Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жүзден жүйрік" сайыс сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық топтарында 1 сыныпқа алса болады Балалардың білімдерін анықтау мақсатында
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Сауат ашу
Тақырыбы: «Жүзден жүйрік»

Мақсаты: Балалардың жыл бойғы алған білімдерін тиянақтау. Дидактикалық ойындар барысында есте сақтау, көру, ой - қиялын, сезіну қабылдау жүйелі сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.

Тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыра отырып, алған білімдерін тиянақтау.
Әдісі: Дидактикалық ойындар «Кім тапқыр», , «Кім білгіш», «Жоғалған әріптер», «Есептер шығару», сергіту сәті, түсіндіру, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: суреттер,қима қағаздар
Түрі: Сайыс сабақ.

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін біздің сайысымызға қонақтар келді. Бүгін қандай керемет күн! Бұл күнді жақсы, қуанышты көңіл күймен өткізу үшін сендерді «Шаттық шеңберіне» шақырамын.

Қайырлы күн достым,
Қайырлы күн болсын
Бүгінгі күн бізге
Сәттілікке толсын
Біздің алар бағамыз.
Кілең бестік босын.
Балабақшаға сегізде келеміз.
Ешқашанда қалмаймыз дегенбіз.
Сауат ашуды 5 - ке оқып
Білімді бала боламыз дегенбіз.

1. Балалар бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болмақ. Күндегі ерекшелігі сіздер бүгін сайысқа түсесіздер. Ол үшін үш топқа бөлініп отырмыз.
І топ: «Алғырлар»
ІІ топ: «Тапқырлар»

ІІ топ: «Білгірлер»

2. Олай болса бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін берілген тапсымаларға дұрыс жауап берген топқа ұпайлар беріліп отырады.
Өте жақсы жауап берсе - қызыл дөңгелек.
Жақсы жауап берсе - Көк төртбұрыш.
Орташа жауап берсе - сары үшбұрыш.

3. Ғажайып сәт. Білім ханшайым кіреді. Қолында көптеген тапсырмалары бар.
Ханшайымның бірінші тапсырмасы шарларды жару арқылы ішінен шыққан сұраққа жауап береді.
І - бөлім. «Кім тапқыр»
Сұрақ - жауап бөлімі. Шарды жару арқылы ішінен сұрақтар шығады.
1) Жыл мезгілдерін білеміз бе? Қандай?
2) Бір жылда неше ай бар?
3) Қазір жылдың қай мезгілі?
4) Көктем мезгілінің айларын білеміз бе?
5) Бір аптада неше күн бар?
Бүгін аптаның қай күні?
6) Қазақ альфавитінде қанша әріп бар?
7) Дыбыстар нешеге бөлінеді? Қандай - қандай?
8) Дыбыстарды не істейміз?
9) Әріптерді ше?
10) Әріптерден не құраймыз?
11) Буындардан не құраймыз?
12) Сөзден не құраймыз?

ІІ бөлім. «Кім білгіш ойыны?»
Тақтадан әріптер көрсетіледі, балалар текшені көтеру арқылы дауысты немесе дауыссыз дыбыс екенін ажыратады.
- Дауысты дыбыстарға қызыл текше.
- Дауыссыз дыбыстарға көк текше көтеру арқылы ажыратады.

ІІІ бөлім. «Жоғалған әріптер»
І топқа:
ЖА... ҒАҚ
Л Р С М Ң
ІІ топқа:
СА... АТ
Ш Ғ Р С Т

ІІІ топқа:

АЛ....А

Р М П К С
Шыққан сөздерді буынға бөліп айтады.


IV- бөлім. «Біз құрылысшылармыз»
Конструктордан әр топ үй құрастырады.
Үйді 1 ші болып және әдемі құрастырғанға.5-ке дейінгі бал беріледі.Ал кейін болған топтарға, төмен бал беріледі.

V- бөлім. Кубизм әдісі арқылы балаларды ортаға жинап, кубикті лақтыру арқылы кез келген әріпті айтамын, балалар сол әріптен басталатын сөз айтып кері лақтырады.

VI- бөлім. 1-10ға дейінгі сандарды ретімен қою.

5,6,8,3,7,1,2


VII- бөлім. «Есептер шығару» 1-10 аралығында қосу мен азайту.

І топқа:
5+4=9 3+4=7 9-2=7 10-3=7

ІІ топқа:

2+6=8 5+3=8 10-4=6 9-4=5

ІІІ топқа:

7+1=8 6+4=10 7-3=4 5-2=3

VІIІ - бөлім Артық,кем салыстыр:

9 5 10 7 8 8

2 8 7 3 1 4

10 5 6 2 9 8

Сергіту сәті:

Қане қанат жазайық, Қарлығаш боп ұшайық. Ұшып-ұшып алайық, Орнымызды табайық.
ІХ- бөлім. Қай әріпке ұқсайды:
Шарты: Балалар қимылмен көрсету арқылы әріптерді табады.

«Алғырлар» тобы «Тапқырлар» тобы «Білгірлер» тобы

Суретші болғым келеді
Сұлулықты көретін
Түсінгенін түйсікпен
Қағазға салып беретін

Х- бөлім. «Біз суретшілерміз»
Әр топқа бір - бір қағаздан беріледі, сол қағазға топ мүшелері
1 топ: «Менің ауылым»
2 топ: «Ғарыш әлемінде»
3 топ: «Қыс қызығы» тақырыптарында сурет салады және салған суреттері бойынша Топ мүшелері қорғайды.
ХІ- бөлім. «Кім шапшаң, кім тапқыр»
Кеспе әріптерден сөз құрау.

Мұғалім: Сонымен қазылар алқасына сөз беріледі. Бүгінгі сайысымыздың жеңімпазы қай топ болды екен.

Қорытынды:
Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректеріңде шоқ бар екен байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым
Өрендер өрлей берсін өнерлерің
Айналаң бәрі сенің көрерменің
Тілеймін дәл осылай барлығының.
Тек қана биіктерден көрінгенін деп бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.06.2018
840
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12