жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жүздіктерді жаңа санау бірлігі
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2.А.Бөлім Екі таңбалы сандарды қосу және азайту.Жүздіктер.Есеп |
Мектеп: Қарасу мемлекеттік тілде оқытатын негізгі мектебі |
|||||
|
Күні:8.11.2018 |
Мұғалімнің аты-жөні: Рахимжанова С.А |
|||||
|
Сынып: 2 |
Қатысқандар: Қатыспағандар саны: |
7 |
||||
|
Сабақ тақырыбы |
Жүздік –жаңа санау бірлігі |
|||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
2.1.1.4. Санаудың ірі бірлігі – жүздікті құрастыру; 1000-ға дейін жүздіктермен санау, жазу, салыстыру. 2.1.2.3. Қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдану. 2.1.2.5. Жүздіктерді ауызша қосу және азайту |
|||||
|
Сабақ мақсаттары |
Оқушылар 100-ге дейін бірліктермен, ондықтармен, жүздіктермен санап үйренеді. Сандық түзуде графикалық моделін құра алады. |
|||||
|
Бағалау критерийлері |
1-ден 100-ге дейінгі сандардың реттілігін біледі және сандық кесіндіде көрсете алады. |
|||||
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылардың 100-ге дейінгі санау дағдыларын қалыптастыру, Сандық кесінді, сандық түзу, бірлік, ондық, жүздік, мыңдық терминдерін қолдана отырып математикалық тілін дамыту. |
|||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Оқушылар топпен, жұппен жұмыс кезінде өзара көмек беруге, қолдау көрсетуге ұмтылады. Математика пәніне деген қызығушылықтары артады. |
|||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Музыка |
|||||
|
Алдыңғы меңгерілген білім |
Оқушылар бірінші сыныпта алған санау дағдыларын еске түсіреді. |
|||||
|
Сабақ барысы |
||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
||||
|
Сабақтың басы 10 минут |
3 тілде амандасып алайық! -Cәлеметсіздер ме! -Здраствуйте! -Good monig! «Ыстық алақан» әдісі арқылы балалар сабаққа бір-біріне сәттілік тілейді. Үй жұмысын сұрау: «Ыстық орындық» арқылы. |
1-100-ге дейінгі жазылған сандар қатары жазылған кесте |
||||
|
Сабақ ортасы 25 минут
|
Оқушылар 100-ден 1000-ға дейін елуліктермен және жүздіктермен санайды. 100,150,200,250,300,350,400,450,500,550,600,650,700,750,800,850,900,950 100,200,300,400,500,600,700,800,900 1 кезең ертек -ертек,ерте екен Ертегі кейіпкерлері ұсынған тапсырмаларды топпен орындау.Алладиннің тапсырмасы: Бір бумада 20 санағыш.10 бумада неше санағыш.(100) Қаршақыздың тапсырмасы.бір қорапта 10 қарындаш бар.5 қорапта неше қарындаш бар?50 Күлшеқыздың тапсырмасы:Жүздіктерді кему ретімен жаз. Алтыншашты ханшайымның тапсырмасы:жүздіктерді өсу ретімен жаз. 2 кезең дәптермен жұмыс. 1.Үлгіде көрсетілгендей сәйкес суреттер мен карточкаларды бағыт сызымен қос.2Жүздіктерді кему ретімен сызып қос. 3 кезең бойы сергектің,ойы да сергек.
Сергіту сәті:Қуыр-қуыр, қуырмаш 4 кезең.Сәйкестендіру тесті.
5 кезең.Ақ сандық,көк сандық(жұмбақтар жасыру) 6 кезең.Кім жылдам?Көрсетілген өлшем бірлікпен өрнекте. 6 ц = ….кг 1 т = … кг 2 ц = …. кг 200 кг = ….ц 300 кг = ...ц 1000 кг = ...ц (Д) /Қабілеті жоғары оқушыларға/ 1000-ға дейін жүздіктермен санай алсақ, ондықтармен 1000-ға дейін санау үшін неше санды атауымыз керек болады?-деген тапсырма ұсынылады. /Ауызша айта алмаған жағдайда ондықтарды қосып, жұмыс парағына жазып көрсетулеріне болады/ |
http://www.sparklebox.co.uk/maths/counting/counting-in-100s.html#.UWxmN6K-1I4
https://www.youtube.com/watch?v=atfuwTwxyGk (Материал орысша болғандықтан визуалды түрде көрсетіледі)
https://www.youtube.com/watch?v=A1mxje7cmnk түрлі-түсті парақшалар
|
||||
|
Сабақтың соңы 5 минут |
Рефлексия:аспанның суретін ілемін.Кітаптың суретін балалардың көбі ілсе,алған білімдері көп.Егер жүректің суретін ілсе, келесі сабақта тағы толық меңгергім келеді деген мағынаны беретін болады. |
Кітапша ,жүрекше суреті |
||||
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік
техникасының сақталуы |
||||
|
Қабілеті жоғары оқушыларға ондықтармен 1000-ға дейін санау үшін неше санды атауымыз керек болады?-деген тапсырма ұсынылады. |
Әр оқушының іс-әрекеті сырттай бақылауға алынады. Жетістік критерийі бойынша әр жұпқа 100-ден 1000-ға дейінгі жүздіктер қатары беріледі. Жұптарға сандарды сандық түзуде дұрыс орналастырып шығу тапсырмасы ұсынылады. |
Сабақ оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жоспарланды. Партада отыру кезінде денені тік ұстап, арқасын орындықтың жақтауына тигізіп отыру ескертілді. Теңгемен санау кезінде қауіпсіздік ережелері айтылды. |
||||
шағым қалдыра аласыз







Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген