Жүзден жүйрік ,мыңнан тұлпар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жүзден жүйрік ,мыңнан тұлпар

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың білім жетістіктерін жоғарылатып, шабытын ашу, қызықтыра білу.біімге шыңдай білу.білімді болуға тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Мақсаты:
1) Оқушылардың қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, дағдыларын жетілдіру.
2) Дидактикалық, логикалық т. б. ойындар арқылы оқушылардың ақыл - ой белсенділігін тәрбиелеу.
3) Оқушылардың зейінін, ойлау, зерде процестерін дамыту. Қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау, шығармашылық қабілетін дамыту.

Барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Кіріспе әңгіме
- Балалар, бүгінгі шарамыз «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» деп аталады. Қалай ойлайсыңдар, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» деп қандай адамды айтамыз?
(Балалардың жауаптары тыңдалады.)
- Иә, бұл ұғым біздің халқымызда адамның алғырлығына, білімділігіне, біліктілігіне, тапқырлығына, талантына, еңбекқорлығына т. б. қасиеттеріне байланысты айтылады. Ендеше, өз арамыздан осы атауға лайықты оқушыны анықтауға кірісейік.
- Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
Сайысымызды бастамас бұрын сендердің жауаптарыңды, тапсырмаларды орындауларыңды қадағалап, әділ баға берер әділқазыларды сайлап алайық...........

- Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға тезірек ойланып, шапшаң жауап берулерің керек, тапсырмаларды тез, әрі дұрыс орындауға тиіссіңдер. Сондықтан сайыс кезінде өте ұқыпты, ойларың жинақталған болу керек және тәртіп сақталғаны жөн.
Енді бүгінгі сайысымыздың жоспарымен танысыңдар:

Топтардың аттары :

1 -топ: « Тұлпар»

2-топ: «Сұңқар» тобы


1 – кезең: Жедел жауап
2 – кезең: Төртінші артық
3 – кезең: Өткел кезеңі . Супер ойын
4 – кезең: Есіңе сақта, ретімен жаз
5 – кезең : Жұмбақ жасыру

6 – кезең: «Кім және не мейірімді» түсіп қалған сөздерді орнына қою керек.
7 – кезең: Шапшаң есепте

8. Сандықша ішіндегі сұрақтарға жауап сұрау

ІІ Негізгі кезең
- Ал, қәнекей, келіңдер,
Біріңе - бірің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер, - деп сайысты бастаймыз. Қатысушыларға сәттілік тілеймін.
1 - кезең: Жедел жауап
1. Мектептегі 1 сабақ неге минут өтеді?
2. Шарты мен сұрағы бар шағын мәтін не?(есеп)
3. Қарға жаңбыр жауып тұрған кезде қандай ағашта отырады? (су ағашта)
4. Елімізде қандай айтулы оқиға болып жатыр?
5. Ауаның қозғалысы - (жел)
6. Биыл тәуелсіздікке неше жыл толды?
7. Қазақтың бас ақыны кім?
8. Қазақтың бейнелеу өнерінің негізін салған кім?
9. 1 өрмекшінің 8 аяғы бар. 5 өрмекшінің неше аяғы бар? (40)
10. Қалталы жануар
11. Қазір қай ғасыр? (ХХІ)
12. Демалыс аптаның қай күні болады?
13. Алғаш ғарышқа ұшқан қазақ кім? (Т Әубәкіров)

2 - кезең: Төртінші артық
1) Сағат, минут, бейсенбі, жыл
2) Қашаубаев, Қастеев, Құрманғазы, Қалдаяқов
3) Аққу, тауық, үйрек, қаз
4) Қар, жаңбыр, найзағай, бұршақ
5) Зат есім, сан есім, баяндауыш, етістік
6) шаршы, шеңбер, қосынды, үшбұрыш
7) Жер, ай, күн, жұлдыз
8) Емен, қайың, шырша, терек
9) дүйсенбі, сәрсенбі, қаңтар, жұма
10) килограмм, сантиметр, грамм, тонна

3 - кезең: «Өткел кезеңі» Супер ойын

Бір қыздың есімі.7 әріптен тұрады. Алғашқы 3 әріпі табиғат құбылысы,2 әріп түс, соңғы екі әріпі жануар. Ал шешіп көріңіздер.........................


4 - кезең:

1. Ағзаның ауруға тұра білу қабілеті ? (имунитет)

2. Сирек кездесетін және жойылу қауіпі бар жан -жануарлар енгізілген Қазақстанның кітабы? (Қызыл кітап)

Қай жылы шықты? (1981ж)

3. Қазақстан жер көлемі жағынан дүние жүзі бойынша нешінші орын алады?(9)

4. Отан үшін отқа түс ,күймейсің,Арың үшін арпалыс өлмейсің.Осы қанатты сөздерді айтқан кім ? (Б. Момышұлы)

5. Жеңіл машина екі сағатта 120 км жол жүреді 5 сағатта неше км жол жүреді? (300 км)

6. Табиғи заттарды пайдалана отырып жасалатын жасанды өсімдік түрі (Экибана)

7. Ең ұзақ қашықтықта жүгіруді қалай атайды ? (Марафон)

8. Күннен санағанда төртінші орналасқан планета ? (Марс)

9.Жерде тіршілік шамамен қай кезде пайда болды? 3,5млрд жыл бұрын

10.Басқа ағзалардың есебінен өмір сүретін ағзалар ? (Паразиттер)




5 - кезең: Жұмбақ жасыру

1. Жақынды да қарамайды, алысты да қарамайды (көз)

2. Бес ін ,бес іннің аузы бір ін (Қолғап)

3. Мұрты бар сақалы жоқ,тоны бар шапаны жоқ (мысық)

4.Қашсам құтылмадым ,ұстасам қолыма тұрмады (көлеңке)

5. Көп бауырсақ ішінде бір құлаш (Жұлдыз,ай)

6. Үй үстінде ақ аю билеп тұр (Түтін)

7. Мұрнында байлауы бар, адамнан айдауы бар (Ине)

8. Тіріден өлі туады, өліден тірі туады (Жұмырқа)

9. Бір таудың екі күзетшісі, екі тыңшысы бар, отыз екі бөр ісі бар (көз, құлақ, тіс)

10. От басында құмған ,екі көзін жұмған. (Мысық)



6 - кезең: «Кім және не мейірімді?» түсіп қалған өздерді орнына қою керек. (Баяу музыка ойнап тұрады)

1.Күлімдеген...................... мейірімді (Күн)

2.Кіршіксіз ақ................... мейірімді (қар)

3.Таза мөдір ................ мейірімді (су)

4. Бәрімізді көтеріп тұрған .............. мейірімді (Жер)

5. Аяулы ...............мейірімді (Ана)

6. Қадірлі .................... мейірімді (Әке)

7. Еркелеткен .................... мейірімді (Атам)

8.Жылы жүзді................. мейірімді (Ұстаз)

9. Тату тәтті ................ мейірімді !(Достарым)



7 - кезең: Шапшаң есепте
8 * 4 - 30
8: 4 * 9
(140 - 40)*3
5*(17+13)

(15+25): 3
16: 4*6
8*(40+30)(13+47)*2

8. Кезең : «Сандықшадан Өз өнерлері туралы жарыс»

1 би өнері

2 ән өнері


ІІІ Қорытындылау кезеңі:
Білімнің мініп алып тұлпарына,
Қиналмай шықты білім шыңдарына.
Бүгінгі сайысымыз аяқталды,
Сөз кезегі қазылар алқасында.
Бүгінгі сайысымызды қорытындылап, жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасына сөз берейік.(Жеңімпаздарды марапаттау)
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды. Жарыс болған соң жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Жарыста жеңілсек те, өмірде жеңіске жете берулеріңе тілектеспін. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.10.2021
439
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі