Амандық орта
мектебінің
Биология және химия
пәнінің
Мұғалімі Хожа
А.
«Жүзден жүйрік,мыңнан
тұлпар»
Тәуелсіз Қазақстан
ұланы
( танымдық
сайыс)
Түрі: Сыныптан тыс сайыс –
сабақ.
Типі: Оқушылардың білімдер,
біліктіліктері мен дағдыларын тексеру, жинақтау
сабағы
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың жалпы білім беруші
Химия, Биология пәндері бойынша білім деңгейлерін тексеру арқылы,
осы пәндерге қызығушылықтары мен ынтасын арттыру, өз беттерінше
білім деңгейлерін көтеруге жағдай
жасау;
Дамытушылық:
Оқушылардың алған білімдерін
қолдана отырып, тәжірибе жүзінде жұмыс жасай білу дағдыларын,
практикалық шеберліктерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдыққа,
ізденімпаздыққа, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға, өз ойларын
жеткізу білуге үйрету.
Көрнекілігі:
сайыс – сабақтың тақырыбы
жазылған плакат, пернетақта, , ұпай сандары жазылған бағалаушы
карточкалар, ұпай беруші жұлдызшалар, оқушыларға берілетін топтық
тапсырмалар, басқатырғы суреті.
Құрметті ұстаздар мен
оқушылар! Сайыс десе белсене араласатын
көрермен қауым! Бүгінгі Жалпы білім беруші
бірлестіктің апталығында өткізіліп отырған «Жүзден жүйрік, мыңнан
тұлпар» атты танымдық сайысымызға қош келіпсіздер! Бүгінгі
сайысымызға қатысу үшін өз өнерлерін, білімдерін сынасқалы келген
оқушыларға сәттілік тілей отырып
сайыскер топтарымызды ортаға
шақырамыз:
I
- «сутегі»
тобы
II-«күміс»
тобы
III-«платина»
тобы
Ал бүгінгі сайысымызды
құрметті әділқазы мүшелері бағалайтын болады. Әділқазы мүшелері әр
сайыс қорытындыларын әйгілеп, ұпай сандарын арнайы бағалау парағына
толтырып отыруы керек.
Ендеше сайыскерлеріміздің
біліміне, шеберлігіне әділ бағасын беретін әділ-қазылар алқасымен
таныстырып өтетін болсам:
-
Тарих пәнінің мұғалімі
Баймағанбетов І.А.
-
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Салимова Р.Ж.
-
Музыка пәнінің мұғалімі Хожа
А.
Енді сайысымыздың негізгі
бөлімдерімен таныстырып өтейін:
Сайысымыз 6 кезеңнен
тұрады:
І-кезең
«Таныстыру»
ІI– “мықты болсаң ,
тауып көр”
ІII – “жүйрік болсаң,
шауып көр”
ІV – “зерек болсаң ,
шешіп көр”
V – “ойлы болсаң , озып
көр ”
VІ –“ сайысты
қорытындылау”
Тапқыр,білгір,дарынды
Жарыс бар бүгін
арынды
Химия , биология пәндерін
сүйсең сен
Ортаға сал
барыңды-
деп, сайысқа қатысушы топтарға
сәттілік тілей отырып, сайысымыздың алғашқы кезеңін
бастасақ.
І-кезең
«Таныстыру»
Таныстыру ретінде әр топ
өздерінің топ аттарын, эмблема, ұрандарын және әр топ мүшесін
таныстыруы қажет.
1-ші кезеңнің қорытындысын
білу үшін сөз кезегін әділ-қазылар алқасына
береміз.
ІI– “мықты болсаң ,
тауып көр” кезеңі. 3 топқа бірдей
сұрақтар қойылады .Әр бір дұрыс жауап үшін 5 ұпай беріледі. Ендеше
іске сәт.
Химиялық
сұрақтар
1.Химиялық
құбылыс
А.Көмірдің
жануы Ә.Судың
қатуы Б.Қанттың
еруі
2. H2O
–деген
не?
А.қант
Ә.су Б.ауа
3.«Жұмсақ алтын» не? «Қара
алтын» не? «Ақ алтын» не?
А.
Мақта , мұнай ,
күріш Ә.мақта , көмір , күріш
Б.жібек , мұнай , күріш
4.Зат мөлшерінің өлшем
бірлігі
А.г/моль Ә.грамм
Б.моль
5.Натрий
А.металл Ә.бейметалл Б.екідайлы
6.Азот молекуласындағы химиялық
байланыстың түрі?
А.Ковалентті
полюссіз Ә.Ковалентті
полюсті Б.Иондық
7.Ең ауыр
металл?
А.Осмий Ә.Хром Б.Темір
8.Алғашқы көмекке
пайдаланылатын бейметалл?
А.Йод Ә.Астат
Б.Хлор
Биологиялық
сұрақтар
1.«Баяғы заманда Грецияның
Родос түбегінде улы жыландар қаптап
кетіпті. Сол кезде біреулер
бұл жерге тұяқты жануарларды өсіру
керек
шығар деп айтыпты.Көп уақыт
өтпей осы жерге жіберілген
сүтқоректілер өздерінің өткір
тұяқтарымен улы жыландарды
таптап, жойып жіберіпті.
Мейірімді халық оларға ескерткіш
қойыпты.
Ол қай жануар? Оны табу үшін
суретте көрсетілген нүктелерді
бір-бірімен қосса, осы
жануардың суреті шығады».
2.Саңырауқұлақтарды зерттейтін
ғылым.
А.Бриология Ә.Микология Б.Зоология
3.Қазақстанның өсімдікке
арналған қызыл кітабы қашан шықты?
А.1992
Ә.1996 Б.1981
4.Мәңгі жасыл
ағаш
А.Шырша Ә.Балқарағай Б.Қайың
5.Нейронның ұзын өсіндісі не деп
аталады?
А.Аксон Ә.Дендрит
Б.Нейрон
6. Ағзаның ауру қоздырғыштарын
қабылдамайтын қасиеті:
А.Індет Ә.Иммунитет Б.Бактериофаг
7. Қай жерде бактериялар аз
кездеседі:
А.топырақта Ә.биік таулы
жерде Б.суда
8.Адамдардың омыртқа жотасының
саны
А.30-32 Ә.33-34 Б.35-36
...
2-ші кезеңнің қорытындысын
шешу үшін әділ-қазылар алқасы сөз кезегін
сіздерде.
ІII – “жүйрік
болсаң, шауып көр”
Әр топқа үй тапсырмасы ретінде
көрініс берілген болатынды.Ендеше барлығымыз бірге
тамашалайық.
3-ші кезеңнің қорытындысын
анықтау үшін әділ-қазыларға сөз кезегін
береміз.
ІV – “зерек болсаң ,
шешіп көр”
Есепте бар
массада,
Шығады ол сасса
да
Жауабын сен
табасың,
Қарамайсың
басқаға.
Формуланы
табуға,
Үлесші дұрыс
тануға.
Талабыңды
көрсетші
Ойың бар ма тануға- деп
сайысымыздың «Зерек болсаң,шешіп көр» кезеңін
бастаймыз.
V – КЕЗЕҢ. “ОЙЛЫ БОЛСАҢ ,
ОЗЫП КӨР ”
Жесек тамақ, кисек киім,
тұратын мына үйіміз,
Ол болмаса
келіспейді,жетіспейді күйіміз.
Ішсек дәрі,тірі ағзада
құбылыс
Бәрі, бәрі сияды екен «Химия»
деген ғылымға деп сайысымыздың келесі кезеңіне кезек
береміз.
VІ – КЕЗЕҢ. “ САЙЫСТЫ
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ”
Заман қанша қиын –қыстау болса
да,
Игі істер болып жатыр
қаншама
Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар
танылған,
Жүлдегерді танытпасақ бола
ма?
Сонымен осы кезеңнің
қорытындысына тоқталып, әділ-қазыларға сөз кезегін
берсек.
Бүгінгі «Жүзден жүйрік,мыңнан
тұлпар» сайысы өз мәресіне жетті.
Алда әлі де биік –биік
асулардан көріне беріңдер деп тілек
білдіреміз.