Психологиялық
ахуал
|
Психологиялық
дайындық
«Жүректен
- жүрекке» шеңбері
– Әрбір
еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды.
Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да,
қызғалдақ та, бәйшешек те – бәрі де
өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш
сыйлайды. Біздің
есіміміз де осындай керемет!
|
Оқушылар
шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге
бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Қызығушылықты
ояту
|
Жер
бетінде ең алғаш пайда болған
өсімдіктердің бірі – жүзім.
Оның жапырақтарының ізі мен дәндерінің
қалдықтары сонау бор
дәуірінің қазба жұмыстарының арасынан
табылған. Сондай деректерге қарап,
мыс және қола дәуірінде жүзімнің дәл
бүгінгідей өсіріле бастағанын
байқаймыз. Археологтар жүзім ұрықтарын
көбіне өзен маңындағы қоныстардан
кезіктірген екен.
Египеттіктер жүзім
өсіруді б.з.д 4000 жыл бұрын бастаған,
жүзім шағы олардан финдіктерге
жеткізіліп, кейіннен римдіктерге
тараған. Ғылыми деректерде римдіктердің
өз заманында жүзімнің 100-ге жуық түрін
өсіргендіктері туралы да аз айтылмайды.
Қазіргі
таңда жүзім ең
көп өсірілетін аймақ –
Кіші Азия. Жүзімнің шамамен он
мыңдай түрі кездеседі.
Жүзімнің
құрамында Р,
С, В1, В2, В6, Д, Е, РР дәрумендері, калий,
магний, кальций, фосфор, кобальт,
никель, титан, бор, алюминий, силиций,
йод, цинк, күкірт және маргенец секілді
микроэлементтер болса,піскен
жүзімнің 100
грамында 154 грамм карбондық гидрат, 1
грамм протеин, 1 грамм май, 21 грамм
фосфор, 0,6 мг темір, аз-аздан болса да
басқа да элементтер, түрлі дәрумендер,
су кездеседі екен.
Жүзім
құрамындағы магний адам
денесіне де, мидың
да тынығуына да
ерекше әсер етеді. Ол бауыр
ауруларын, қан аздықты (анемия)
емдеуде көп
қолданылады. Құрамындағы жеміс
қышқылдары(тартарик,
малик, суксиник, фумарик, пирувик,
гликолик қышқылдары) бүйрек пен ішек
жүйесінің жұмысын реттеуде, қанның
тазаруы мен майдың еруіне көмектеседі.
Дененің вирустарға қарсы тұруын да
күшейтеді.
Жоғары
калориялы болуымен
қатар құрамында өте аз мөлшерде май
мен протеин болғандықтан жүзім өте
тамаша қорекке жатады. Құрғақ жүзімде су
аз болатындықтан оның
калориясы өте жоғары әрі темір мен
кальцийге өте бай.
Жүзім
адамның иммунитетін күшейтеді, жүйкені
тыныштандырып, терінің түлеуін арттыра
түседі. Ол сондай-ақ аллергия
мен буындарда тұз жиналуының алдын
алуда таптырмайтын жеміс. Жүзімнің
құрамындағы табиғи
фруктоза денедегі
жұмсалатын қуаттың аз уақытта қайта
қалпына келуін қамтамасыз етеді.
Түстен кейін қос уыс жүзім немесе
жүзімнің бір кесе таза сығынды шырынын
ішу денеге де, ми жасушаларына да өте
пайдалы.
|