«Жүзден
жүйрік»
(жас
тәрбиешілер арасындағы
сайыс)
Мақсаты:
жас
тәрбиешілердің қазақ тілінен білімдерін дамыта отырып, тілге деген
қызығушылықтарын ояту, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.
Тілді
білуге, сүюге,
құрметтеуге шақыру. Ұйымшылдыққа,
еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Өту
барысы:
Жүргізуші :
-Армысыздар, құрметті
қонақтар!
Бүгінгі
«Жүзден
жүйрік»атты тәрбиешілер арасында өтетін танымдық
сайысқа «Қош келдіңіздер!»
демекпіз.
-Олай болса, зор құрмет көрсете,
бүгінгі сайысымызға қатысып, білімдерін сынамақ болған
қатысушы үміткерлерімізді ортаға шақырайық. (Сайыскерлер ортаға
шығады)
1.Ильясова Назым
Шәкірқызы
2.Самигалиева Лаура
Амангелдиевна
3. Кадыргалиева Ұлжан
Тілепбергенқызы
4.Шаймағамбетова Мәншүк
Қуандыққызы
5.Ғалымжанова Әдемі
Ғабидқызы
6.Амангарина Жұлдыз
Ермекқалиқызы
7.Үсенова Айнагүл
Жұмабаевна
8.Махметова Гүлсара
Амангелдиевна
Жүргізуші:
– Сайысымызды бастамас бұрын
бүгінгі бәйгеге қазылық ететін әділқазылар алқасы
мүшелерімен таныс болайық.(Әділқазылар алқасының мүшелері
сайланады)
Әділқазы төрайымы: бөбекжай әдіскері
Г.Т.Сартаева
Әділқазы мүшелері: тәрбиеші
А.Ш.Канаева
Дене шынықтыру нұсқаушысы
Б.М.Түлеушов
Жүргізуші :
-Енді сайысымыздың шарттарымен
таныстырып өтейін.Сайысымыз 7 кезеңнен
тұрады.
1.Сәлемдесу.Таныстыру
2. «Өлең- сөздің
патшасы».Өлеңді мәнерлеп жатқа
айту
3. « Ойлан да, тап».Сұрақтарға жауап
беру
4. «Суреттер сөйлейді»
.Суретпен жұмыс.Сурет бойынша әңгіме
құрау
5. «Тіл өнері» .Мақал-мәтелдер жалғасын
табу
6. Өнерлі өрге жүзер.Өз өнерін
көрсету
7. «Ескірмейтін ескі сөз»
Тұрақты сөз
тіркестерінің мағынасын
ашу
Жүргізуші:
Ал
келіңдер, келіңдер,
Біріңе - бірің еріңдер.
Білімдеріңді тексертіп,
Ойынға қатысып көріңдер.
Сөйтіп біліміміздің артып, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың
молайғанын көрсетейік.
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма.
Біліммен өнер жарысып,
Тәрбие тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға сол алда.
-Жарыстың тәртібі, барысымен таныс
болдық, ендеше, ойынымызды
бастайық.
I.Сәлемдесу .Қатысушылардың өздерін
таныстыру сәті.
Жүргізуші :
-Енді
сайысымыздың
II кезеңі«Өлең- сөздің
патшасы,сөз сарасы».Әр қатысушы тіл,Отан туралы тақпақты мәнерлеп
жатқа айтулары керек.
III
кезең «Ойлан да,
тап» деп аталады. Берілген сұрақтарға қысқа
да, нұсқа, дұрыс жауап күтеміз. Жауапты кім білсе жылдам жалауды
көтеру керек.
1.Абылай ханның шын аты кім? /Әбілмансұр/
2.Тудың авторы: Ниязбек Шәкен Оңласынұлы 10. 3.Қай құс ерте келеді?
/қарлығаш/
4.Жылдың төрт мезгіліне өлең жазған ақын кім? /А. Құнанбаев/
5.Жырды айтушы адам қалай аталады? /жыршы/
6. Рейхстагқа ту тіккен адам кім? /Р. Қошқарбаев 7.Қазақстан қандай
мемлекеттермен шекаралас? /Ресей, Өзбекстан, Қытай, Қырғызстан,
Түркіменстан/
8.Күй атасы кім? /Құрманғазы/
9. Үш арсызды атаңыз (ұйқы,
тамақ,күлкі)
10.Елтаңба авторы: Мәліков Жандарбек, Шот – аман
Уалихан/
11.Жеті атаны атаңыз?
(ата, әке, бала,немере,шөбере,шөпшек немене)
12.Базарда сатылмас,
Таразыға тартылмас
Ондай тәтті табылмас Бұл не?(ұйқы)
13.ҚР Конституциясы қашан қабылданды?
(1995 жыл)
14. Жеті қазынаны атаңыз?
(ер жігіт,сұлу әйел, білім, жүйрік ат, алғыр тазы,қыран бүркіт,
берен мылтық)
15. 5 асыл мен 5 дұшпанды атаңыз?
(өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек бекер мал шашпақ.Талап еңбек
терең ой, қанағат ету, рақым
жасау)
IVкезең«Суреттер сөйлейді»
. Сурет бойынша әңгіме құрау.3 минут
беріледі
Көрермендерге
тапсырма:
Көнерген сөздердің мағынасын
ашу.
Шидем –
қойдың жабағы жүнінен тігілген сыртқы
киім. Саба –
қымыз құятын ыдыс.
Нияз – пітір, садақа.Желек –жас келіншектің басына тағатын
орамалы.
Саптама-
етік.шабарман-
хабаршы.жекжат-
туыс.Биқасап жібектен тоқылған мата
Vкезең .Мақал- мәтелдер
жалғасын
табу.
1.Тіл тас жарады,... /тас жармаса бас жарады/
2.Жақсы сөз... /жарым ырыс/
3.Ойнап сөйлесең де... /ойлап сөйле/
4.Әдепті бала - арлы бала,.../ әдепсіз бала – сорлы бала./
5.Жақсыдан үйрен -.../жаманнан жирен/
6.Үлкенге құрмет -.../кішіге ізет/
7.Бірлік болмай.../тірлік болмас./
8.Еңбек етсең ерінбей,... /тояды қарның тіленбей/
9.Туған елдей ел болмас,.../туған жердей жер болмас/
10.Жүз теңгең болғанша,.../жүз досың
болсын/
VIкезең «Өнерлі
өрге жүзер» өнер сайысы :
Қазақ халқы өнегелі бай ел
екен,
Өнер деген мол қазына, кең
екен.
Домбыра тартып, ән айтып
жырламайтын
Өнерсіз қазақ кем де
кем.
Шуақ төгіп мерейлі
көңілдерге,
Ұйытқы болсын тыңдаған
көрерменге.
Сынға түскен енді қазір
сайыскерлер,
Өнерлерін көрсетеді
сіздерге,-
Келесі 7 - бөлім «Өнерлі өрге
жүзер» деп аталады. Бұл бөлімде сайыскерлер өз өнерлерін
ортаға
салып сынға түседі.
VII кезең.«Ескірмейтін ескі
сөз» берілген тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын
ашу
1.Ақ ауыз қылды – алдап
кетті
2.Ақ саусақ – жалқау
3.Алақанның аясындай – тар
жер
4.Арасынан қыл өтпейді – өте
тату
5.Бауыр басу – үйрену
6.Бүйректен сирақ шығару – болмашы нәрседен шатақ
шығару
7.Далаға кетті – босқа
кетті
8.Екі езуі екі құлағына жету –
қуану
9.Жағасын ұстау –
таңдану
10.Жер болу – ұялу
11.Жібі түзу – дұрыс
адам
12.Зығыры қайнау –
ашулану
13.Көздің шырымын алу – аздап
ұйықтау
14. Иығынан су кетті. (жолы
болмау)
15. Тонның ішкі бауындай. (тату-тәтті
дос)
16. Сүт пісірім уақыт.
(жылдамырақ)
17. Ат шаптырым жер. (алыс жер)
18. Екі көзі төрт көз болды. (күтіп
қалу)
19. Құлақ түрді.
(тыңдады)
20. Тайға таңба басқандай. (анық)
21. Таяқ тастам жер. (жақын жер)
22. Көз салды. (қарады)
23. Қас
пен қабақ арасында.
24. Бармағын тістеу.
Қорытындылау
«Ой түю, өз ойын
білдіру»
Жүргізуші:
Міне, бүгін оң болып әр ісіміз,Жоғары боп күш- жігер
намысымыз.
Осылайша, қуанышпен думандатып, Аяқталды халайық жарысымыз. Сөз
кезегін әділ- қазылар алқасына
берейік.
«БҚО Бөрлі ауданы Білім беру бөлімі
Бекітемін: ---------- Ақсай қаласының №2 мектепке дейінгі №2
бөбекжай әдіскері бөбекжайы МКҚК »
Г.Т.Сартаева
«Жүзден
жүйрік»
( жас тәрбиешілер арасында
өткізілген сайыс)
Өткізген: қазақ тілі
мұғалімі
Ә.Д.Губаева
Ақсай
қаласы,2018 оқу жылы