2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / "Жыл басы- Наурыз!" Мерекелік іс-шара

"Жыл басы- Наурыз!" Мерекелік іс-шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Жыл басы- Наурыз туралы ашық сабақ
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тақырыбы: «Жыл басы - Наурыз!»

Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы түсінік беру.
Балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу.
Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
(Ән залы салт –дәстүрге байланысты жабдықталады.Балалар ұлттық киімдерімен келеді.)
«
Наурыз құтты болсын!»
«Жыл басы - наурыз!»
«
Наурыз құт әкелсін!»
«Құт береке 
мейрамы Наурыз жасасын!»
Залда әсем әуен ойнап тұрады.
Тәрбиеші: Армысызд
ар құрметті қонақтар. Ұлыс күндеріңіз құтты
болсын!
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы сүйген 
мейрамды
Қарсы алайық 
Наурызды!
(Әжесі мен 
Наурыз қыз ортаға келеді. Әжесі шашу шашады)
Наурыз қыз:
Наурыз тойы-береке,
Наурыз тойы-жыр аңыз.
Қызып дулы мереке
Қызық думан құрамыз.

1 бала: Қош келіпсің 
Наурыз!
Арман тойы халықтың.
Қуанышы халықтың,
Құтты болсын қадамың!

2 бала: Би биледік бәріміз!
Егін өңін толқытқан,
Елдің көңілін шалқытқан.
Бас иеміз- 
Наурыз!

3 бала : Сені тойлап қарсы алып,
Бар әлемге жар салып,
Сәлем бердік, біз сізге!

Жүргізуші:
Құрметті қонақтар, сіздерге арналған бақша бүлдіршіндерінің «Алтын сақа » ертегісінің желісімен қойылған «Жыл басы- 
Наурыз» атты ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз.
Көрініс.
(Шал қолында қамшысы бар, қой жайып жүреді)
Шал: Шек, шеку , ей кебенек! Мына ешкілер әбден мазамды алды. «Қой бақтым қоңырау тақтым, ешкі бақтым еңіреп бақтым » деген осы екен ғой. Уһ, әбден шаршадым, дем алайыншы,- деп малдас құрып отыра кетеді.Сол кезде артынан Мыстан кемпір келіп шалды қылқындыра бастайды.
Мыстан: Уһ, бәлем қолыма түстің бе?
Шал: Ойбай, ойбай жіберші, қылқынып барамын.
Мыстан: Сен маған не бересің?
Шал: Бір отар қой беремін.
Мыстан: Жоқ маған қой керек емес, балаңды бер әйтпесе жібермеймін.
Шал: Жәрәйді, жалғыз Кенжебек деген ұлым бар еді , соны ал.
Мыстан: Онда келісімін, оны қалай бересің?
Шал: Баламның жақсы көретін алтын сақасы бар , соны саған беріп кетейін, балам алтын сақасын іздеп келгенде өзің ұстап ал.
- Міне, алтын сақа,- деп қалтасынан алтын сақасын алып береді де өзі кетіп қалады.
Мыстан алтын сақаның жанында отырады.
( Бала сақасын іздеп шығады)
Бала: Апа, апа анау сақамды алып беріңізші?
Мыстан: Ой, мен отырсам тұра алмаймын, тұрсам отыра алмаймын, өзің ал.
Бала еңкейіп сақаны ала бергенде мыстан оны шап беріп ұстап алады. Осы кезде қыздар Кенжебекті іздеп шығады.
Қыздар: Кенжебек, Кенжебек, қайдасың? Біз сені іздеп жүрміз.
Осы кезде ортаға Мыстан атын шығып, қыздарды қорқытады. Қыздар қорқып бірінің артына бірі тығылады.
Мыстан: Сендерге Кенжебек керек болса , менің шартымды орындаңдар.
Қыздар: Орындаймыз, апа орындаймыз.
Мыстан: Онда маған 
Наурыз туралы тақтақ айтып беріңдер.
(Балалар 
Наурызға байланысты жаттаған тақпақтарын айтады)
Мыстан: Жарайсыңдар!
Қыздар: Апа ,енді Кенжебекті жібересіз бе?
Мыстан: Жоқ, маған енді өнерлеріңді көрсетіңдер
( Балалар 
Наурызға арналған ән, билерін ортаға салады)
Мыстан: Ой, рахмет, көңілім көтеріліп қалды ғой.
Қыздар: Енді, жібересіз бе?

Мыстан: Жоқ, менің енді айтыс тыңдағым келіп отыр. Ақындарың бар ма?
( Айтыс өнерін көрсетеді)
Мыстан: Өй, сендерде ақындарда бар екен ғой.
Қыздар: Кенжебекті енді жібересіз бе?
Мыстан: Жібермеймін, (ойланып тұрып) қане ұлдарыңның күшін сынып көрейінші( белінен арқан шешіп береді)
Ұлттық ойындар ойналады.
Мыстан: Қандай күшті балалар. Бірақ мен Кенжебекті жібере алмаймын, менің қарным ашты.
(Қыздар жиналып ақылдасады)
Қыздыр: Апа, мынау ұялы телефон , мұнымен барлық жермен сөйлесе
аласың,өлең тыңдайсың, ойын ойнайсың, суретке түсесің.
Мыстан: Қане, әенл бері көрейін.
Мыстан телефонды алып бұрышқа қарай барғанда қыздар Кенжебекті алып шығып кетеді.
Мыстан: Әй,әй тоқтаңдар..
- Алло, Таусоғар, Желаяқ ұстаңдар аналарды!
Тәрбиеші: Мына атпен шауып келе жатқан батыр кім болда екен?
( Тақтақтатып Махамбет келеді)
Махамбет: Мына халық не үшін жиналған?Ел басына тағы қандай күн туды
деп ат басын бұрып едім.
Тәрбиеші: Дұрыс жасағансыз батыр. Бізде 
Наурыз мерекесі өтіп жатыр.
Төрге шығып тойымыздың қадірлі қонағы болыңыз.
- Балалар Бұл кісі Махамбет батыр , өзі ақын, ел басына небір ауыр күн туғанда ел қорғаған батыр ағамыз осы кісі.

Тәрбиеші: балалар бүгінгі 
мейрамға бізге бата беруге арнайы Қыдыр атамыз да келіпті. Келіңіз, ата төрлетіңіз. Қызыр ата батасын береді.

Тәрбиеші: 
Наурыз құтты болсын!
Дендеріміз сау, мықты болсын!
Наурыз тойы келе берсін!
Барлық халық бақытты болсын,
Қош ,сау болыңыздар, халайық!
Көріскенші күн жарық болсын!

Барлықтарыңызды 
Наурыз дастарханына шақырамыз. Көжеден дәм татыңыздар.































50 «Балдәурен» бөбекжай-бақшасы







«Жыл басы – Наурыз!»

Кіші топ «Балапан»





Тәрбиешілер: Н.Сисенова

А.Дауренбекова

Музыка жетекшісі: М.Момбаева





















2024-2025 оқу жылы





















28 Наурыз 2025
52
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі