жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Авторы: Кабекеева Айжамал Джолдыбаевна
Тараз қаласы Шона Смаханұлы атындығы №44 о/м
Тақырыбы: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
Мақсаты: оқушылардың бойынан логикалық ойлау шеберлігін, тапқырлықты, шешендік қасиеттерді, шығармашылық қабілеттерді көре білу және оны байқау.
Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру.
Жас ұрпақтың ұлттық сана – сезімін, ойлау қабілеттерін дамыту.
Ана тілін сүйетін, болашаққа үлесін қоса білетін білімді, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сұрақтар жинағы, интербелсенді тақта, кеспе әріптер мен сөздер, слайдтар, топ атаулары, бағалау парағы
Түрі: сайыс сабақ
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі
Жүргізуші: «Ақыл озбайды, білім тозбайды» демекші, қазақ халқы ежелден бәйгені жарыс арқылы жеңіп алған. Бұрын жаяу жарыс, өгіз жарыс, құнан, тай жарыспен жеңіп алса, біз бүгін ХХІ ғасырда ғылым мен техниканың дамыған заманында білімімізбен жарыспақшымыз.
Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір ойын болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Сұрақтары қиын болсын! - дей келе, біз бүгін алты тур бойынша жарысқа түсеміз.
Cайыс кезеңдері:
Кім тапқыр?
Ұшқыр ой
Мозаика шырмауығы
Жеті жұрттың тілін біл
Анықтама бюросы
Блиц турнир
-Топтарға бөлу, ат беру
Жүргізуші: «Сұңқармын, қыранмын» деп бөлінбейік
Жауаптарын дәл тауып,
Жарыстан біз сүрінбейік. Ендеше оқушыларды топқа бөліп, топтардың аты және ұрандарымен таныс болайық
Бірінші топ – "Қыран "
Топ басшысы:
Топтың аты: Қыран тобы
Топтың ұраны: Уәдесін сақтаған-
Баланы жұрт мақтаған.
Санауды үйренген,
Есепке төселген
«Қыран» тобы біз боламыз
Екінші топ — "Сұңқар"
Топ басшысы:
Топтың аты: Сұңқар тобы
Топтың ұраны: Мектеп- кеме, білім- теңіз,
Барар жерге тез жетеміз,
Жаңылмайтын есепке
«Сұңқар» тобы біз боламыз
Жүргізуші: Сайыстың әділ болуын қадағалап, саралайтын әділ қазы мүшелерімен таныс болайық...
Сайысты бағалау ережелері әрбір дұрыс жауап үшін 1 ұпайдан беріліп, сайыстың әр кезеңіндегі жиынтық бағалар есептеліп отырады.
ІІ. «Ойлы болсаң, озып көр» сайсының турлары
Жүргізуші: Ей, балалар, балалар,
Қане, бері қараңдар.
Кешімізді бастайық,
Тапсырманы қиналмай
Лезде шешіп тасатайық – дей келе сайысымыздың бірінші турына кезек берейік .
1 тур- «Кім тапқыр?»
Шарты:
Әр
топқа әріп таратамын. Cұрақтарға сол
әріптен басталатын сөздермен жауап
беру керек.
Қыран тобына-Б әрпі
1.
Суды немен ішесің?
2. Сенің досың
кім?
3. Жыл басын көрген жануар.
4.
Қандай тағамды ұнатасың?
5. Арманың
көп пе?
6. Түсіңде не көресің?
7.
Қандай кітап оқисың?
Сұңқар
тобына- М әрпі
1. Қандай мамандықтарды
білесің?
2.Болашақта кім болғың
келеді?
3. Қалаға немен барасың?
4.
Сүйікті пәнің?
5. Сенің көршің кім?
6.
Қандай ертегі білесің?
7. Қазір не
туралы ойлап отырсың?
Жүргізуші:
Асықпаймыз,
саспаймыз,
Ұшқыр ойға
бастаймыз.
Тақтадағы
сөзден
Бірнеше сөз
құраймыз.
2 тур- «Ұшқыр ой»
Шарты: Қолшатыр сөзінде кездесетін әріптерден 2 минут ішінде мағыналы сөздер құрауымыз керек. Көп сөз ойлап тапқан топ жоғары ұпайды алады.
Қолшатыр
Қол,
от, шатыр, шар, шақ, қар, лақ, ол, тор, тал,
ал, тар, торла.
Жүргізуші: Ал, қанекей , балалар,
Мозаиканы біз жазып,
Шырмауықтан жол тауып,
Бұл бейненің бөлшегін
Мүдірмей біз табалық ?
Жүргізуші: Сайыскерлеріміздің қарымын байқап отырмыз, дайындықтары жаман емес екен.Ал қазір осы білімділердің жанкүйері болып келіп отырған көрермен достарының да білімін сынап көрейік.
Көрермендер сайысы: сұрақтарға жауап беру
Көру мүшесі /көз/
Жылқы сөзіне жұрнақ жалғаса кім болады? /жылқышы/
Президентіміз кім /Н. Назарбаев/
Саусаққа тағатын бұйым / жүзік/
Өшіру құралы /өшіргіш/
Күй атасы кім? / Құрманғазы/
Қосылғыштың мәні / қосынды/
Жылдан құр қалған жануар /түйе/
Өсімдіктің негізгі және жер астындағы мүшесі /тамыр/
Басты байлық /денсаулық/
9мамыр қандай күн /Жеңіс күні/
Есту мүшесі /құлақ/
Сұраулы сөйлемнен кейін не қойылады? / сұрақ белгісі/
Төрт түлікті ата? / түйе, жылқы, қой, сиыр/
Балаларға білім беретін кім? /ұстаз/
Ең үлкен екі таңбалы сан /99/
Қой атасы / шопан ата/
қыс айларын ата /желтоқсан, қаңтар, ақпан/
Қазақтың үш биін ата /Төле би, Қазбек би, Әйтеке би/
Жыл басы не? /тышқан/
3 тур- «Мозаика шырмауығы»
Шарты: Берілген қималарды құрастыра келе, толық бейнені шығару, шығарманың атын атау.
4 тур-«Жеті жұрттың тілін біл»
Шарты: Әр топқа жұмбақ жасырылады, жұмбақтың жауабын тауып үш тілде айту
Қабат –қабат қаттама
Ақылың болса аттама (кітап- книга- book)
Үш тілі бар,
Тықылдаған үні бар (сағат- часы-clook)
Аяғы біреу, қолы жоқ
Шиыр-шиыр жолы көп (қаламсап-ручка-pensil)
Мысықтан бұл қорқады
Бұдан піл қорқады (тышқан- мыш-mous)
Тонын кие туған
Жалап бетін жуған (мысық- кот-cat)
Түн ұйқысын төрт бөліп
Мәпелеп бізді өсірген
Ақ сүт беріп аялаған
Әлемдегі асыл жан (ана- мама-mather)
Өзі сөйлей білмейді
Салған ізі сөйлейді (қаламсап-ручка-pensil)
Мысықтан қорқады
Түнде жортады (тышқан- мыш-mous)
Сұрғылт тартқан түсі бар
Ақсиған көп тісі бар (ит-собака- dog)
Көрермендермен ойын: суретте бейнеленген жануарды ым-ишарамен көрсетіп, атын атау
Жүргізуші:Білімменен тәнті етеді тектілер,
Мұратына білім ғана жеткізер.
Бар ізгілік тек біліммен алынар,
Білімменен
аспанға жол салынар. – дей келесі
айналымның тапсырмаларына назар
аударайық.
5 тур- «Анықтама бюросы»
Шарты: Бұл айналымда топтарға әдебиеттік оқу пәнінен тапсырма беріледі, яғни топтар берілген мәтін үзіндісін тыңдай отыра бұл мәтін қалай аталады, мәтіндегі кейіпкерлерді атау, мәтін мазмұнын анықтау.
6 тур- «Блиц турнир»
Шарты: Әр топтың топ басшыларына 1 минут ішінде бірдей 20 сұрақ қойылады. Сұраққа көп, дұрыс жауап берген топ басшының тобы жоғарғы ұпайды алады.
Сұрақтары:
1.Қазақтың ұлттық аспабын ата (домбыра)
2.Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім ( Тоқтар Әубәкіров)
3.Бір аптада неше күн бар? ( 7 күн)
4.Басты байлық не? (денсаулық)
5.Жыл басы не? (тышқан)
6.Мемлекетіздің рәміздерін ата. (Гимн, Ту, Елтаңба)
7.Орман дәрігері атанған құс? (Тоқылдақ)
8.Кемпірқосақтың неше түсі бар? (жеті)
9. 1тәулікте неше сағат бар?
10.Масса
бірліктерін ата
11.Ән айтатын адам
(әнші)
12.5 ондықтан құралған сан
(елу)
13.Аптаның үшінші күні
(сәрсенбі)
14.Дүниедегі ең қадірлі
адам (ана)
15.Дауыссыз
дыбыстар нешеге бөлінеді? (3-ке)
16.Сөз
неден құралады? (дыбыстан)
17.Қосымша
нешеге бөлінеді? (2.жұрнақ және
жалғау)
18."Түн ұйқысын төрт бөліп"
деген жолдар кім туралы? (ана
туралы)
19.«Жылу» өлеңінің
авторы?(Ф.Оңғарсынова)
20. Адам немен
тыныс алады? (ауамен)
21.Көкжиектің
неше тұсы бар? (төрт)
22.Өсімдіктің жер
асты мүшесі? (тамыр)
ІІІ. Қорытынды
Жүргізуші:
Қазылар
орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың
жарысында,
Жеңіске жетер
дейміз нағыз мықты, - дей келе осымен
сайсымыздың барлық кезеңдерін артқа
тастадық. Қазылар алқасының шешімі
дайын болғанша сынып оқушысы
______________________________________ орындауындағы
әнге кезек берейік.
Қазылар алқасы топтардың ұпай сандарын есептеп, өз шешімін айтсын.
(Жеңген топ мүшелеріне мадақтау қағаздары беріледі.)
Жүргізуші: Мақтанбайық -«Білем», - деп,
Таудай бірақ талабың,
Білгір бала атанып,
Келешекте өскенде,
Үлкен ғалым болыңдар- дей келе жеңімпаздарымызды құттықтап, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Көңіл бөліп келгендеріңіз үшін рахмет.
Бағалау парағы
Сайыс кезеңдері |
Қыран тобы |
Сұңқар тобы |
Кім тапқыр? |
|
|
Ұшқыр ой |
|
|
Мозаика шырмауығы |
|
|
Жеті жұрттың тілін біл |
|
|
Анықтама бюросы |
|
|
Блиц турнир |
|
|
Қорытынды баға |
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген