Материалдар / «Жыл басы - Наурыз» тәрбие сағаты

«Жыл басы - Наурыз» тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
22 наурыз–Наурыз мейрамына орай «Жыл басы - Наурыз» атты тәрбие сағатына ҚМЖ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Маусым 2024
117
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Ақтөбе қаласының № 8 орта мектебі




Shape1 Shape2

Тәрбие сағатының тақырыбы: 22 наурыз–Наурыз мейрамы.

«Жыл басы - Наурыз»

Класы: 6 “Ә” класс

Өткізген оқытушы: Альсуйеуова Г.С.

Өткізген күні: 18.03.2024 ж










Ақтөбе қаласы- 2024 жыл


Бекітемін: _________________

Сынып жетекшінің аты-жөні

Альсуйеуова Г.С.

Күні:

18.03.2024

Сынып: 6«Ә»

Қатысушылар саны:27

Қатыспағандар саны:0

Сынып сағатының тақырыбы

22 наурыз–Наурыз мейрамы

«Жыл басы - Наурыз»

Тәрбие жұмысының бағыты

Құндылықтар: талап, ар-ұят, ұлттық мүдде (отан)

Мақсаты

Оқушыларға Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Мерекелік, танымдық сабағы


Тәрбие сағатының барысы


Барысы


Тәрбие сағатындағы орындалуы тиіс іс-әрекеттер


Ресурстар




Кіріспе бөлім

10 мин.






Ұйымдастыру кезеңі

1.Психологиялық дайындық.

2. Оқушылар назарын сабаққа аудару. Топқа бөлу.


Мұғалім:. Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Яғни бұл күн біздің ата - бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы мерекесі.
Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Адамдар үйлерінде дастархан жайады. Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады. Наурыз тойы құтты болсын!
Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын!

Слайд көрсетіледі.


Интерактивті тақта, презентация, оқулық.



Наурыз мейрамы туралы бейнеролигі

https://youtu.be/_bnsIvzm3m0?si=IOFmKkcYEc6qzLPe





Негізгі бөлім

25 мин.


Жүргізуші: Қайырлы күн, мейрамға жиналған барша қауым. Бүгінгі Ұлыстың ұлы күні - ата - баба сөзімен айтқанда ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы - бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн. Бұл мейрам 22 наурыздан 19 сәуірге дейін тойланатын ұзақ мейрам. Көктем мен Жаңа күн мерекесі.


Наурызым қайта оралды аты аңыз,
Сұраймыз алғыс та біз, ақы да біз.
Үй - дастархан, даламыз сахнамыз,
Ұлы мейрам Наурызға шақырамыз!

Көктем жетті көл - көсір шуақ құрып,
Қыс та ұзап барады жылап тұрып.
Шатырында үйлердің Наурыз да жүр,
Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.

Олай болса, бүгінгі «Қош келдің, Наурыз!» атты әнімізден шашу ретінде шашайық!


«Жыл басы -Наурыз!». Слайд көрсетіледі.


Жүргізуші:
Шашу, шашу көп шашайық шашуды
Жауғандай көк аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат жинап ал несібеңді,
Ризығың бола берсін көл - көсір! ШАШУ ШАШЫЛАДЫ.
Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар,
Ұлы кісіден бата алса,
Сонда олжалы жол болар.
- деп бүгінгі жаңа жылымызда Қыдыр атадан бата сұрайық.
І. Наурыздағы бата- тілек.

Қыдыр ата Наурыз батасын береді.
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын.
Ұлыстың ұлы күніңде,
Ұлын оңға қонсын,

Менің берген бұл батам,
Алланың құлағына шалынсын!
Әумин! 


«22 Наурыз - Ұлыстың ұлы күні». Слайд көрсетіледі.


Жүргізуші:  
Наурызым міне келді жайраңдаған,
Ынтымақ пен достық бір сайраңдаған
Мол дастархан ақ ниет ырыс толған,
Көктемнің бұл күніне қайран қалам.

ІІ. Келесі кезекте «Сен білесің бе?» Наурыз мейрамына байланысты сұрақтар

1.Қазақ халқы наурызды қашан қарсы алады?(Наурыздың 22-сі күні таңғы сағат үште)2.Халықтың түсінігі бойынша наурыздың 22-сіне қараған түні даланы кім аралайды?(Қызыр)

3.Не себепті таза киініп, үйді таза ұстайды ? ( « Жаңа жыл мұнтаздай таза үйге кірсе , ол үй ауру- сырқаудан, пәле- жаладан аман болады» ). деген сенімге байланысты.

4.Ыдыс атаулыны толтырып қою себебі не ? ( Ыдыс мол болсын деген ұғымға байланысты ).

5.«Ұйқыашар» деген не? ( Бойжеткендердің өзі ұнатқан жігіттеріне арнап соғымның етін уызға салып пісірген тағамы.)

6.« Селт өткізер», « дір еткізер» деген не? ( Жігіттердің қыздарға арнаған сыйлықтары).

7.Ұлыс күні қар не жаңбыр жауса , неге жарыған ? ( Нұр жауды, « туар жыл жақсы болды» ) деп қуанған.

8.Қос қолдап амандасып, тос соғыстырудың қандай мәні бар ?

( « Өмір тірегім – төсім , тіршілік көзім  екі қолым  аман –сау болсын !» ) дегенді білдіреді.9.Отпен аластау себебі не ? ( От киелі сондықтан «алыс-алыс пәледен қалас !» деп айналысты отпен  аластап, тазалайды.

10.Наурыз көже неше түрлі тағамнан жасалады ? оларды атаңдар .7 .( соғымнан қалған  сүр ет , сүт . езілген құрт, бидай, пияз, сәбіз, қойдың басы) .

11.Наурыз тілек – Наурыз күнгі амандасу, бата тілек айту.

12.Наурыз төл – Наурыз айында туған төл . төл басы деп аталады.

13.Наурызша — Наурызда түскен қырбақ. Қарайған жерді жасыра алмай  қыраулап  жауған жұқа қар .


«Наурыздағы салт - дәстүрлер». Слайд көрсетіледі.














Наурыз мейрамындағы салт-дәстүрлер туралы бейнеролигі


https://youtu.be/SytzuvONJE8?si=hJGPRXglKY9hGHVC





















Наурыз мейрамындағы салт-дәстүрлер туралы бейнеролигі

https://youtu.be/9V7ldP0ypkI?si=YAc9nuF0fawFlDId




Қорытынды

10 мин


Рефлексия. «Ашық сауал».

Наурыз құтты болсын!

Дендеріміз сау, мықты болсын!

Наурыз тойы келе берсін!

Барлық халық бақытты болсын!


Қорытындылау: Бүгін Ұлыстың ұлы күні.

Ақ түйенің қарыны жарылған күн. Наурыз күн мен түннің теңелер мезгілі. Қар еріп, жер жүзі көктеп, көгеріп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасаратын шақ. Бұл аталарымыз бен әжелеріміз үй-үйді аралап, Наурыз көжеден дәм тататын күн.


Shape3

Shape5

Shape4





Shape6


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ