«Ұстаз,
мені шығармашылыққа шабытта!»
облыстық
өзін-өзі тану
мұғалімдерінің
эссе байқауы
«Адамның
адамгершілігі жақсы ұстаздан»
Разакова
Айнура Тайбековна
Халықта
«Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде
көмектесуге болады, ал үлкен ағаш
болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер
айтпаған. Сондықтан баланың бойына
жастайынан ізгілік, мейірімділік,
қарапайымдылық, яғни рухани-адамгершілікке
тәрбиелеуде отбасы және мұғалімдер
шешуші роль атқарады.
Бүгінгі
жас ұрпаққа жан - жақты білім беру,
тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті.
Білім негізі бастауышта қаланатын
болғандықтан, оның шығармашылық
мүмкіндігінің дамуы да сол кезден
басталады.
Шығармашылық
дегеніміз не? Шығармашылық - адамның іс
–әрекетінің түрі. Шығармашылық
қабілеттердің дамуы, бүгінгі таңда
негізгі нысана болып, ал оқушыда
шығармашылық қабілеттерінің болмауы
- үлкен мәселеге айналып, қазіргі таңда
ойландыратын дүние. Баланы шығармашылық
ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай
алуға, тәжірибелік әрекеттерге дайын
болуға әкелудің жолдарын көрсету керек.
Ұлттың
болашағы ұрпағында болса, ұрпақтың
тәрбиесі ұстаз қолында. Ал ұстаздың
мұраты мен мақсаты – жетілген, толыққанды
азамат тәрбиелеу. Мұғалім балалармен
қандай жұмыс істесе де, тұлғаның
рухани-адамгершілік қалыптасуына ықпал
етеді. Мұғалімнің басты борышы дәл
осында, өскелең ұрпақтың рухани әлемін
тәрбиелеуде, адамның қоғамда өмір
сүрудің моральдық нормалары мен
ережелерін айқындауында болып табылады.
Сынып
жетекшісі мен мұғалімдер оқушыларға
тәрбие беру мен жасөспірім тұлғасын
қалыптастыру үрдісінде олардың бойында
адамгершілік қасиеттерді, құндылықтарды
жетілдіру мен белсенділігін арттыруға
бағытталған жұмыстарды мақсатты түрде
жүргізуі тиіс. Адамгершілік құндылықтарын
қалыптастыруға әсер ететін негізгі
төрт құндылық қасиеттері бар. Олар:
ұжымдық, ізгілік, мейірімділік мінез-құлық,
әдептілік іс-әрекеттерден тұрады.
Адамгершілік,
жақсылық, батырлық, ерлік, қарапайымдылық,
кішіпейілділік, әділдік, адалдық,
шыншылдық, ұяттылық, әдептілік, имандылық,
инабаттылық барлығы бірімен-бірі тығыз
байланыста екендігін өмірлік тәжірибелер
анықтап отыр. Сондықтан оқудағы, еңбектегі
жетістіктерді талдаудың негізі құралы
адамгершілік құндылықтарының жеке
ойлау түсінігінің динамикасы оқушылар
санасында тиянақты орын алып, жан-жақты
қалыптасуына жағдай туады. Қазіргі
қоғамдық жағдайда адамның рухани-адамгершілік
тәрбиесін қалыптастыру міндет етіп
қойылуда. Бұл міндетті шешудегі маңызды
істің бірі – рухани-адамгершілік
тәрбиелілікті, адамгершілік сана,
адамгершілік сезім, адамгершілік
мінез-құлық, адамгершілік дамуды
қалыптастыруды мектептегі сыныптан
тыс жұмыстардан бастау. Бүгінгі таңда
жас ұрпақты рухани адамгершілік білімнің
нәрімен сусындатып, әр баланың, әр
адамның жүрегіне ізгілік нұрын құйып,
жаңартылған білім мазмұнын өзгертуге
өзіндік үлесті әрбір ұстаз қосуға тиіс
деп ойлаймын.
«Әр
бала - керемет рухани күш иесі. Ол шетсіз
шексіздікті танып – білуге ұмтылады.
Мұндай ұмтылыс адам баласының бойында
дүниеге келген сәтінде-ақ пайда болады.
Сондықтан да мұғалім әр балаға рухани
күш иесі ретінде қарауы керек. Мұғалімнің
мұндай көзқарасы баланың белсенділігін
арттырады. Білімге деген құштарлығын
көбейтеді. Балаға сеніммен қарау баланы
тек қуаттандыра түседі», - деп белгілі
педагог Ш.А.Амонашвили айтқандай әр
баланы керемет рухани күш иесі деп
қарап, демеу жасасақ, жүрегі нұрға толы,
жан-жағына шуағын шашып тұрған мейірімді,
адамгершілігі мол, елін-жерін, тілін,
отбасын сүйетін, еңбекқор, адал адам
тәрбиелейтініміз сөзсіз.