Материалдар / «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»

Материал туралы қысқаша түсінік
: Оқушылардың білімін қорытындылау, ақыл-ойын, жылдам ойлауын, ептілігін, шығармашылығын дамыту. Адамгершілікке, ұйымшылдыққы, жолдастыққа қарым-қатынасқа тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Наурыз 2022
965
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 21.01.2022ж

Сыныбы: 5 «а,ә,в»

Тақырыбы:«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
Мақсаты: Оқушылардың білімін қорытындылау, ақыл-ойын, жылдам ойлауын, ептілігін, шығармашылығын дамыту. Адамгершілікке, ұйымшылдыққы, жолдастыққа қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Білімділік:
Оқушыларды көпшілік алдында еркін сөйлеуге үйрету арқылы ойлауын, сөйлеу тілдерін жетілдіру.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, достыққа, білгірлікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сыныптан тыс шара
Көрнекілігі: интерактивтік тақта, маркерлер, фломастерлер т.б
Ұйымдастыру:

  1. Оқушылармен амандасу.

  2. Топтардың таныстырылуы.

  3. Әділ қазы алқасын сайлау

Қайырлы күн, құрметті көрермендер, қонақтар, сайыскерлер! «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

«Біз бәріміз бір атаның- қазақ халқының ұрпағымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу: ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар: ол тәуелсіз Қазақстан»- деген болатын елбасымыз Н.Ә.Назарбаев. Олай болатын болса тәуелсіз Қазақстанның жас ұрпақтарынан күтер үміті зор. Ол жас ұрпақ мына сіздерсіздер! Сіздер елбасымыздың, ата- аналарыңыздың, ұстаздарыныздың үмітін ақтайды деген сенім білдіре отырып сайысымызды бастайық. Бұл сайыста сіздер бойларыңызға, ойларыңызға қандай білім, ілім түйгендеріңізді байқатады.

Сайыста төрт топ сынға түседі. Сайысымыз 6 бөлімнен тұрады.

І. Топқа бірігу

ІІ. Есіңде сақта

III.Жедел жауап

ІV. Мақал-мәтел

V. Мықты болсаң, тауып көр

VI. Ойлан тап

VІI. Марапаттау кезеңі

Мұғалім: Ойынның бағасын беруші әділ-қазылар алқасын сайлап алсақ.
Әділ-қазылар алқасы таныстырылады.
Олай болса, сайысқа қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Мұғалім: 

Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің жаны жанар ма,
Білім мен өнер жарысып
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік, сол алда—дегендей ой мен білім сайысын бастаймыз.
1-кезең: Топқа бірігу
1-топ: «Аристотель»

2-топ: «Евглид»

3-топ: «Пифагор»

2-кезең: Есіңде сақта

Нұсқау: оқушыларды ұлы математиктердің есімдерімен топқа біріктірдім. Бұл ғалымдар, оқушыларға таныс емес болуы мүмкін. Сондықтан, ұлы математиктерді танып, біліп жүрсін деген мақсатта, ғалымдардың еңбектеріне қысқаша тоқталып өтеміз.

Аристотель
Бұл кісінің есімі халық арасында бұрыннан-ақ белгілі. Абайдың «Ескендір» поэмасындағы қанқұйлы, дүлей күш Ескендірді тоқтатқан Аристотель асқар таудай ақыл иесі ретінде танылады. Шынында Аристотельдің барлық халықтар, барлық ұрпақтар тарапынан ерекше баға алып, қошеметке бөленуі тегін емес. Ол өз заманында адам баласына керек білімнің барлық салалары бойынша қалам тартып, керемет ғылыми тұжырымдар жасаған. Авторлардың біреуі Аристотель 400 кітап жазған десе, енді біреулері 1000 кітап жазған деседі.

Аристотельдің логикасы математиканың дамуына күшті ықпал жасады, ол геометрияда дедуктивтік логикалық әдістің қалыптасуына әкеледі. Қазіргі математикалық құрылыстың негізгі ірге тасы саналатын аксиома, анықталса, теорема, дәлелдеу делетіндер. Аристотельдің логикасы негізінде жасалған.


Евклид

Евклид ежелгі дәуірдегі грек математикгі. Ол математикадан жазылған теориялық алғашқы трактаттың авторы, Александрия қарамағындағы мектептің тұңғыш математигі. Оның өмірі жайлы деректер жоқтың қасы. Евклидтің басты еңбегі – «Негіздер». Онда планиметрияның, стреометрияның кейбір мәселелері талданған. Сөйтіп, ол өзінен бқрынғы грек математикасының одан әрі дамуының ірге тасын қалаған.


Пифагор

Грек ғалымы Пифагор матиматикаға негізделетін құпия ілімнің негізін қалады. Ол сандардың барлық нәрсе екенін және математиканың көмегімен кез келген құбылысты түсіндіруге болатынын дәлелдеген. Мысалы, ол музыкалық аспаптың табиғи көлемінің жартысына тең музыкалық ішек кесіндісінің бір октаваға жоғары дыбыс шығаруға мүмкіндік туғызатынын ашқан. Пифагор жердің шар тәріздес екенін бірінші ұққан және дұрыс ұшбұрыштардың әйгілі теоремасын дәлелдеген.

3-кезең: «Жедел жауап»

Бұл бөлімде әр топқа 5 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Оқушы жауап бере алмаған жағдайда келесі ойыншы жауап беруге мүмкіндігі болады.

І топқа:

  1. Құрамында әріптері бар өрнек қалай аталады?Әріпті өрнек

  2. Р=2(a+b) қандай фигураның формуласы?Төртбұрыштың периметрі

  3. 24 санының бөлгіштерін ата: 1, 2, 3,4, 6, 8, 12, 24

  4. 5 санының бөлгіштік белгісі? 0 және 5-тен аяқталса

ІІ топқа:

  1. Амалдар таңбалардан, жақшалардан және сандардан ғана құрастырылған жазуды не деп атаймыз?Санды өрнек

  2. 27 санының бөлгіштерін ата: 1, 3,9, 27

  3. Р=a+b+с қандай фигураның формуласы? Үшбұрыштың периметрі

  4. Азайту амалының компоненттерін ата?(азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні)

ІІI топқа:

  1. Құрамында әріппен белгіленген белгісіз саны бар теңдік қалай аталады?Теңдеу

  2. S= ab қандай фигураның формуласы? Тіктөртбұрыштың ауданы

  3. 9 санының бөлгіштік белгісі?  Цифрларының қосындысы 9-ға бөлінсе

  4. 32 санының бөлгіштерін ата: 1, 2, 4, 8, 16, 32

4-кезең: «Мақал-мәтел»

Шарты: Сандарға байланысты мақалдар болады. Мақалдың жетіспеген жерін толықтырып , оны орыс тіліне аударасыздар. Әр жауапқа 5 ұпай алынады.

 

... саусақ бірдей емес (бес , пять )

...теңгең болғанша, ... досың болсын (жүз, сто )

Отыз күн ойын, ... күн той (қырық, сорок )

Білімді мыңды жығады,

Білекті ..... жығады. (бір, один, )

Отыз тістен шыққан сөз, ... рулы елге тарайды. (отыз, тридцать)

... жыл аш болсаң да, ата салтыңды сыйла. (алты, шесть, ....)

Жігіт ... қырлы, бір сырлы(сегіз, восемь, ...)

Білгенің бір тоғыз, білмегенің ......... (тоқсан тоғыз, девеносто девять)

Бір елі ауызға, ... елі қақпақ (екі, два)



5-кезең: «Мықты болсаң, тауып көр»

Нұсқау: оқушылар санға байланысты жұмбақтарды шешеді. Жұмбақты дұрыс шешкен топ 10 ұпаймен бағаланатын болады.

І топқа.

Келеди улкен алып аузын ашып,
Журеды он реки аяк кадам басып.
Отыздан ар биринде саусагы бар,
Кутылмас ешбир адам одан кашып ( жыл, он еки ай,отыз кун)


Біз санбыз сызықпен бөлінген
Математиканы ұқпас адамға
Құбыжық боп көрінген,
Дұрыс, бұрыс, аралас,
Ондық болып бөлінген. (бөлшек сан)


ІІ топқа.

Алды артымыз шексіз де
Жете алмайсың біздерге.
Сәуле менен кесінді
Шыққан тегін білсе де. (түзу)


Алпыс төрт бөлмеде
Отыз екі тұрғын бар
Ақ, қара қып бөлгенде
Бірін - бірі қуғындар
Ханы үшін де, жаны үшін де
Бермейді олар намысын. (шахмат)


 ІІІ топқа.

Нәрселерді санағанда,

Керек ол бізге ауадай.

Айтыңдаршы бұл қандай сан

Жан-жағыңа қарамай? (натурал сан)


Жоқ өзінде баста, қаста, мойында
Ұзындығы жазулы бір бойында (сызғыш)


6-кезең: «Ойлан тап»

Нұсқау: Есепті дұрыс орындаған топ10 ұпаймен бағаланады.

1-топ: 2-топ: 3-топ:

7 -кезең: «Марапаттау»

Әділ қазы алқалары барлық топтардың ұпайларын есептеп марапаттайды.






Қорытынды.

Мұғалім:Бүгінгі сыныптан тыс шарамыз осымен өз мәресіне жетті. Оқушылар жеңістеріңмен құттықтаймыз. Әділ қазы алқаларына да алғысымыз шексіз, қош сау болыңыздар,қатысқандарыңызға шын жүректен ризамын.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!