400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жүзік жасау.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Еңбекке баулу

Күні:

Сабақтың атауы

Жүзік жасау.

Сілтеме

Еңбек оқулығының әдістемесі

Сабақтың мақсаты

Білімділік. Фольга материалы туралы түсінік беру, жүзік жасаудың мақсаты: үлгісімен таныстыру, оның жасалу жолын үйрету.

Дамытушылық. Оқушылардың еңбекке деген қабілеттерін ұштай отырып, мақсаты: фольга материалынан әшекей бұйымдар жасауға қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік. Қолдан жасау еңбегіне ынталандыру, өз қолымен жасай білуге үйрету, еңбекке баулу арқылы эстетикалық тәлім - тәрбие беру.

Оқыту  нәтижесі

Оқушылар жүзік жасап үйренеді.

Әдісі:

Сұрақ-жауап, практикалық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі мен қажетті жабдықтары


Фольга, қатырғықағаз, түйме, түрлі-түсті ұсақ моншақтар, жіп, ине немесе жез сым, қайшы, біз, қалам,



Ынтымақтастық атмосферасы

2 мин

а) оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ә) сабаққа дайындығын тексеру

Оқушылардың сабаққа зейінін тарту мақсатында психологиялық дайындық минуты өткізіледі. «Жүректен-жүрекке біріне-бірі жылы лебіз білдіреді, тілек айтады».


Оқушылар бір біріне жылы лебіздер айтады.

Топқа бөлу

4 мин

Топқа бөлу.

4 топқа бөлу.


Үй тапсырмасын бекіту

5 мин

ІІ. Үй тапсырмасы.

Ой қозғау.

Жаңа сабақты бастамас бұрын алдыңғы сабақтың тақырыптары бойынша сұрақ-жауап аламын.

1.Білезіктің қандай түрлері бар?

2.Білезік қандай материалдардан жасалады?

Білезік жасаған кезде қандай материалдар мен құралдар

пайдаландық?

3.Қазақтың қандай алқаларын білесің?



Мағынаны тану


15 мин









Суреттер

жинағы.






Жұмыстың орындалу реті:










Мұғалім түсіндірмесі:

Жүзік — соғу, қалыптау, ширату , сәндеу арқылы жасалып, сәндік үшін саусаққа салынатын әшекейлі сақина. Палеолит дәуірінде сүйектен, неолит дәуірінде тастан, қола дәуірінде металдан жасалған. Ежелгі Египетте (Мысыр) мөрлі Жүзік салу кең таралып, оның көзінде оюлап салынған сурет не жазу болған; адамдар қол қою орнына мөрлі Жүзіктің таңбасын басқан. Мөрлі Жүзік бұдан кейін эгейліктерде, гректерде, этрустарда, римдіктерде де қолданылған. Мұндай Жүзіктердің көзіне көбінесе тас (гауhар, лағыл, жақұт, құбыл тас, т.б.) орнатылған. Қазіргі Қазақстан аумағында да Жүзік жасаудың ежелгі замандардан бастау алатынына олардың археол. қазбалардан табылған үлгілері дәлел бола алады.


  1. Фольгаға ұзындығы 8см, ені 1см жолақ сызып, ішіне өрнек сал.

  2. Салынған өрнек шетінен 5мм қалдырып, қиып ал.

  3. Сақинаның шетін қайырып, ішке қарай бүктеп, саусақ өлшеміне келтіріп ора.

  4. Фольга бетіне жүзік алақанын сызып, өрнектеп ал. Қайыру үшін қажетті тілкемдер және екі жолақ қалдыр. Өрнектің ортасына екі моншақ өткіз.

  5. Жүзік алақанының астыңғы жағына дөңгелек қатырғықағаз салып, тілкемдерін қайыр.

  6. Сақинаға жүзік алақанының екі шетіндегі жолақты қайырып бекіт.


Сақина мен жүзіктің айырмашылығы қандай?

Сақинаға тас қойылмайды және бауыры жүзікке қарағанда жалпақ болады екен.

Қол өнері қатты дамыған қазақ халқында жиһаздық бұйымдар мен зергерлік

заттардың, ұлттық киімдердің түрі көп. Әсіресе, қазақ зергерлерінің өте көп жасайтын әшекейлерінің бірі –сақина мен жүзік.

Сонымен…

Сақинаны сәнге салмайды…

Сақина – естелік, сыйлық, тіпті, мұралық белгі. Халқымызда қалыптасқан дәстүр бойынша, ас адал болуы үшін оны дайындайтын, дастарқанға қоятын, шай құйып беретін әйелдің саусағында міндетті түрде сақина болуы тиіс.

Сақина мен жүзіктің өзіне тән айырмашылықтары бар.

Мәселен, сақинаның бауыры жүзікке қарағанда жалпақтау келеді. Қазақтар ертеде құдағи, құстұмсық, құсмұрын жүзіктерді шебер зергерлерге арнайы жасататын болған.

Жүзік - сақинаға қарағанда нәзік, түрлі тастармен көз салып безендірілген сәндік бұйым, негізі көбіне әйел балаларына (қыздарға) арналып істеледі. Сақина алтыннан, күмістен түрлі формада саусаққа тағу үшін істелетін сәндік бұйым. Сақинаны ерлерде, әйелдер де кие береді.

Сергіту сәті

1 мин

Зергерлік бұйым түрлері көп

Бәрін біліп анықтаймыз.

Білезік салып өрнегін сызып,

Бейнелеуден жалықпаймыз.


Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

5 мин

Жүзік жасағанда моншақ түстерінің бір-біріне үйлесімділігін сақтау керек пе?


Ұсақ моншақтардан жүзік жасауға бола ма?

Үй тапсырмасы

1 мин

Жүзік жасап үйрену.

 Бағала

Оқушының орындалған жұмысына баға беру.

Кері байланыс

1 мин

Не үйрендік? Нені үйренгіміз келеді?

-стикерлерді смайликтердің астына жапсыра ды.

























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1086
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі