400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар сыныптан тыс 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілер мен тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларды жарыстыра отырып өткен тақырыптарды қайталату, білімін толықтыру.

ә) Білімдерін, ой – өрісін, сыныптан тыс жұмыстарға деген қызығушылығын арттыру.

б) Жауапкершілікке, ұқыптылыққа, өз ойын толық жеткізуге дағдыландыру. Салт – дәстүрін білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жарыс.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Ойын шарттарымен таныстыру.

  2. Екі топқа бөлу.

  3. Әділқазыларды сайлау.



ІІ. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»

-Армысыздар , бармысыздар,қадірлі де,қымбатты ,сабырлы да, сымбатты аяулы да , ардақты ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді өткен 8-нарыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз.Сіздерге зор денсаулық,ұзақ өмір тілейміз.

Бүгінгі «Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар» атты сыныптан тыс жұмысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Кімдер жүйрік өнерпаз білейікші,

Жүйрігі деп мектептің жүрейікші.

Әділқазыларға тек әділдікті,

Қатысушыларға сәттілікті тілейікші – дей отырып әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.



Өнер қуып жас талант өтер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін.

Бәсеке түскен әр шәкірт кезектесіп ,

Таныстырып өздерін кетер деймін -дей отырып кезекті таныстыруға берейік.



І топ ІІ топ

Топтың аты: «Сұңқар» «Тұлпар»

Ұраны : Бірлігіміз жараса, Қатарыңнан қалыспа,

Жеңеміз біз жарыста. Көсіле шап жарыста.



-Екі топпен танысып болсақ ,сайыстың шартын таныстырып өтейін.

І кезеңіміз «Мақал – мәтелмен жауап бер»-деп аталады. Мына берілген 4 сөзді екінші бағандағы сөзбен байланыстыра отырып ,мақал-мәтел құрау. (Әр дұрыс жауапқа 10 балдан беріледі)





Мал

Зат

Ас

Үй



иесімен

Ас иесімен тәтті



Кісі

Қырық

Баба

Қонақ



қыдыр

Қырықтың бірі – қыдыр



Бас

Сөз

Ақыл

Қол



тіл

Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.





Әке

Әдепті

Мектеп

Жаман



бала

Әдепті бала арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала.



Бауыр

Дос

Әже

Ата



тал

Атаңнан мал қалғанша тал қалсын.

ІІ кезеңіміз «Төртіншісі артық» деп аталады .( Әрбір дұрыс жауапқа 10 бал)

  1. Бес 1. Қызыл 1. Кітап 1. Оқушы

  2. Сегіз 2. Жасыл 2. Қалам 2. Ана

  3. Әдемі 3. Моншақ 3. Дәптер 3. Іні

  4. Екінші 4. Сары 4. Көйлек 4. Аға



ІІІ кезеңіміз «Тапқыр болсаң, талас жоқ!»

Слайдтан көрсетілген суреттерді топ басшысы өз тобына 1 минут ішінде сөйлемей,қимыл арқылы көрсетеді.(Тапқан әр сурет 10 балдан бағаланады)

Ітоп ІІтоп

Кітап тарақ

Сиыр гүл

Теледидар жылқы

Мінекей залда тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк.

Мұны бізде қоштаймыз,

ІV кезеңді бастаймыз.

Бұл кезең «Ауылым қандай десең-халқымнан біл, Халқым қандай десең-салтымнан біл» деп аталады.Ұяшық ашу арқылы салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап беру керек.Ұяшық санына қарай өз тобыңа бал жинай аласың.

5-ұяшық: Келін түскенде айтылатын жыр .(беташар)

6-ұяшық: Жас баланың тұсауын немен кеседі? (тоқ ішек, көк шөп, ала жіп)

7-ұяшық: Құйрық - бауыр асату дәстүрі қай кезде жасалады? (құдалықта)

8-ұяшық: Наурыз көже қалай дайындалады? (7 түрлі дақылдан)

9-ұяшық: Жаңа көршіңе берілетін асты не дейді? (ерулік)

10-ұяшық: Үлкендер қонаққа кеткенде, жастардың бас қосуын не дейді? (бастаңғы)



Ү кезең: Қорытынды, шешуші кезең «Жорға» деп аталады.

Қазақстаным сөзін пайдалана отырып, сөздер құрау. 1 әріп қай-таланбау керек. (Көп сөз құраған топ 10 балға ие болады).

Әділқазылар алқасы ақылдасқанша тамаша әнге кезек берейік.

  • Енді кезекті әділқазылар алқасына береміз.

Жақсы екен ұстаздардан бата алған

Әділқазылар бұл сайысты бағалаған

Жүзден жүйрік күшімен,

Мыңнан тұлпар шықты шын,

Шәкірттердің барлығы

Бір – біріңнен мықтысың

Құттықтаймыз ал енді

Жеңіске жеткен __________

Өрге жүзіп өнері,

Тауға өрлесін талабы – деп «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты сайысымызды аяқтаймыз. Тамашалағандарыңызға көп рахмет!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
05.09.2018
805
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі