лицейінің директоры-Аманова Фарида Ундабаевна.

Атақты ғұлама Әл – Фараби
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз –
деген екен
Мынау нарықтық қарым-қатынас жағдайында үлкен өмірге аттағалы отырған жастың көкейінде «кім болам?» деген сұрақ тұр.
Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Мамандық таңдау – өте жауапкершілікті және маңызды іс. 8- 9 сынып оқушыларын көбіне қандай мамандықты таңдаймын немесе таңдаған мамандыққа қалай қол жеткіземін деген ойлар мазалайтыны анық. Сондықтан да мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін бүгінгі кешімізге бірнеше маман иелерін шақырып отырмыз. Бұл қонақтармен кездесіп, ой бөлісу, пікір алысудың маңызы өте зор.

Презентация.

Мұғалім: Ең біріншіден Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Олай болса көкейімізде жүрген маңызды сұрақтарымыздың жауабын арнайы келген қонақтарымыздан сұрап білейік

Жұмыс орнынан видеолар көрсетіліп,қонақтар кезектесіп шақырылады.

1.Тепловоз машинисті болып,жұмыс жасап келе жатқан-Күншығаров Өмірбек Темірбекұлы.

2. Тағдырыңды өзгертетін таңдау жасау өте қиын. Әсіресе, мамандық таңдау мен жар таңдауда мүлт кетпеу керек. Өз таңдауынан мүлт кетпеген жандардың бірі - Ақмарал апайды қарсы алайық.

3. Әрбір мамандықты таңдау үшін, ең алдымен өзін және өз бейімділігін тану қажет және өз-өзіне «Мен кіммін?», «Болашақта қандай маман иесі боламын?», «Өмірдегі менің орным қандай?» деген сұрақтарға жауап іздеу қажет деп ойлаймын. Э.Ф. Зеер «Мамандықты дұрыс таңдау – ол өмір жолының сәттілігінің негізі» дегендей мамандықты дұрыс таңдай білу алдағы өміріңнің сәттілігі деп түсіну керексің. Өз мамандығын таңдаудан қателеспеген қонақтарымыз-темірден түйін түйетін шебер аға-Асанатов Иманғали,№8 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы,азаматтарды қорғау лейтенанты- Қуандық Мейржан Шамшатұлы, «Думан мебель цехының» иесі- Қосым. Қошеметпен қарсы алайық.

1.Сұрақ : Құрметті қонақтар ,қош келдіңіздер.Бүгінгі таңда, сіздер абыройлы,тәжірибелі мамансыздар. Бірақ сіз де мамандық таңдағанда көп ойланған шығарсыз. Мысалға біреулер үшін мамандық таңдау ойға алған арман,біреулер үшін ол дәстүр жалғастыру, үшінші біреулер үшін ол жаңалыққа,дербестікке талпыну,ал енді біреулер үшін әйтеуір бір маман иесі болу.Ал сіз бұл мамандыққа қай жолмен келдіңіздер? (Барлық мамандар мамандыққа келу оқиғаларын кезектесіп айтып береді).

2.Сұрақ Ақмарал апай: Сіз үш жолмен ақылды бола аласыз:тәжірибе жолымен бұл- ең қиын жол,еліктеу жолымен бұл - жеңіл жол,ойлану жолымен бұл -ең ізгі жол.Сіз осы жолдардың қайсысымен қазіргі кәсібіңізге келдіңіз, өмір жолдарынан естелік айта отырсаңыз

3. Сұрақ: Тепловоз машинисті жүк және жолаушылар пойыздарын басқара алатын,теміржол көлігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мамандықтардың бірі екен.Сіздің ойыңызша жақсы маман иесі болу үшін адам нені біліп,нені үйрену қажет? Өз тәжірибеңізбен бөліссеңіз.(Мамандыққа қажетті дағдыларды айтып беу үшін керек).

4.Оқушы МЧС: Адамдар өмір сүру барысында біреуді үлгі тұтып,ақыл кеңестеріне сүйенеді екен.Ал сіздің өміріңізде осындай адам бар ма?

5.Сұрақ: Токарь әртүрлі металдар мен басқа да материалдарды өңдейтін,станоктарда бөлшектер жасайтын маман екен.Қажырлы еңбек пен үлкен шыдамды ,шеберлікті қажет ететін осы мамандыққа сіз қалай келдіңіз?

6.Сұрақ Қосым :Қазіргі таңда мамандығыңыз жұмыс қана емес,бизнес көзіне айналып отыр. Осы туралы кеңірек таратып айтып бересіз бе?

7.Оқушы Иманғали аға: Токарь мамандығын бизнеске айналдырғысы келетін жас жеткіншектерге кеңесіңізді айта кетсеңіз...

8.Иманғали аға:Ең күрделі өңдеуге жататын материал қандай?

9.Сұрақ: Қазір қоғам , тиісінше сол қоғамда өмір сүріп отырған адамдардың сұранысы да өзгеріп жатыр. Сіздің ойыңызша тігіншілік саласында жаңашылдықтар болу керек пе ?Басқаша айтқанда сән трендтерін қадағалап отырсыз ба?Қалай қадағалайсыз?

10.Оқушы: Қандай матамен жұмыс жасағанды қалайсыз ?Неліктен?

Сандықшалардағы сұрақтар:

Әуелі сурет,сосын сұрақ

Ең алғашқы.. Жұмыс күні

Ең алғашқы ұстаз

Ең алғашқы сәнді киім

Ең алғашқы марапат

Ең алғашқы махаббат

Ең алғашқы сауық кеш

Ең бірінші кумиріңіз

Қорытынды бөлім.


Кері байланыс .

Видеоролик.

Алдағы жылда мен өзімді қай мамандықта көремін?

Оқушылар алғыстары тыңдалып, сыйлықтар таратылады.

Еңбек етсем, ертеңгі — бақытыңа сенемін.
Мақсатыма жеткізер — уақытыңа сенемін.
Ақыл, сана білім мен — өнеріңе сенемін.
Арым — таза, ақ көңіл — адалдыққа сенемін,
Абыройлы, ақ ниет — адамдыққа сенемін!- деп бәріңе үлкен сеніммен қарайтын мектебіміздің директоры Аманова Фарида Ундабаевнаға сөз кезегін береміз.


Болсаң да кең даланың кермиығы

Кішілік кісіліктің өр биігі

Қаншама мамандық бар жер бетінде

Ішінде адам болу-ең қиыны -дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер бүгінгі кездесуде апайларымыз бен ағаларымыз айтқан ақыл кеңестерді жадыңызда ұстап ілім — білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі — болашақ маман иелері болуларыңызға тілектеспін,қандай мамандық таңдасаң да үлкен адам болыңдар. Осымен «Жүз жол, бірі -сенікі» кездесу кешімізді аяқтаймыз,қош сау болыңыздар !





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.04.2025
223
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі